Керекинфодан GMail поштасына патч

Манағы Аршат орналастырған, GMail поштасынан файл жүктеу проблемасын шешу әдісі кейбір адамдарда қиындық туғызуда. Байқасақ, кейбір қолданушыларда жүйелік буманың атауы тіпті басқа (64 биттік, т.с.с.), және ол бумаға өзгеріс енгізер алдындағы хабарламалардан кейбіреулер шошып қалады. Сұрақтан-сұрақ туып кете бермесін деп, патч жасадық.
1. Сол жақтағы баннердегі сілтемемен патчты көшіріп алыңыз;
2. Орнатыңыз;
3. Бітті.
Тәбәрік болсын!
Әрі қарай

Gmail-дағы файлды түсіріп ала алмасаңыз

Gmail поштасындағы келген файлды ала алмау көптеген қолданушылардың мазалап жүрген мәселе. Бұл тақырыпты бұрын да жаздық. Мүмкін сол жазғанымыз түсініксіз шығар деп барынша оңайлатылған тәсілін ұсынып көрмекшімін.
Әрі қарай

box.net

Box.net

Көлемі 25 мегабайттан аспайтын файлдарды сақтауға таптырмайтын қойма деуге болады. 5 Гбайт орынды тегін береді. Менімше рефераттарын, дипломдық жұмысын, суреттерін, және тағы басқа осы сияқты керек қағаздарын интернетке сақтап қоюға студенттер мен мұғалімдерге тиімді. Тіркелгеннен кейін интерфейс тілі ағылшынша болады. Бірақ «My Account -> Account Settings -> User Settings -> Language -> Русский -> Save» деп орыс тіліне ауыстыруға болады.
Мысалы мына файлды көріңдер.

Мәліметтерді интернетте тегін сақтауға мүмкіндік беретін он қызметке шолу >>>
Әрі қарай