Қысқаша есеп

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2002 жылы құрылды. Қауымдастықтың басты мақсаты: жастар ұйымдарының консолидациясы болып табылады. Осы күнге дейін он бестен астам мемлекеттік тапсырыс орындалып, Қауымдастықтың «Темірқазық» жастар қозғалысы, мемлекеттік «Операция Марс» секілді үлкен жобалар жүзеге асырылды. 2012 жылы Қауымдастықтың мүшелігінде он жеті бірлестік болса, қазіргі таңда отыздан астам ұйымның басын біріктірілді. Оның жетпіс пайызы облыс, қала, аудан аумақтарында белсенді жұмыс жүргізуде. Қауымдастық тарапынан жастар қоғамдық бірлестігінің ашылуы мен тіркелуіне, мемлекеттік тапсырысқа қатысуына консультативтік көмек беруде.
2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына бойынша «Интернет кеңістігінде тұрғындар арасында мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша ақпараттық қызмет орталығын ұйымдастыру» тақырыбы және Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру» атты жобалар жүзеге асырылды.
Қаржысыз біздің Қауымдастық Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай түрлі форматтағы шараларды ұйымдастырды. Айта кетсем, «Тарих ізімен...», мерейтой қарсаңына ашылған құрылысы нысандарына блог тур, әлеуметтік желілер арқылы мерейтойдың дайындығы мен өтілу барысы туралы толық ақпараттар жарияланды.
2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Интернет кеңістігінде мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмысын ұйымдастыру» және «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру», Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар» атты жобалардың жеңімпазы атанап, алғы жұмыстары жүргізілді. Барлығы 4,0 млн теңгеден астам келісім-шартқа қол қойылған.
​2016 жылы облыстық, қалалық мәслихаттарға сайлау кезінде Қауымдастық белсенділері 20 наурыз күні сайлауға бақылаушы қызметін атқарып, бұқаралық ақпарат құралдарына және әлеуметтік желілерге өз бағаларын беріп отырды. Қазіргі таңда 5 институциональды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасының 99 қадам аясында жаңа Заң қабылданып, бүгінгі Кеңес құрылған болатын. Кеңеске конкурс негізінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті сайланған болатын, Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде Тараз қаласында орналасқан «Жастарға қызмет көрсету орталығы» орын алуға себепші болды. Ашықтық пен жариялықты сақтай отырып әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізілуде. Айтар кетерлік, 2017 жылға «Экспо-2017» көрмесіне еріктілерді даярлау және ақылы түрде жұмыс жасауға келіссөздер жүргізілуде.
​Биыл жазда белсенді жастар мен жас журнласиттерге Тараз қаласында сәуір мен шілде айларында аптасына бес күн бойы 2 сағат және шілде мен осы күнге дейін аптасына 2 күн «Тараз-Арена» спорт кешенінің футбол ойнауға арналған спорттық алаңшаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спортпен айналысуға үлестерін қосуда.
Әрі қарай

