Ел ертеңін бірге қамтамасыз етейік!

Күніне неше адам түрлі қылмыс жасайды? Жұмыс беруші сіздің танысыңызға жалақысын бермей қойды ма? Жас бала неліктен толық жұмыс уақытын өтеуі тиіс? Қылмысты кім және не үшін жасайды? Біз тәртіпті қалай орнатамыз? Осы сұрақтар күнделікті сіз бен біздің мазамызды алады. Уақыт өткен сайын адамдардың ақыл-ойы санасы дамып келеді. Шығыстың ұлы ойшылы, әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген болатын, демек тәрбие мен тәртіп болмаған жерде шектен тыс ақылдылық қоғамға қауіп тудырады. Заман мен ғалам қатар дамыған сайын, қылмыс түрлері де, оны жасаушылар да көбейді.Олай болса қылмыс деп нені атаймыз?!
Қылмыс — қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс — бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Ал мұндай қауіпті істі конституциялық тұрғыда әшкерелеумен әрі жазалаумен әрбір адам айналыса бермейді. Оны тек заң саласында қызмет ететін азаматтар ғана біледі және содан туындайтын мәселелерді шешеді. Егер сіздің ойыңызда отанға деген борышты өтеу үшін заң жолымен тәртіп орнату көзделсе, бірінші дұрыс «иммунитеті» мықты жерден білім алған дұрыс. Бұл атқа меніңше, еліміздегі ұлттық оқу орындары рейтингісінде көш бастап тұрған әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әбден лайық.
1955 жылы Алматы заң институтының негізінде Қазақстанда ең алғашқы заңгерлер дайындайтын мемлекеттік жоғары оқу ордасында заң факультеті құрылды. Ол қазіргі заманға сай әдістерді қолданып, жоғарғы деңгейдегі заң мамандарын даярлады. Заң факультеті өзінің 63 жылдық тарихында 35 мыңға жуық құқық саласындағы маманды, яғни сот, прокуратура, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздіктің жоғары білікті жауапты қызметкерлерін, нотариустарды, адвокаттарды, заңгерлерді дайындап шығарды. Факультетте ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев; з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдинов, з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаев, отызға жуық доктор мен профессорлар, 80-тен астам ғылым кандидаты мен доценттер, 12 PhD докторы, оқытушылар жұмыс жасайды. Сонымен қатар ҚР Парламентінен, ҚР Конституциялық Кеңесінен, ҚР Жоғарғы Сотынан, ҚР Президенті Әкімшілігінен, ҚР Бас Прокуратурасынан, ҚР Үкіметінен және құқық қорғау органдарынан жоғары кәсіби тәжірибелі мамандар ашық дәріс сабақтарын өткізіп тұрады. Білімді тек кітаптан емес, практик мамандардан қатар алатын заң факульететінің студенттері қай кезде болмасын сұранысқа ие болды. Ірілі ұсақты компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар үшін заңгер маманы аса маңызды, сол себепті де дарынды маман иесі ешқашан есік аузында қалмас.
Заң факультеті нарықтық экономика жағдайында демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастыруға қабілетті, жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша жалпыға бірдей тапсырмалар енгізілді.

АҚШ құқық мектептеріне магистратураға оқуға түсу

Блог - Karakyz: АҚШ құқық мектептеріне магистратураға оқуға түсу

Сәлем! Жазбағалы көп болды. Жаңалық: қазір Бостон университеті Құқық мектебінде магистрлік оқудамын. Осыдан дәл бір жыл бұрын университеттерге құжаттарымды тапсырып жүрген едім. Сол кезде «осы процесті толығымен бітіргесін керекке пост жазам» деген ой туған. Енді реті келген сияқты.  
Әрі қарай

Осы біз оқыдық па?

«Оқыту бағдарламасынан әдеп сабағын алып тастағаннан кесірінен білім алушылар ешқандай этика, эстетика дегенді білмейді» © maskarbaeva www.kerekinfo.kz/blog/7114.html

Әдеп, әдеп, әдеп… Біз осындай пән оқыдық па?.. Айтпақшы, тұра тұр, оқыдық!.. Бірақ, пәннің не туралы екенін ақыры есіме түсіре алмадым. Бір есте қалғаны сабақты класс жетекшісі (негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі) өткізетін. Очм, оқи тұра оқымадық десе де болады. Және бұл жалғыз мысал емес. Тағы бір пән "Құқық". Осыдан тіпті олимпиада өтетін еді. Ал, бізге сабақ берген әдебиет пәнінің мұғалімі. Сызу — физик сабақ берді, әлде берген жоқ. Бұл сабақтың дұрыс өткен күні, кәдімгідей циркуль, сызғыш ұстап отырғанымыз есімде жоқ. Ән-күй — ағай сүймелдеп отырады, біз бәріміз қосылып ән айтамыз. Жиі айтылатын ән «Айттым сәлем, Қаламқас». Бірде, ағайды көндіріп «Не жаздым мен жаным саған» дегенді әнді айтқанбыз, завуч естіп қалып, бізді қойшы, ағай жаммман косякқа кірді. Ең сорақысын айтайын, менің аттестатымда «шеттілі (ағылшын) 5» деп жазулы тұр. Ағайындар мен мектепте ағылшын тілін оқыған да жоқпын. ))) Бірақ, беске шықтым. Күшті парадокс иә!)))
Иә, айтпақшы аттестатым қызыл))))
Әрі қарай

Маңғыстауда не боп жатыр?


Ауылдан кеткеніме үш жылдан асып барады. Дегенмен, туған жерден кіндігім үзілмесі анық. Әр мезет ауыл жақтан оқыс хабар келсе, елегзіп те қаламын. Мен кеткелі бері талай оқиғалар болды. Алғашқы тосын жаңалық беймәлім үшеудің таксисті көлігімен алып
Әрі қарай

Адам құқығы туралы не білеміз?

Таяуда Астана қаласында «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қоры Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен адам құқықтарының ақпарат құралдары арқылы насихатталуына байланысты семинар ұйымдастырған болатын. Республикамыздың барлық аймақтарынан келген журналистердің осынау алқалы жиынына журналистика бөлімінің де студенттері мен оқытушылары қатысқан еді. Адам құқықтарына қатысты мәселенің қазақ тілді ортада аз қамтылып, бұқаралық ақпарат құралдарында мардымсыз көтерілетінін анықтай келе, тұрақты айдар аясында мақалалар жариялап тұрмақшымыз.
Әрі қарай