Жарияланымдар

Сағындым сені ауылым.

Сағындым сені
Дәстүрдің кені
Ұшырған мені
Шалғайда жатқан ауылым.
Күш берген демі
Жанымның емі
Арманым еді
Өзіңе бір баруым.

Құмыңда ойнап
Суыңда бойлап
Өтті ғой қайнап
Балалықтың бал кезі.
Көк шықса жайнап
Ағаш атты сайлап
Үйге кірмей айлап
Қызықты еді-ау жаз кезі.

Жалаңаяқ жаңбырда
Шапқылап әр қырға
Бөлеген бір нұрға
Қасиетің бар асылдай.
Әжемнің құртында
Салыпап ұртыма
Қызыққа ұмтыла
Жүрген бір кездерай.

Шырайлы таңдары
Көшенің шаңдары
Бәрінде еске алып,
Мұңайып күлгенім.
Қалада мынау
Көңілде қырау
Жолымда тұсау
Жеталмай саған жүргенім.

Аңсатқан мекен
Қымбатсың неткен
Нәр алған екем
Сендегі тұнық қайнардан.
Болсада тұрақ
Жүрсемде жырақ
Екемғой бірақ
МӘҢГІЛІК САҒАН БАЙЛАНҒАН!

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Лекцияда.....

Қызық екен өмірдің мынау ағымдары,
Алдымнан қолын бұлғап бақытымның сағымдары,
Физматтың лектің залына асығамын,
Оқитын корпусымның жанындағы.

Қызғалдақ гүл жаңа ашылған көктемдегі,
Мөлдір бұлақ сылдырап аққан өткелдегі,
Айналаға көрік беріп нұрландырып
Аппақ гүлім жалғыз өскен көк белдегі.

Айта берсең жақсы теңеу қыз дегенге
Сұраған бола бермес іздегенге,
Махаббат айдынында шаршамастан
Табысар аққулар үмітін үзбегенде.

Ғашықтық сезім деген оянғанда,
Тұла бойды нәзік сезім ой алғанда,
Сен кіріп түстеріме оянамын,
Түн болып айнала қараңғыға боянғанда.

Ұйқысыздық мазасыздық түнгі менің қонақтарым,
Ойыма басқа жанды жолатпадым.
Қиялмен сырласқан түндерімнің тұңғиығында
Сан – саққа арман болып қонақтадым.

Таң атып қызыл арай көрінгенде,
Шуақ шашып күн сәулесі төгілгенде,
Тағыда физмат жақа асығамын,
Қолыма қалам алып қиялым бір арнаға өрілгенде.

Ой санамды бірақ сәтте ұрладыңда,
Шығып ап түсе алмай толғаныстың шыңдарында
Келемін тағдыр атты теңіздің кемесінде,
Ақ-адал махаббатқа жету жолының елесінде…

Бұл бірінші курста болатын артынан ол қызды саябақта сүйіктісімен отырған бақытты кезін көргенімде жалындап тұрған махаббатым су сепкендей басылды… Неде болса бақытты болсын басқа айтарым жоқ!!!

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік таңы атқан арайлы
Болашаққа нық сеніммен қарайды.
Желбіреді тек биікте жалауы,
Сөнбей жанып еркіндіктің алауы.

Қылшылдаған боз баланың жасындай
Аз мерзімде ірге тасы қаланыпты.
Бүкіл әлем мойындап қазақ елін,
Дамыған елдердің қатарынан саналыпты.

Астанасы аз уақытта бой түзеп,
Көк тіреген ғимараттар әдемі.
Осы жерден табылар-ау сұлулық
Әсемдіктің, кереметтің әлемі.

Ұлт аралық татулыққа ту тіккен,
Жарасыпты жұлдызымыз өзге ұлтпен.
Ынтымақпен сыйластықтың мекені,
Әлемге аян Қазақстан екені.

Сәтін салып, айы туып оңынан,
Қазақстан көшті бастап жолынан.
Халықаралық ұйымдарды басқару,
Келе бермес әр мемлекеттің қолынан.

Елімізде барлық бақыт тоғысқан,
Бақыттың білмес бағасында кей адам,
Назарбаевтай көшбасшыны бұйыртқан,
Мың тәуба жаратқанға дей алам.

Қазақстан жиырма жаста бүгінде,
Алып қыран самғап ұшқан көгінде.
Бейнесімен қайраттанған барыстың,
Бейбітшілік бастау алған жерінде.

Туған елім арта берсін ырысың,
Түзу болсын тіршілікпен тынысың.
Жүрегінде жұдырықтай әр қазақтың,
ТЕК СЕН ҒАНА, ТЕК СЕН ҒАНА ҰЛЫСЫҢ!!!

Марат Нигметжанов.
Әрі қарай

Күзгі көңіл-күй

Күздің қоңыр салқыны мен ызғары
Тоңазытып соққан желі ызғарлы.
Жаздан қалған жадыраған көңілді
Құлазытты таңғы қырау, мұздары.

Қою бұлты торлап алып қас-қағым,
Жаңбыры да көз жасындай аспанның.
«Бар ма екен — деп қарап тұрам ойланып,-
Күзден артық табиғатта асқан мұң?!»

Өткен шақтың кей тұстарын сағынып,
Бақ ішінде отырмын мен жабығып.
Сыбдырлаған жапырақтың мұңлы әні,
Жүрегімді жұбатардай жалынып.

Жасыл желек қурап жатыр, жер түлеп,
Жылы жаққа құстар ұшты тентіреп.
Арманымды ала ұшқан құстарға,
Отыр екем сәтті сапар мен тілеп.

Күн сәулесі әлсіз түсіп жүзіме,
Жетпегендей жол ортадан үзіле.
Өтіп жатыр күзгі бақпен сырласып,
Біраз жайттар ой електен сүзіле.

Өткен күзбен осы күздің арасы,
Қас-қағымда көрген түстей қарашы.
Сынаптайын сырғып өткен уақытқа,
Бағынышты екен адам баласы…

Марат Нигметжанов
Әрі қарай