Жергілікті өзін-өзі басқарудағы Қоғамдық кеңестердің рөлі

Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңесі, «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша 2015 жылдың қараша айында қабылданған «Қоғамдық Кеңестер туралы» Заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша семинар-тренингтер жүргізілді.
Семинар-тренингтің мақсаты: 2015 жылдың қараша айында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының жүзеге асыру тетіктері мен механизмдерін жетілдіру. Халық пен мемлекеттің арасындағы көпір қызметін атқару. Жұмысты жүргізу бойынша әдістемелік құрал дайындалып Қоғамдық кеңес мүшелерінің талқысына салу. Қатысушылардың негізгі контингенті зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшылары, мәслихат депуттары, жергілікті Қоғамдық кеңес мүшелері.
Негізгі бағыттары: Қоғамдық кеңестер отырыстарын өткізу, Нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау, Қоғамдық тыңдауларды өткізу, Мемлекеттік органдар басшыларының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін тыңдау, Қоғамдық мониторинг өткізу бойынша басым бағыттармен жұмыс жасау қажет. Қоғамдық кеңестер мәселелерді объективті түрде, халықтың көпшілік ойымен санасу жағдайда жұмыс жоспары мен ұсынымдар берілу қажет. Сондықтан да Қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру кеңес мүшелерінің басты міндеті.
Семинар-тренингті жүргізуші және лекторы болып Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті И.Дастан.
Ағымдағы жылдың 22-ші тамызында Мойынқұм ауданында өтті.
Мойынқұм ауданынан семинар-тренингке зейнеткер- Жамбылов Б., аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы Сатыбалдиев Б., жер бөлімінен- Узбеков Б., жастар ресурстық орталығының директоры Абасов Е., шаруа қожалық басшысы Жиенқұлов А. және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 23- ші тамызында Шу мен Қордай аудандарында өтті.
Шу ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Жиенбеков Е.Ж.,Қарғабаев Б.Ә., Досымбаев Е.Ә., Қосахов А.А. Ардагерлер кеңесінен-Орманов Ә.С., Байжаманұлы Қ., жергілікті полиция басқармасының өкілдері Рахимов Н.А., Ақжолова Ж.А. «Шу өңірі»аудандық газетінің бас редакторы Қадырбеков Н.А., Облыстық депутат-Саудабаев Б.С. және т.б. қатысты.
Қордай ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Саурунова Ч.К., Кипчакбаева К.К., Сағындықов П.Т., Әлімбек Б.Ә., Кенжебек Ж.Т., Ардагерлер кеңесінен-Сейілханов Ә.С., Қалдығұлов Т.Ә., және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 24- ші тамызында Меркі мен Т.Рысқұлов аудандарында өтті.
Меркі ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, облыстық мәслихат депутаты Б.Сауранбаев аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Әльмеизова Б.Т., Мамасерікова Ш., Ауғанбаев Ж., Тірібосынов Е., Әдізбаев Б., Құралбаев С., Қадырханов Д., Жарашуйев К., Иманалиев Қ., ішкі саясат бөлімінен Инжубаев Б., депутаттар Дуйсебаева Н.К., Алтынбаев А.К., Оспанова Ж.Т., Хейроев А., «Меркі өңірі» аудандық газетінің редакторы Исаева А.Т., және т.б. қатысты.
Т. Рысқұлов ауданынан семинар-тренингке аудандық Қоғамдық Кеңес мүшесі Тұғылшиев Е.А., бас редактор Жаманбаев Т.Е., бас дәрігер Қосшығұлов С.Б., кәсіпкерлер палатасының директоры Қабылбеков Р., Дін секторының басшысы Төленді Н., экономика бөлімінен Икласова Д.К., Мырсейіт А., директор КАШК Букирова Ж. және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 25- ші тамызында Сарысу мен Талас аудандарында өтті.
Сарысу ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалдың директоры Абдрахманов Ш.Б. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Абилов, жастар ресурстық орталығының өкілдері Исаев Руслан, Балғабай Бауыржан, Киікбаев Нұрбол. Аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Ермекбаев Б.А., Шәдіұлы Ж., Абдыхалықұлы С., Наширбаев М., Жусипалиев К., Ақмағанбетов Т. және т.б. қатысты.
Талас ауданынан семинар-тренингке зейнеткерлер, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жақсылық Жасөркен, «Талас тынысы» газетінің бас редакторы Молдақұлов Д.Е., аудандық бокс мектебінің директоры Булегенов Д.С., колледж директоры Әнетбаев Ерлан, жастар ресурстық орталығының директоры Мырзаев Нүркен, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері Қарғабаева М.С., Оспанов О.А., Әсемов Ж., Мұсаева Ж. Аудандық мәслихат аппаратынан Әуезбешев А. және т.б. қатысты.
Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Жуалы ауданында өтті. Жуалы ауданындағы семинар – тренингке зейнеткерлер, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ауданның жас мамандары, аудандық Қоғамдық Кеңес мүшелері және қатысты
Ұсыныстар мен ескертпелерді облыстық Қоғамдық Кеңестің отырысында қаралатын болады. Ұсыныстардың басым бөлігі Қоғамдық кеңестердің материалдық жабдықтарын шешілу мәселелерін қарастыру маңыздылығын айта кетті.
Әрі қарай

Күнделік. Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңес мүшесі ретінде. Жеке блогым.

