«НАГРАДТАУДАН» кейінгі ой

Блог - inzhu: «НАГРАДТАУДАН» кейінгі ойТілге байланысты әңгіме туындағанда, «қазақ тілінде сөйлеу керек» деп шаба жөнелеміз. «Қазақ тілінде сөйлеу» деген сөздің мағынасын қалай түсінуге болады? «Ручка беріп жіберші, ачкиім қалай?» деген қазақ тілінде ме? Жалпы, қазіргі біз сөйлеп жүрген қазақ тілінің деңгейі қандай немесе қағаз бен теледидардағы қазақ тілінің көшедегі қазақ тілінен айырмашылығы жер мен көктей деп ойламайсыз ба?
Осы сұрақтарға жауап табу үшін, тілдің даму процесі туралы біліп алуды жөн көрдім. Мысалы, америкалық ағылшын тілі қалай және қанша уақытта пайда болды?
Сонымен XVII –XVIII ғасырларда ағылшын тілі британдық шаруалармен және ірілі-ұсақты буржуазия өкілдерімен бірге мұхит асып, жаңадан ашылған құрлыққа келеді. Ол кезде ағылшындардан басқа испандарды, француздарды, немістерді, голландтарды, норвегтерді және т.б. кездестіруге болатын еді. Одан қалса, ағылшын тілінің әлеуметтік топтардағы ерекшеліктерін айта кету керек.
Жаңа құрлық, жаңа табиғат, жаңа климат, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлар дегендей. Жерді игеру, құрылыс жүргізу, өндіріс салу сияқты шаруалар жеке-дара істеуге келмейтінін ескерсек, ортақ тілдің қажеттілігін тудырады. Не керек, ағылшындардың басымдығына орай, ағылшын тілі негізге тіл ретінде алынады (1), оған басқа тілдерден қажетті сөздер енгізіледі (2), басқа халықтар ағылшын тілін түпнұсқадағыдай айта алмағандықтан, өзіндік акцент пайда болады (3). Осылайша, «бар болғаны» бір-екі ғасырда жаңа тіл пайда болады.
Ал қазақ тілінің болашағы қандай деп ойлайсыз? Үш тұғырлы тіл саясатының арқасында біраз уақыттан соң үш тілдің қоспасынан ЖАҢА ТІЛ пайда болуы мүмкін бе?
Әрі қарай