1+1 фильміне резенция

«Арнайы „Үздік кино сыншысы“ байқауы үшін»

1+1 (фр.Intouchables) 2011 жылы прокатқа шыққан, сценарий желісі шынайы өмірден алынған оқиғалардан тұрады.
Фильмнің қысқаша мазмұны.Филипп- парапланмен ұшу кезінде, қайғылы жағдайға ұшыраған, арбаға таңылған науқас. Филипп-ақсүйек, өнерді, кітапты жақсы көреді және классикалық музыканы сүйіп тыңдайды.Жас кезінде әйелінен айырылған.Филиппке қарайтын күтушілер ,әдетте, көп уақытқа шыдамайтын.Кезекті арнайы күтушілерді таңдау кезінде, Филипптің таңдауы Дрисске түседі. Дрисс- түбі сенегалдық, криманалды оқиғаларға қатысы бар, тіпті түрмеге де отырып шыққан, нашаға әуес дөрекі көше жігіті.Бірақ осындай оқиғаларға қарамастан, Филипп пен Дрисс арасында достық пайда болып, қызықты оқиғаларды бастан кешеді.

Кейіпкерлерді талдау.

Филипп пен Дрисс әлеуметтік-тұрмыстық, мәдениеті, білімі жағынан бір-біріне қарама-қайшы кейіпкерлер.Филипп-жалғыздықтан жапа шеккен, ішкі дүниесі алай-дүлей арпалысқа толы кейіпкер.Өмірдегі бар қуанышы өнер мен мәдениет.
Қарғыс атқан мүгедек қайда © Дрисс
Неге Филиптің таңдауы Дрисске түсті?
Арнайы күтушіге үміткерлер арасында психологтар, өз ісіне жауапты, білімді, тіпті алғашқы медицина курсын бітіргендер де болды.Бірақ таңдау қара жігітке түсті.Сұрақтың жауабын іздеп көрейік: Дрисс Филиппке аяушылық танытпауы.Мүгедек ретінде мүсіркемеді.Әрине мүгедек науқасқа аяушылық сезімі болмау мүмкін емес.Бұл жерде Дрисс аяушылық сезімін жасыра білді.
Тіпті фильмдегі мына үзінді дәлел:
-Бұл жігітте аяушылық сезімінің бір тамшысы жоқ, күтуші ғып бекер алғансыз.
— Ал мені аяудың кажеті жоқ, адамдардың мүсіркеуінен шаршадым, түсіне аласың ба?
Блог - AzamatToyshybek: 1+1 фильміне резенция

Мені таңқалдырғаны, Дрисстің үй қызметкерлерінен бастап, хатшы қызға дейін, тіпті асыранды байдың ерке қызына дейін, тіл табысып кетуі, сырт көзге дөрекі, бұзақы болып көрінгенімен, жүрегінде бір мейірім бар екені көрініп тұрады.

Актерлік шеберлік

Франсуа Клюзенің актерлік шеберлігіне күмен келтіре алмаймыз.Кейіпкердің образын жақсы аша білді, эмоциясын ішкі дүниесін көременге жеткізе білді.Түсірілім алдында актер өмірдегі кейіпкер Филипп Поццо Ди Барго бірнеше рет кездесіпті.Бірнеше уақыт ішінде актер кейіпкердің қозғалу, сөйлеу тыныс алу мәнерін байқап, дайындалыпты.Омар Си да жас болғанына қарамастан, тәжірбиелі әріптесінің көлеңкесінде қалған жоқ.Тіпті салыстырмалы түрде айтсақ кейбір эпизодтарда мысы басым түсті. Дуэт ретінде Франсуа Клюзе мен Омар Си тамаша жұмыс жасады.Бұл актерлер болмағанда, бәлкім фильм сәтті болмас па еді…

Режиссерлік жұмыс және сценарий

Оливье Накаш және Эрик Толедано драманы комедияға айналдыра білді.Режиссерлер көрермендерге тек қана күлкі сыйлаған жоқ, адамға ой салатын әдемі афоризмдерді ұтымды пайдалана білді.Бұл жердегі әзілдер Голливудтың анайы, дөрекі немесе өтірік шытырманға толы комедияларынан мың есе артық.

Саундтрек және музыка

Фильм басталғаннан адамның көңілін баурап алатын әуен ойналады.Классикалық музыкамен заманауи музыка бірін-бірі толтырып әдемі байланысқа түсті.Бірде көңілін құлазып, бірде алға жетелейді.Композитор Людовик Эйнауди шеберлігімен таныла білді және Fly,Una Mattina әуендері көрермендер көңілінен шықты.

Фильмнің көрерменге берері:

Бұлтты күннен кейін шуақты күн бар.Фильм бізге оптимистік ойлар сыйлайды, ерекше күш береді.Өмірде жақын адамдардың тым қымбат екенін түсінесін. Бір өзгеше сезімге бөленесің өмірдің қымбат екенін түсінесін.Кейде қаншама досың немесе көрікті жұбың болса да жалғыздықты сезінеміз.Жалғыздықтан қорқамыз. Атақ, байлық, махаббат қуған мына заманда достық кейде, екінші планда қалып койып жатады.Кейде достықты бір мүдде үшін пайдаланып жатамыз.Ең жақын деген досымызға сырымызды бөлісе алмаймыз. Фильмде адал достықтың барын көрсетті, бізге бір жақсы ой салды.Бейтаныс жанның да бізге жақын адам болуы мүмкінін көрсетті.Абдель Селла мен Филипп Поццо Ди Баргоның өмірін бізге қандай болғанын көрсетті.Фильм жоғары бағаға лайық.
Әрі қарай