Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі

Заман қиындау. Ақша жетіспейді. Банк енді кредит бермейді. Микрокредит беретін ұйымдарға жолағың келмейді. Букмекерде тіккен бәсің де шықпады. Бухгалтерия аванс жоқ дейді. Қысқасы ақша керек қой саған осы тақырыпты көріп, постты оқуға келгеніңе қарағанда? Ендеше мұқият оқы, үйрен!

1. Нысананы нақты белгіле

Қарызға ақша сұрау — қиын өнер. Дұрыстап біліп алмай, өзің сияқты қайыршыдан сұрап тұрма. Алдымен сұрайтын адамыңды мұқият зерттеп ал. Соңғы кездегі жағдайы қалай, нелер алып жүр, шаруасы қалай жүріп жатыр? Асықпай сараптап ал.

2. Аулайтын аңыңның айналасын қарақұс сияқты торуылда

«Сәлем! Қалайсың? Шамалы ақша қараса аласың ба?» деуге әбден болмайды. Алдымен күн сайын сәлемдесіп, жағдайын сұрап, басқа нәрселер сөйлесіп маңайында бол. Қарыз сұрау күні келгенге шейін сондай қарым-қатынаста бол. Сосын барып сұраған кезде бермейін десе ұялатын болады. Сондықтан аздап шыдам керек.

3. Өз жағдайыңды білдіртпе

«Ақшадан қиналып жүрмін, тиын түспей жатыр» сияқты мұңайған сөздермен жылай берме. Өйте берсең «мынау бір күні менен қарыз сұрайды-ау» деп ойлап қалады. Алдын ала өзіңді сүйкімсіз қылма. Үндеме, тыныш жүр, жылама.

4. Жүзбе жүз кездесіп сұра

WhatsApp-пен жазба, телефон шалма. Олай істесең қарсы жаққа ойлану мүмкіндігін беріп қоясың. Бермеу үшін себеп ойлай бастайды. Сондықтан бетпе бет кездесіп сұра.

5. Күтпеген жерден шабуылда

Ойда жоқ жерден, күтпеген тұстан атып шығып, «Маған бір 20 мыңдай керек болып тұр» деп нақты соманы айтып сұра. Сол кезде ол сасып қалады, ойлануына мүмкіндігі қалмайды. Қандай қате жасағанын саған ақша бергеннен кейін түсінеді.

Сонымен осы. Игіліңе жарат ақшаңды!

«Кредит келін» атамасының пайда болуы немесе той туралы ой

Той туралы ой кетсе, өткеріп жатқан тойларымызға жұмсалаған қаражатпен, сол тойымыздың өтуіне алынған кредит есептеліп кетеді. Тойдан соң ғана артықша кірме «дәстүр»лер саусақпен санала бастайды. Бірақ, бұл шараларды бір сәтте «дәстүр»лер қатарынан алып тастау мүмкін еместігін түсінеміз.
Адамдардың өздері артықша шығындардың балаларын бақытты етпесін түсінбейінше артықша әурегершіліктер, ысырап дастархандар және керексіз дәстүрлерден арыла алмаймыз. Бір жақ құдалар ысырапкершілікке жол қойғысы келмеседе, екінші жақ өздерінің «арман»дарын алға тартса, лажы жоқтықтан, «ел қатары» тойды «елден асырып» істеуге мәжбүр болады, амалсыз кредит шартнамасына қол қояды… ең сорақысы, бір жақ керексіз дәстүрлерді алып тастасада, екінші жақ оның орнына жаңа дәстүрді қосады. Қызығы, біз құда құдағиға киім кешек кигізбейміз, оның орнына алтын тапсырамыз, деген сөздерді естімеген кім бар? Күйеу баланың туылған күнінде теледидар, келінге кір жуатын автоматты машина. Келіннің анасы елу жыл бойы кірді қолда жусада, қызының қиналмастығын ойлап, кредитке болса да құдасының аузынан шыққанын алуға талпынады. Бұлардың қайсы бірі дұрыста, қайсы бірі бұрыс екендігін ашығын айтқанда ойлауғада қиналып кетесің. Біз блогымызда күн өткен сайын жаңаланып, қаражат көлемі күннен күнге өсіп бара жатқан әдеттер туралы тоқталып өтеміз. Рейтингімізден орын алған «тойдағы жаңалықтар», менің пікірімше, ең керексіз әдеттер. Оқыңыз, өзіңіз қорытынды шығарарсыз!
Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