2016 жылдың қаңтар айында «ҚР Қоғамдық Кеңестер туралы» Заң талаптарына сәйкес Қоғамдық Кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі комиссия құрылып, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қарашолақов жетекшілік еткен. Конкурстық негізде Жамбыл облыстық "Қоғамдық Кеңестің" құрамына еніп, ең жас мүшесі атандым. Маған біріншіден, бұл үлкен міндет пен қоғамның қозғаушы күші жастардың атынан мәселе көтеріп оның шешу жолдарымен xалықтың тыныс-тіршілігін билік өкілдеріне жеткізу деп білем. Алғашқы отырысты Төрағамыз болып белгілі қоғам қайраткері Жандар Кәрібайұлы, xатшы болып Қайрат Шотбақов сайланды. Облыстық Қоғамдық кеңес өз жұмысын облыс әкімінің есебін тыңдаудан бастады. Мен сол отырыста кеңес мүшелері мен билік өкілдеріне ұрпақтар сабақтастығын мәселесін көтеріп қоғамда жалғастыруын айта кетіп, қызметте, жастар арасындағы кейбір келеңсіз жақтарына тоқталып бала тәрбиесіндегі ата-аналарының, оқу орындарының, еңбек ұжымдарының рөлін көтеруге ұсыныс, пікірлерімді ортаға салдым.

Ендігі кезекте Қоғамдық Кеңестің кеңейтілген отырысы сәуір айының 15 жұлдызында өтіп, онда облыстық әкімдіктің басшылары ұсынған мәселелер қаралды. Оның ішінде облыстық білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалардың облыс әкімдігінің қарауына жататын нормативтік құқықтық актілерін қарап, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер регламенттерінде азаматтардың құқықтарын бұзылмауын зерделеу міндеттелген болатын. Айта кететінім, кейбір стандартта жұмыс күні емес күнтізбелік күн көрсетілген болатын, осы мәселені облыстық білім басқармасының басшысы С.Құрманбековаға стандарттағы күнтізбелік күнді жұмыс күніне ауыстыруға ұсындым. Өйткені, дипломның телнұсқасын алуға бағытталған стандартта барлық атқарылар жұмысқа 20 күнтізбелік күн көрсетілген болатын, бізде кейбір кезде демалысымыз 5 күнге дейін үзіліссіз демалыс болып қызмет көрсетушінің құқықтарын шектеліп қалады.
Келесі кезекте облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Байтелиевке студенттер жастарға проездной мәселесі мен қара түтінді шығаратын автобустар туралы болды. "қара түтін шығарғыш автобустарды" газдық баллондарға жоспарлануда, ал проездной мәселесі күрделі деп жауап қайтарды. Бұл жауапты естіп облысымыздың белгілі азаматы, мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы «мен сіздің жауабыңызға қанағаттанбадым» деп сұрақтың астына алды. «дағдарысқа байланысты тура бір жылда, екі жылда шешіледі, бірақ даму бағдарламасы бойынша автопарктердің автобустары жаңартылады» деп Р.Байтелиев жауап қайырды.
Одан кейін мінберге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Масалимов шықты. Өзім зерделеген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының ішінен «псиx диспансер мен наркологиядан алынатын анықтама туралы регламенттерінде» жұмыс уақытысы қызмет беруші қазақшасында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, ал орысшасында сағат 9.00ден 17.00-ге дейін үзіліссіз делінген сәйкессіздіктің бір ізге түсіруді ұсындым. Тағы да қаланың азаматы ретінде екі сұрақ қойдым: 1) қалалық жаңа ауруxана қашан қолданысқа беріледі: шілде-тамыз айларында беріледі; 2) облыстық ауруxана күрделі жөндеу жүргізілейін деп жатыр, ем алушыларға қаншалықты жағдай жасап жатырсыздар: ауруxана жөндеуіне 100 млн теңге бөлініп, мамыр айында бастаймыз, ал емделушілерді арнайы бұйрықпен қалалық ауруxаналарға және облыстық ауруxана да қабылдайтын боламыз. Ертеңгі күні емделемін деп келушілерге қиындықтар туындамау қажет деп Ерлан Тоқтарұлы жауап берді.
Кезекті алып облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма басшысының орынбасары С.Арубаев жаңа қабылданған стандартты таныстырды, ол стандарт атауы «ақталған адамға куәлік беру регламенті». Бұл жаңа регламент мәні сот шешімімен жазықсыз сотталғандарға арналып ақтау куәлігі беріледі. Бұны көбінесе «желтоқсандықтарға» арналған регламент екен.
Соңғы болып мінберге облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева сөз алып, Тараз қаласы «Арай» алқабындағы есімі жоқ екі көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі берілу туралы республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен таныстырылып қабыл алдық. Бірақ алдағы уақытта биыл 150 жасқа келген Алаш орданың көсемі Әлиxан Бөкейxанұлы мен Мұстафа Шоқай есімдері әрбір қазаққа таныс есімдерді мектептер мен көшелерге берілу туралы ұсыныс білдірдім. Ғалия Бектенқызы "Ә.Бөкейxанұлының көше мен мекемеге атау берілу туралы ұсыныс түскен болатын, негізі есімдер берілуге мораторий етін, мораторий ҰОС Ардагерлеріне ғана жүрмейтін, сәуір аяғына қарай министрліктен бұл мәселе шешім тапса, Әлиxан Бөкейxанұлының есімін қай жерлерге берілетін қарастыратын боламыз" деді.
Мені қынжылтатын Әлиxан Бөкейxанұлына көше мен мектеп атауы жоқтығы еді, алдағы уақытта шешімін тауып жатса өте дұрыс болар еді.

