Жарияланымдар

Сиам егіздері

Бүгінде «сиам егіздері» дегеннің кімдер екенін көп адамға түсіндіріп айтудың да қажеті шамалы. Бұл жайлы инет бетін ақтарсаңыз түрлі мәліметтерге тап боласыз. Біздің қазақ тілді баспасөз бұл жайлы қашан жазды деп ойлайсыздар. Біреулеріңіз соғыстан соң, біреулеріңіз тәуелсіздіктен соң деп ойлауларыңыз да мүмкін. Бірақ, бұндай мәліметтер тұңғыш рет «Түркістан уәлияты» газетінің 1871-ші жылғы 30-шы маусым күнгі нөмірінде жарияланған екен. Белгісіз автор 1811-ші жылы Сиам қаласында дүниеге келген Чанг пен Энг жайлы(аттарын көрсетпеген екен) жазып өтеді. Мәліметтерді жүрдім — баодым бере салмай екеуінің кейінгі өмірлеріне де шолу жасап, олардың 20 жастарында палысіңлі қыздарға үйленіп 24 бала сүйгенін, олардың 5-уі шетінеп, он тоғызының тірі екенін де жаза кетеді. Жастары келген соң дәрігерге барып ота жасауын өтінгендіктерін, бірақ өмірлеріне қауіп төніп тұрған соң ота жасалмағанын да айтып өтеді. 1871-ші жылы осынша жазылғанда біздің қазіргі кезімізде бұл тақырыпқа кеңінен тоқталмасақ ұятты болып қалармыз. Сонымен…
Әрі қарай

Тарихи кино түсірем деушілерге

Қазақтың әргі-бергі тарихынан өз орнын ойып алатын сәттердің бірі Жоңғар-қалмақтармен соғысқан кезеңдер. Отандық киноөндірушілер жұрттан қалыспас үшін тәуелсіздік алғалы бері бұл тақырыпта да камера тербеп көрген. Олар өздеріңіз білетін «Көшпенділер» мен «Жаужүрек мыңбала». «Көш жүре түзеледі» деген осындайда айтылса керекті. Соңғысы алғашқыға қарағанда сәтті әрі табыстырақ болып шықты.Рухтанамын деген адам «Көшпенділерден» де өзіне қажеттіні ала алар бәлкім?! Бірақ, барлығының шынайырақ болғанына не жетсін? Дегенмен тарихи киноларды түсіргенде тарихтан көп ауытқымаған да жақсы. Тартымды етіп түсіре алсаң бұл кинолардың жұртқа берер әсері мол. Білгіштердің айтуынша біздің телеарналарды жаулап алған кәрістің тарихи сериалдарының 50 пайызы өтіріктен құралған дейді.Бірақ біз көріп отырып сенеміз, себебі шынайы.Кәрістердің сол заманда атқа мінген, мінбегені де көріп отырған көрермен үшін маңызды емес.

Енді, негізгі айтпағыма келсем. Тарихи оқиғаларға сүйенген фильмдер түсіріле беруі керек. Тарихтағы кішкене оқиғалардың өзінен үлкен фильм жасап шығаруға болатын секілді. Кейде кішкене оқиғалардың өзінің ауқымының үлкейіп кететіні тағы бар.
Әрі қарай

Меңдуана

Бұрындары, мектеп оқып жүрген жылдары, жетінші не сегізінші кластың (менің мектептік жылдарымның көбі «класс» кезінде өткендіктен осыны пайдаланамын)биологиясының артынан-ау деймін «Марихуана-кәдімгі меңдуана» деген аударманы оқыған едім. Кейініректе басқа бір сөздіктерден «Меңдуана-белени» дегенді оқыдым.
Жарайды, не болса ол болсын орысшасы.Біздің халқымызда «меңдуана шайнағанбысың?» деген тіркес бар. Миға кірмейтін іс-әрекеттер мен сөздерді айтқан жанға қаратыла айтылады. Пушкин ертегісіндегі шал да кемпіріне «Ты что баба, белени обьелась?!» дейтіні де осындай жағдайдан соң ғой.
Менің айтпағым мынау негізі. Биыл біздің Майқұдықта осы кәдімгі меңдуаналарыңыз көптеп өсуде.Паркте, жолдың шеттерінде дегендей.Осы шөп арқылы ақша жасаудың жолдарын кім біледі?!
Суретке төте сілтеме
Әрі қарай

"ОккупайАбайлықтар" Қарағандыда

Бастауын Ресейдің Москва қаласынан алған «ОккупайАбай» қозғалысының көлемі осылайша үлкейіп кетерін басында ешкімде білмеген шығар?! Ресейдегі сайлаудың нәтижесіне көңілі толмаған қарағандылық орыс жастар наразылық шарасы ретінде 18-ші мамыр күні Абай ескерткішінің жанына жиналып, соткаларынан музыка тыңдады.

