Сандық форматтағы құрылғыларды (фотоаппарат,телефон, т.с.с) пайдаланған уақыттан бері фото альбом сатып алдыңызба?

Қазір әр бір қадамымызды суретке түсіріп алып әлеуметтік желілерде бөлісіп отыру әдетімізге айналғанын бәріміз білеміз. Баяғының пленкалы фотоаппараттарыда көзден бұлбұл ұшып салонға барып сурет шығартуды ұмытқанымыз қашан. Мен қарап тұрсам белгілі бір құжатқа немесе оқудан сурет сұратқанда ғана фотосалонға барады екенмін. Ал, күнделікті немесе қыдырып жүргенде түскен суреттерді компьютерге одан кейін инстаграмға тыға беремін. Суреттерді жинайтын арнайы альбом сатып алмағанымада 4 жылдай болыпты. Үйдегі ескі альбомдардан әке-шешелеріміздің, ата — әжелеріміздің естелік суреттерін әр үйден көруге болады. Қалай ойлайсыздар бізден кейінгі ұрпақ әлеуметтік желілердегі ескі парақшаларымызды тауып алып бізді еске алып отыратын болар?..
Әрі қарай

Түймені басыңыз, қалғанын өзіміз істейміз!

Блог - ademi_alem: Түймені басыңыз, қалғанын өзіміз істейміз!Бұрын ертегіден ғана оқитын адам айтса сенгісіз қабілетке ие кейіпкерлердің күнделікті өмірде қолданып жүрген тұрмыстық затқа айналып кеткеніне де біршама уақыт болып қалыпты. Оқу-білімнің арқасында адамзат алып жер шары мен жан-жануар атаулыны төрт бұрышты теледидарға сыйдырып, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып» қойды. Бұл жазбада адам қолынан жасалған керемет туынды — фотоаппарат туралы сөз етпекпіз.
Әрі қарай

Samsung компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми бренд-шопы ашылды


Samsung компаниясының Алматыда, Арбатта Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы бренд-шопы, фирмалық дүкені ашылды. Бағана басымды қатырып сонда барғам. Не болар екен деп.
Әрі қарай

Фотоаппарат қолымда

86 жыл. Алғашқы фотоаппаратымды сыйға тартты. Тарихқа айналған қара-ақ түсті фотосурет алудың технологиясы… Сол заманнан әр кадр қайталанбас және ыстық екенін түсіндім.

Балаларды фотосуретке түсірсем олардың балалық шақтағы күш қуатыммен, болашаққа деген сенімді көзқарастарын көрсеткім келеді. Ең бастысы бала кадірде «бала» болып қалу керек. Қазіргі фотоаппараттар әрине «СМЕНА» фотоаппараты емес. Бірақ сол кезден алған тәжірибемді қолданып жатам. Фото композиция деген ұғымды әлі ешкім алып тастаған жоқ. Фотосуреттің жаны болады.
Ескі фотосуреттерден және жаңаларынан қарап тұрған адамдардың көзқарасы өзгергенін байқадым. Заман өзгерді. Кей –кезде «сізді фотоаппаратым түсірмейді»-деп жауап беремін. Сондай көңіл орын таппағанда табиғатты түсіргенге көңілім ауады. Табиғат таң қалдырмай, тамсандырмай қойған емес.
құмырсқа
Әрі қарай

Алматылықтар, тегін фотокурсқа қатысыңыздар



Фотоаппарат пен фотожурналистикаға, жалпы фотоөнерге қызығатындарға жақсы жаңалық бар. MediaNet халықаралық журналистика орталығы «Фотожурналистика негіздері» курсының соңғы тобын қабылдап жатыр. Сабақ алдағы аптаның сейсенбісінде (19 маусым) басталады, сәл кешірек хабарлағаным үшін кешірім сұраймын.
Әрі қарай

Фотоаппараттың флеш-жадындағы суреттер

Қолыма фотоаппарат тисе, не болса соны түсіре беретін әдетім бар еді. Сонда не үшін дейсіңдер ғой. Жай. Үйге келген соң, флешкісін ноутбукқа салып, суретке түсірілген заттардың ұсақ-түйек детальдарына қарағанды жақсы көремін да )) Бірдеңені ермек қылу керек қой енді

Мына шыршаны Медеу жақта түсіріп едім. Ұшындағы сары шошағы аурудан ба, әлде ағаштың өзінің тұқымы сондай ма, біле алмадым.