П-с: Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Қоғамдағы түйінді, тыныс-тіршіліктеріңіздегі мәселелер болса маған жеке жазып өтініш білдірсеңіздер болады. Мен өзім жағымнан бар күш-жігерімді мәселелердің шешілуіне оң септігімді тигізсем деп едім. Сіздерден ұсыныс пікірлеріңізді күтемін.
Әрі қарай

Қоғамдық кеңес көлік мәселесін талқылады

Сәуірдің 15 күні Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы барысында көлік инфрақұрылымы мәселелері қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелеріне жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі, ақылы автотұрақтар туралы баяндалып, қалалық жолаушылар көлігінде контактісіз карталармен электронды төлемдер жасау жүйесін пайдалану ережелері түсіндірілді.

Қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және пайдалану ережелерімен таныстырды. Оның сөзіне қарағанда, аталған жүйе қала тұрғындарға көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы экономикалық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге, соның ішінде көше-жол желісінің өткізу қабілеттілігін арттыруға, апаттылықты азайтуға және т.б. септігін тигізеді. Бүгінгі таңда алты көше, яғни 42 қиылыс ITS интеллектуалды көлік жүйесімен жабдықталған. Алдағы уақытта аталған жүйені тағы да 54 қиылыста енгізу жоспарланған, — дейді Е. Сүлейменов.

«Астана LRT» ЖШС басқармасының төрағасы Талғат Ардан бұл жүйенің әр жүргізушіге қозғалыс бағытына қарамастан бағдаршамның оңтайлы режимін болжауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

— Бұл бейімделуге болатын басқару, бағдаршамдар көліктер санын жолақтар, бағыттар бойынша есептейді, көлік түрін, оның жылдамдығын анықтайды, осының барлығы тәулігіне 24 сағат бойы әрбір 3 секунд сайын синхрондалады. Бағдаршамдар нақты учаскеде белгілі бір көлік санына сигналдың оңтайлы режимін анықтайды, — деді Т. Ардан жобаны таныстыру кезінде.