Баскесер

Біздің балалығымыздың басы Кеңес өкіметінің соңғы жылдарымен тұспа-тұс келді. Ендеше жоқшылық дегенді тәуелсіз Қазақстан болған кезімізде көрдім деп батыл айта аламын. Біз ержеткенге дейін тамақты картішкемен, талонмен алды ма шаруам жоқ. Бірақ 90-шы жылға дейін ел мамыражай тірлік кешкен секілді болып көрінеді.«Мамыражай емес,»Желтоқсанды"қайда қоясың?" демей-ақ қойыңыздар. Менің әңгімемнің бағытының саясатқа қатысы жоқ. Ауылда ол кездерде қылмыс атаулы көп болмайтын.Қазіргідей бір ауылдың жігіті,өз ауылының қызын зорлау дегенді ол кезде естімейсіз. Бірді айтып екіге кетпей-ақ қояйын.

Ауылдың тірлігі көбімізге белгілі. Бала біз үшін ең тәтті сусын лимонад еді ол кезде. сосын аңда саңда жейтін бөлке нанда тәтті болып көрінетін. Ауылда табаға піскен нанды жейміз ғой көбіне. Дегенмен ол кезде ауылдағылардың барлығы дерлік нанды өздері пісірмеуші еді.Ауылымыздағы жалғыз дүкенге ауданна әкелінетін бөлке нандар түсетін. Нанды бізбен көрші тұратын Мәдина атты әженің (ауылдың барлығы ол кісіні Мәдина апа деп атайтын) аудандағы Жетпісбай деген ұлы таситын. Сағат он екіде дүкенге нан келеді. Біздің ауыл шашыраңқырап жатыр.көп бөлігі таудың(Төбелерді тау деседі біздің ел/Табыл Досымов/)арғы бетінде, мына жақ мүйісінде 14 үй тұрамыз.Дегенмен, ауданнан келетін жол біздің жақты бірінші басып өтетін. Кей күндері 12-ге 15 минут қалғанда мамам (әжемді «мама» деймін әлі күнге)мені «хлебовозды» күтуге жұмсайды. Үйден 100 метрдей жерден өтетін грейдер жақа жүгіремін күшігімді ертіп алып. Мені көрген Жетпісбай машинасын тоқтатып,қолыма екі нан ұстататын. Кейде ақшасын мен береді, кейде үйге келгенде ала салатын. "Қымыз бар ма?" сұрайтыны осы? Мен басымды изеймін,"Қайтарда соғамын". Содан 12 жарымға қарай Жетпісбай біздің үйдің жанына қайтып келеді.Атаммен әңгімелеседі, қымыз ішеді. Біздің үйден киік еті үзілмейтін ол кезде. Аузының салымы ма,әлде соны әдейі есептей ме 1-ге қарай тамақ ішеміз.Киіктің еті қосылған қуырдақты жеп алып бірақ кететін. Жетпісбайдың қызық әдеті бар еді. Ауыл деген белгілі ғой. «Кухня» деп аталатын жазғы үйде отырамыз.Есігі шай ішкенде ашық тұрады. Қара шыбындардың бірі стөлден ұшып, енді бірі қонып жатады. Жетпісбай қымыз ішсе де, шай ішсе де бір қолына пышақ ұстап отыратын. Қонған шыбындардың басын «лып» еткізіп шауып тастайтын.Кейбірі сол жерде өледі, кейбірі бассыз ұшып кететін…
Әрі қарай

Гиппократтан сұрақ

Сен жедел жәрдем қызметкерісің. Шұғыл бір науқасқа шақырту алдың. Белгіленген жерге жетпей жолай есінен танып жатқан (биш емес, норма киінген адам, мейлі екіқабат әйел обшым сондай мүскін жан)адамды көрдің. Қайсысына көмектесесің?
Әрі қарай

Сырлы аяқ...


Осыбір кемпірдің осыбір әнін ұнатамын неге екенін. Қарағандыда бір концертте бір әнші осы әнді орындаған еді. содан инетен іздеп тапқанмын. Өзіме ұнайды әйтеуір. БАсқа әндері де тамаша.Бірақ, сол кездегі көңілімді осы ән тап басқан болатын.
Әрі қарай

Сақаулардан жалықтым...

Қатты сақауланбасада «ыс-ыс» деп сөйлейтін сақаулар радио мен телевизия саласында кездесіп жатады. Өзіміздің "Қазақстан-Қарағанды" арнасында бар сондай біреу. Шаршайсың көріп отырып. "Ң" мен «Н» ді шатыстыратындар және бар. Қарағандыда бір күй кеші өтті ана жолы. Соны бір сақау ақын жүргізді «Бүгінгі қоныр күй кешіне келіп отырған...» деп кештің кәйібін бұзды. атын Айтпайм деп отырып айтып қоя жаздадым ғой ақынның…
содан кейін Ұлықпан Жолдасовтың сақау қызына жыным ұстайды. Әрине, менікі дұрыс емес кемсітіп тұрғандаймын. Бірақ, көрерменді де аяу керек қой. Ұлықпанға айтар әңгімем жоқ,әндері мықты, көптің құлағында жүр дегендей. Қызының бала кезіндегісі кешірімді, кейін жоқ болып кеткенде"Ұялған болар, тілі жағынан" деп ойлап ем, кейінгі кезде жиі көрсетіліп кетті…
Әрі қарай