1. Тойдан кейінгі той…

Орташа 500 кісі жеп ішеді, қолпаштайды, терге малынып билейді, құттықтайды. Қонақтар ақырындап тарқайды. Әр екі жақтанда тек өздеріне қарасты туған тусқандар қалады, олар тойханадан шығып, той егесінің үйіне қарай жол алады. Тойдан соң неліктен тарқамады? Тарқамады, өйткені, оларды және бір той күтіп тұр! Бүгінгі күні тойдан соң және ойын күлкіні жалғастыру дәстүрленіп барады. Және жиырма шақты кісіге арналған дастархан жайылады, тағы басқа бір әнші қызметке келеді… және басынан бастап жеп ішу, жастардың достары үшін лезгинка… қашаннан бастап пайда болды бұл тойдан соңғы той? Ешкім білмейді. Ақшасын қайда қоярын білмей жүргендерден шыққан бұл ғұрып, ақшаны қайдан табарын білмей жүргендер үшін оңай шаруа емес…

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

2. Лимузиндар, джиптер кортежі

Жалғыз басты бір танысым ұлын үйлендірді. Ана сорлы дастархан толсын, кем кетігім бітсін, деп қаланың төрт бұрышын жүгіріп шықты, ұлы болса достары пәлен мыңға жалдаған көліктер кортежін тойына сый еткенін мақтанышпен айтып отыр. «Достарыңыз жомарт екен, ең болмаса, жартысын беріңдер, анам ресторанға төлесін» деп сұрамадыңба десем, «Келіншегіме 6 джип және лимузин уәде еткен едім, сүмірейіп, жалғыз көлікте барсам басқалар үстімнен күлмейдіме?» дейді. Жанұя құрып жатқан жігіттер қашан ақылға келер екен? Дұрыс, бүгінгі күн жастардікі, сол күннің жұлдызына айналуды қалайды. Бірақ, ертеңгі күн қолыңызбен ұстамаған сол ақшаны достарыңыздың тойына апаруға келгенде, сол уақытта бұл ақшаны керекті орынға жұмсасамда болатын еді ау деген өкініш сізде туындары анық. Өйткені, келіннің көшесіне еркін кіре алмай, қолайсыз жерлерде арқаға қайта бұрыла алмай, 3 сағатқа бола жалға алған сол көліктер өміріңізде еш өзгеріс әкелмегеніне ақылыңыз жеткен болады…

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

3. Мың долларды менсінбейтін ақ көйлек…

Үйленетін жігіт көліктер кортежін еркектік рәмзі деп білгеніндей, кейбір қалыңдықтарда танымал салонда құны басты айналдыратын бағадағы көйлек киюді абырой деп түсінеді. Той күні немесе альбомда сол бағалы көйлекте, орташа бағадағы көйлекте бірдей көрінері анық. Біраз армандарыңызды жиыстырып, тежеуді үйреніңіз, демекші емеспін. Көзіңізді үлкенірек ашып үйреніңіз, көйлектер салонынада сізге «әлі ешкім кимеген», «ең соңғы модель» деген сөздерге алданбаңыз. «Бес мың доллар, әлі ашыпта көрілмеген», деп аузын толтырып, армандаған көйлегіңізді көрсетіп тұрған қыз кеше ғана сол көйлекті жуып, және бренд биркасын ілдіріп, орап қойған болады. Бұл әдеттегі жағыдай. Құрбыларыңыздың сөздеріне сенбеңіз, бәрініңде көйлегіне екі есе баға қойып, мақтайтынын ұмытпаңыз. Қаншама жас жұбайлар, құдалар арасында міне осы киім туралы тартыстар орын алады, киім таңдаудада екі жақтыңда жанұялық жағыдайына қарау керек, ең бастысы сол киімнің төсі айқара ашық емес, сіздің бар абыройыңызды жасырып тұрсын…

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

4. Тойдағы гала концерт…

Той егелері қонақтарға екі жастың отау көтергенін хабарлап, қуанышты екендіктерін білдіру үшінде мереке ұйымдастырады. Ешкім гала коцерт ұйымдастыруыңызды күтпесі анық. Той егелері, сізді алдап арбап екі үш әндіде толық аяқтамайтын, бірақ ақысын қолма қол алатын әншілер кортежіне сізде қызықпаңыз. Бірғана жақсы өнер тобының өзі тойыңыздағыларға қаншама қуаныш үлестіре алады…

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

5. Шоколадты субұрқақ немесе лазер шоу

Бүгінде той немесе басқа қуаныштарыңызда көмекке келетін арнайы фирмалар жетерлік. Олардың қызметі арқылы қаншама «армандарыңызды» тойыңыздың сценариіне енгізе аласыз. Бір тойға бардық. Тойхана қақпасының алдында әншілер, холлда болса келе жатқан қонақтар үшін жанды музыка (скрипка, виолончель ойнауда), тойхана ішінде және әншілер тобы. Барлық жер құлаққа қатты соққы беретін дыбыстар. Шоколадты субұрқақ, жеміс жейдек мұнарасы, шампан винолар пирамидасы… Мұндай «керемет»терді Батыс ашқан болсада, шет елдегі тойларда мол болсада, бірақ шығыны аз дастархан болады, мұндай қосымша қызметтерді тек қана ақылы көрмелерде, жоғары дәрежелі кездесулерде кездестіру мүмкін. Сіз қонақтарыңызды таңқалдыруды ойлайсыз, түсінеміз, бірақ, артық қаражатыңыз көп болса солардың жарлысына, науқасына берсеңіз, қаншама сауапқа қалуңызды бір ойлап көрсеңіз…