Әрі қарай

Бөпе Тимур:)



1989 жыл. Бірінші сыныпқа барған кезім. «Нөләвәй» деген дәл біздің алдымызда құрып кетті. 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін үздіксіз оқып шықтық. Сондықтан жұрт секілді 4-сыныптан секірмей өттік. Бір қызығы, 1-сыныбымыз құдды бір балабақша секілді
Әрі қарай

Суретке түсе білу де “өнер”…

Блог - TOTY: Суретке түсе білу де “өнер”…
Кеше қалада қапалақтап қар ұзақ жауды. Кабинетімнің терезесінен ауық-ауық сыртқа көз тастаудан жалықпадым. Біздің жұмыстың ауласы кең, айналасы ағаш, жанында кісі отыратын орындықтары бар. Жылы күндері үзілісте серуендеуге шығып тұрамыз. Бақтағы әр мезгілдегі маусымдық өзгерістерді сандық фотоаппарат алудың сәті түспей жүргендіктен, қалта телефоныммен түсіріп отыруға тырысам. Ара-тұра суретші жігіт Дәуренді шақырып, «суретке түсірші» деп мазалаймын. Кеше тағы бұрқақтаған қарлы ауа-райы реңіне қызығып, Дәуренге өтініш білдірдім. «Кезекті фотосессия ма?» деп күлді…
Жалпы, фотоға түсу менің бала күнімнен қаныма сіңген әдет. Өйткені, әкем Қуанышбек жас кезінде фотоға түсірумен әуестенген. Хоббиі деуге де болатын шығар. Әлі күнге дейін үйде сақтаулы “Сеть-2″ фотоаппаратын тастамайтын. Мереке күндерді немесе кез келген сенбі-жексенбі әкемнің қолы бос уағын асыға күтіп журетінбіз. Онымен қоймай, «китайский» көйлектерден бастап, бірнеше ауыстыратын киім дайындайтынбыз.
Қазіргідей сандық үлгіде емес, кеңес үкіметінің аппараттары бір әуре еді. Фотоаппаратқа жарықпен белгі беретін қосалқы бөлшек “фотовспышка” жалғанады. Әкем «дайындал» деп шүріппені басқанда, бөлшек жарқ ете түссе, кадрде қалдым деп есепте. Бірде дәл мені түсірерде жарық қайта-қайта жанбай қалып, әкем «саған әдейі жанбай жатыр» дегеннен-ақ, өкпелеп жылап қашқаным есімде. Көбінде, суретке түсіру “рәсімі” осылайша менің «жылағаныммен» аяқталатын…
Фотоға түсуден бұрын, бізді шығаратын процесі қызықтыра түсуші еді. Сол мезеттерді ұйықтамай тосып, апайым Салтанат екеуіміз әкемді төңіректейтінбіз. Әйтеуір, түн уағында жарықты сөндіріп, қараңғы бөлмеде фотокассетадағы пленканы фотобачокта жуып сорғытатын, сосын «увеличитель» атты құрал аппараты болған, бертінге дейін үйде тұратын, қазір қайда екенін…, жә, ол маңызды емес, әйтеуір әкем әлгі аппараттың кішкентай ғана көзінен түсірілген сұлбаны тамашалауға рұқсат ететіне мәз болатынбыз. Одан кейін фотоқағаздарды пластмассадан жасалған, төртбұрышты арнаулы ыдыстарға салып, «фиксаж», «проявитель», «закрепитель» деуші ме еді, сондай бір қоспалармен жуатын, көз алмай қарап отырсаң, аздан кейін-ақ бейнең шыға келетін. Ең соңында кішкентай пинцетпен байыппен алып, су қағаздарды кептіру үшін кәдімгі, біз «тримо» деп атайтын айнаға жапсыратын. Таңертең сурет дайын. Мінекейіңіз, қаншама машақаты көп дүние.
Е-еее, «Балалық шағың – патша тағың»… деген осы. Айпақшы, сол жылдары басқа елдімекендерге қыдырып бара қалсақ, дүкендерден фото шығаруға қажетті материалдар іздейтінбіз, «дефициттердің» қатарында еді. Қазіргі заманның баласының керек-жарағы бәрі алдында, тек меңгеріп әкетсе болғаны…
Әрі қарай

Фотоаппарат таңдау

Фотоаппарат – пайдалы, қажет, керек зат.
Таңдаудағы мақсат
Сізге не үшін фотоаппарат қажет? Алдымен осы сұраққа өз-өзімізден жауап тапсақ, фотоаппарат алуда септігін тигізетіні сөзсіз. Фотоаппарат таңдауфототехниканың қандай мақсатқа жұмсалатынына негізделеді.
90% тіпті одан көп жағдайда фотоаппарат «тұрмыстық» қажеттілікке сатып алынады деп айта аламын. Бұл дегеніміз не? Бұл дегеніміз мұндай аппаратпен әсіресе үйде, жұмыста, болуы мүмкін мейрам мен мерекелік шараларда суретке түсуде қолданылады деген сөз. Мұндайда «қарапайым» фотоаппарат жарай береді. Ал егер әуесқойлық деңгейді қойып, білек сыбанып кірісемін немесе жиі саяхаттайтын болсаңыз сізге күрделірек аппарат қажет болуы әбден мүмкін.
Фотоаппараттарды екіге бөліп қарастырайық: біріншісі – «қарапайым», екіншісі –«үлкен» аппараттар. Кәдуілгі тұрмыстағы фотоаппарат пішіні де, көлемі де шағын болып келеді, ыңғайлы болғанымен, мүмкіндіктері де шектеулі. «Үлкен» аппараттар классикалық компоновкада, өлшемі де үлкен, салмағы да баршылық, соған сәйкес атқаратын функциясы да кең көлемді.
Блог - daniyar: Фотоаппарат таңдау
Әрі қарай