Отырыс барысында көлік қоюға арналған 9 мың орны бар ақылы тұрақ енгізу жобасы әзірленіп жатқандығы туралы мәлім болды. Бірінші кезеңде 910 тұрақ орны жасалмақ, жоба үстіміздегі жылдың мамыр айының соңына дейін іске қосылмақ.

Ақылы тұрақтар «Нұрсая 1» және «Нұрсая 2» тұрғын үй кешендерінің маңындағы «Нұржол» желегінің, «Нұр Отан» партиясының бас кеңсесінің жанындағы көшелердің бойында, сондай-ақ, Ақмешіт, Түркістан көшелерінде және Қабанбай батыр даңғылының шығыс бөлігінде орналасады.

Астана жаңалықтары: Қоғамдық кеңес көлік мәселесін талқылады
— Онда ақпараттық қалқандар, электронды табло орнатылады, паркоматтар қойылады. Модеммен жабдықталған детектор асфальтқа кіріктіріледі, бұл бізге машинаның қай аймақта екендігін көруге мүмкіндік береді. 15 минуттың ішінде төлем жасау керек. Тұрақ орнының құны белгісіз, — деп түсіндірді Т. Ардан.

Отырыс барысында жобаның инвесторлардың есебінен іске асырылатыны атап өтілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері әзірлеушілерден жобаларды жүзеге асыру кезінде, соның ішінде үйдің маңындағы аумақтарда орын алуы ықтимал барлық жағдайларды қарастыруға шақырды.

Отырысқа қатысушылар елордалық көлік инфрақұрылымы объектілерін «Астана LRT» компаниясының басқаруына беру ережелерін және кабельдік кәріз бен инженерлік инфрақұрылымды пайдалану ережелерін бекітті.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Астанада 4 сәуір күні Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің қарауына 10 мәселе енгізілді. Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құрумен байланысты өзгерістер енгізілген қала әкімі қаулыларының кейбір жобаларын талқылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.
Астана жаңалықтары: Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы
Жер қатынастары және жерді пайдалануды және қорғауды бақылау басқармасының басшысы Төлеуғазы Нүркенов мекеме атауының өзгертілуіне орай Астана қаласы аумағында жер қатынастары саласында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер регламентіне өзгерістер енгізілгенін баяндады.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиев кеңес мүшелерінің қарауына қала әкімдігінің карантиндік режим енгізу үшін карантиндік аймақтарды белгілеу туралы қаулысының жобасын ұсынды.
Кеңес мүшелері қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың баяндамасын тыңдады. Мекеме басшысы мамандықтар бөлінісінде оқудың құнын көрсете отырып, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын оқу ұйымдарының тізімімен таныстырып өтті.
Отырыс барысында бағдарламаға қатысушылардың әрқайсысының оқуына жұмсалатын қаржыны есептеу мәселесі талқыланды. Түрлі мекемелерде оқу мерзімдері мен оқудың құнына байланысты айырмашылықтар бар екендігіне баса назар аударылды. Кеңес төрағасы Сансызбай Есіловтың ұсынысымен «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының осы бағыты бойынша қаржыны ішкі үлестіру механизмін кеңес мүшелері жеке қарайтын болады.
Сондай-ақ, отырыс барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева да баяндама жасады. Шетелге оқуға түсетін жоғары сынып оқушыларына экстернат формасында оқуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметтерді білім мекемелерінен енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы деп аталатын ХҚКО-ларға беру туралы қала әкімдігі жобаларының қаулылары және т.б. бірауыздан қолдау тапты.
Отырыс барысында елордалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкийдің «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекен жайын нақтылау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенттерін бекіту туралы» қала әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы баяндамасы тыңдалды
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» регламентін талқылау барысында көптеген даулы мәселелер туындағандықтан оны қоғамдық кеңестің келесі отырысында қарау туралы шешім қабылданды.
Әрі қарай