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

6. Вирусты торт…

Балалығымызда ауылдағы тойларда жас жұбайлардың алдында кішігірім патнисте торт тұратын. Бүгінгі күні сол патнис үлкейіп, қатарма қатар бола бастапты. Дастархан толы тағам болса, сол тортсызда той өтпейдіме? Ортаны толтыра билеушілердің шаңынан, терінен ұшқан микробтарды сол торттың тартары анық. «Торт жегізу» операциясы болса енді ерсілеу көрінеді: жас жұбайлар ата анасына бір бөлектен торт жегізген болады. Сол шартпа? Тойдан соң, сол жастардың қаншасы ата анасымен бірге тұрып, тәттіге тойдырып жүр екен?

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

7. Тойхананы шарламен, гүлдермен безендіру…

Барлық жақтан гүлдердің исі анқып тұрса, мерекелік көңіл күй сезіліп тұрса, қандай керемет! Бірақ бұл сұлулықтың баршасы той егесі үшін шығыннан өзге ештеңе емес. Бүгінде тойханаларымыздың сұлулығын, безендірулеріне қарап шаршамайсыз. Менің пікірімше, артықша безендірулер тек шығын ғана, кешеге дейін артықша декорациясыз да тойларымыз қызықты өткен жоқпа? Енді болса жастардың столын табиғи гүлдермен орау дәстүрге айналды. Сол қызметтің орташа құнын сұрасаңыз жүрегіңіз орынан бір қозғалып түсуі ғажап емес…

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

8. Фото-видео қызметінің қосымша қаражаттары…

Бұл қызметтерді ашық түрде сынау мүмкін: студиялар басыңызды айналдырмасын. «Екі камера жетпейді, төртеу жалдаңыз, керемет болады, жиынтығымызда кранда бар». Фотосессия үшін қонақүй жалға алу керек, табиғат қойнауында өте қарапайым болып қалады...», деген ақыл кеңестері тек өздері үшін пайда. Өйткені, олар үшін тек сіз қосымша шығынданасыз. Екі камера, жоқ, жалғыз камерада сіздің тойыңызды бастан аяқ бейнеге түсіруге үлгереді. Міне сонда тойыңыздың дискісін өзіңізде көруге ерінетін әр қайсысы 4 сағаттық 4 диск болмайды. Фотосессия үшін орын таңдауға келсек, қонақүйлермен қымбат бағалы ресторандар фоны уақыт өтіп ескіреді, заманнан артта қалады. Ең күшті суретшілерде табиғаттан шабыттанып, той альбомдарын табиғат қойнында суретке түсіруді ұнатады. Сыналған тәсілді таңдаңыз, саябақтардың көпшілігі тегін және ондағы көрініс өзгеріп тұрады (мезгілге сай), сәннен қалмайды…

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

9. Аспанға ұшқан шарлар, түтеген түтіндер, монитордағы той…

Тойдаға барша ұсақ түйекті тергеніңізбен, бәрібір, әркім өз білгенімен жүреді, деушілер араңыздан шығар бәлкім. Міне сіз ойлаған сол ұсақ түйектер той егесін белшеден қарызға батыруда, банктер алдында борышты етуде. Ниетіміз сол, бүгінгі бір екі қалтасы қалыңдардың шығарған ғұрыптарын, ертеңгі күні «Ата-бабамыз осылай жасаған» деп, соңындағы ұрпағы дәстүр етіп, ысырапкершілік бел алып кетпесін. Сол ұсақ түйек екі жастың бақын тәміндеуге қауқарлыма? Екі ойлы болмай, сол сұрақтарды өзімізге қойып жауап іздесек, керек емес әдеттер өздігінен тізімімізден шығып қала берері сөзсіз…

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой

Байқаған болсаңыз блогтағы артық шығындардың өзі «ел қатары» той жасасаңыз 10000 доллардан асып кетері анық. Ол ақша қарапайым кісіге тек кредит арқылы ғана келеді (егер банк шарттарына сай келсе). Бар жиған тергенін, бауырлардан қарызын және кредитін қосқанда тойдан соң қалай төлейміз деген ой қоршауында қаламыз. Қолды бірақ сілтейміз, жәә… Кредитке келген келін аман болсын!!!

