Bloomberg агенттігінің жазуынша, Қазақстанда туған бизнесмен Нұрлан Байділда өз қорында Венесуэла президенті Николас Мадуроның «елден ұрлаған қаржысын» сақтаған. Бизнесмен бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ. Желі осы тақырыпты талқылады.
Астанадағы №4-олимпиадалық резерв спорт мектебінің 500 жуық жас спортшысы жүзіп дайындалатын бассейн таппай жүр.Балалардың ата-аналары «Нұр Отан» партиясынан және қалалық әкімдіктен көмек сұрады.
Әлеуметтік желіде де Қытайдағы қазақтардың жайы жиі талқыланады. Бірер күннен бері желідегі белсенділер президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жазып, қол жинап, Сайрагүл Сауытбайға азаматтық беруді сұрап жатыр. Бұған дейін Сайрагүлдің адвокаты оған босқын мәртебесі берілмегенін айтқан.
Сенат депутаты Дариға Назарбаева Алматыда мұғалімдермен кездесіп, мектепті қалай кәсіп көзіне айналдыруға болатыны туралы туралы кеңес берді. Желі қолданушылары Назарбаеваның «мектептегі асханалар мен спорт алаңдарын» жалуға беруге болады деген сөздерін талқылады.
«Время» газетінің жазуынша, Қазақстанның эстрада әншісі Төреғали Төрәлі Алматы – Гонконг ұшағына билетсіз кіріп, ұшақ қозғалуға тақағанда шығып кеткен. Желі қолданушылары мұны қылмыс деп, шекарашыларды сөгіп жатыр.