Шымкентте "Домбыра Party" осылай аяқталды

Саябақтағы көк майсада басталған Патиге кешқұрым демалып, қыдырып жүрген жандар қызыға қосылып, әжептеуір адам жиналды. Патидің жүргізушілік қызметін қоса атқарған Нұрғиса ағамыз әнін орындап болған соң, келесі пати туралы жарнаманы көпке жариялап жатқанда, Патидің өтіп жатқаны туралы естіп, Шымкенттегі Саз колледжінің студенті Ақбаян есімді қарындасымыз домбырасын арқалап, асыға жетті. Ол туралы көпшілікке баяндалып, кезек Ақбаянға берілді. Шебердің аты шебер, домбыраны қолға алысымен-ақ, көпшіліктің қызу қошеметіне бөленді. Бір өкініштісі, осындай орындаушымыздың кешігіп келуі, әйтпегенде Патидің көрігін одан әрі қыздары түсер еді.



Әсем орындалып шыққан осы күйден кейін, көпшілік жұп болсын деп ұсыныс беріп, тұрып алдық. (Қалай қиып жібересің мынадай бал тамып тұрған қызды, әлі-ақ сенімдімін, осы қызға талай керекшілердің көзін алартатынына «жақсы мағынада»!) Кезек, енді нағыз кәсіби орындаушыларда болды. Көптен күткен Патиіміз осындай тамаша трионың сүйемелімен «Сарыарқа» күйі: «ООООООп», "Әйт де", «Оу, бәрекелді», «Шап» деп қызу қолдаумен орындалып шықты. Пати аяқталғаннан кейін, жиналған жұрт алғысын білдіріп жатты, келесі кансерт қашан болады деп сұрап жатты. Иншаалла келесі Патиге бұдан да көп халық жиналатынына сенімім мол! Нұрғиса ағамызға үлкен алғысымызды білдіреміз, алтын уақытын бөліп, осындай игі бастаманың басы-қасында жүріп, атсалысқанына!



Пысы: Айтпақшы, түсірілім арасында кейбір сәттер қызықты көрініс тапты. Өздеріңіз байқай жатарсыздар!
Әрі қарай