P.S: ‪#‎НаурызДода‬

Блог - KozhakeldiAldanov: «Кредит келін» атамасының пайда болуы  немесе  той туралы ой
Әрі қарай

Ақша түрлері. Орта есепті қазақтың көзімен...

Блог - Gastarbaiter: Ақша түрлері. Орта есепті қазақтың көзімен...

Құдай куә, алғашында ағартушылық ақпарат бергім келді, бірақ Ардақ Гейтс, не Уоррен Серікбай болмаған соң, өзімше, Роберт Кийосакиді бірінші оқып тастаған адамдай, жұртқа ақша табу туралы шеберлік сабақтарын жүргізіп отыруға әзірше еш моралдық хақым жоқ екенін сездім. Тіпті, тақырып таңдау барысында сондай ойым болғанына ұялып кеттім. Естелік те жазғым келді. Бірақ, ақша туралы бұрын да естеліктер жазған сияқтымын.
Ақыры, ақшаға орта есепті қазақтың көзімен шолу жасамақ болдым. Нәтижесін, өзіңіздің қымбатты назарыңызға ұсынамын.
Әрі қарай

Сергей Ирокез: Несиеден жылдам құтылудың 5 жолы

Блог - Gastarbaiter: Сергей Ирокез: Несиеден жылдам құтылудың 5 жолы

«Несиеге ақша алу қақаған аязда бұтыңа сиіп қою сияқты. Алғашқы минуттарда әжептәуір жылынып қаласың.» ©
НаеБанк қызметкерлерінің әзілі


Біз банктан ақша аларда көбіне НЕСИЕНІҢ ПҰЛЫН ТӨЛЕУ КЕРЕК екендігіне аса мән бермейміз! Айма-ай, тұрақты, тіпті алар айлығымыздан да тұрақты төлеу керек болады.
Мен ұсынғалы жатқан несиеден құтылудың 5 жолында еш сиқыр жоқ, дегенмен нәтижелі. Алғашқы үш шартын орындасаңыз, несиеңіздің бітпес жырға айналып кетпейтіндігіне 99,9% кепілдік бар, яғни сенімділігі жағынан Google-мен тең. Кеттік!
Әрі қарай

Грекия Қазақстаннан қарыз сұрауы мүмкін


Барлық ресурстардағы кредит лимиттері толған Грекия Болгарияны кредит алып беруге көндіруде. Болгария сапарынан кейін Грекия премьерінің мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Астанаға іссапар жоспарлауы бүгін Мәжіліс кулуарларында орташа деңгейде дүрлігуге себеп болды. Мамандардың болжамы бойынша олар Қазақстаннан да қарыз сұрауға келеді немесе қарыз алып берулерін өтінеді. Осы оқиғаға байланысты ақша сұрау мәселесі бола қалған жағдайда нақты жауап беру үшін қаржы секторындағы білікті мамандар, депутаттар және тәжірибелі кәсіпкерлерден құралған бір комиссия құрылатын болды.
Әрі қарай

Құрбан шалу

Бұрындары, мен кішкентай, әлем үлкен болған кезде, апаларым қарызы бар адам құрбан шалмайды дейтін еді.
Қазір ғой, миллиондаған кредиті, автокредиті, ипотекасы барлар құрбан шалып тыраштанып жатады.
Әлде банктен алған ақша қарызға жатпай ма?
Әрі қарай

Беру қабілетіңіз қалай?

Адамның күні адаммен. Кейде қысылғанда айналамыздағы жақсы таныстарымыздан ақшалай (қарызға) көмек сұрайтын кездер болады. сұрау бір басқа,беру бір басқа. Ақшалай(қарызға,жәй былай) көмек бересіз бе?
Әрі қарай

Әрбір қазақстандыққа - 500 000 фунт стерлинг

(53.93 Kb, 300x299)

Кеше Үкімет үйіндегі алқалы мәжілісте үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап күшіне енетін ел тарихындағы елеулі Резолюция қабылданды. Резолюция мәтініне сәйкес, елдегі қазба байлықтарынан түскен пайда есебінен бірінші кезекте Республиканың 119, 2 миллиард доллар көлеміндегі сыртқы қарызы жабылып, маусым айынан бастап туылған әрбір нәрестенің жеке есепшотына 500 мың фунт стерлинг аударылатын болады. Бұл сомаға есепшот иесі кәмелет жасқа толғаннан кейін ғана иелік ете алады.
Әрі қарай

Қарызға ақша сұрап келсе...



Әдеттен тыс тік жүруге үйренбеген арқам әлден ауыра бастады, бірақ мен қырсығып иығымды жазып, еңсемді түсірмеуге тырыстым. Үйден жұмысқа шығуға жарты сағат қалғанда біреу есікті соға бастады. Ұзақ әрі тынымсыз соқты, тіпті аяғымен теуіп тұрғандай болды.
Әрі қарай