Мен көрген Париж немесе бірнеше сағаттағы төрт "романтикалық" оқиға

Жалпы, алыс шетелді көру — маған біршама таңсық дүние. «Болашакер», я сыртқа жиі шығатын мажор емеспін. Алайда, наурыздың соңы-көкектің басында сәті түсіп, мен және 8 қыз-келіншек (ару, апа, апай, әже :d) Шенген алып, Еуропаға тарттық. Шенгенің болса, кем жерің болмайды екен, елден елге кіресің. Алмандардың орыстілді фирмасымен хабарласып, арнайы туржолдамамен Парижге де бардық.
Париж менің көңілімнен шықты, үмітімді ақтады. Алайда, мен бұл қалаға аса қатты талап қойып, үміт күтпегенімді айта кету керек. Жапондықтар бір синдромға ұшырайтын көрінеді. Француздар сондай бір романтикаға толы, ерекше халық деп санап келіп, бұ жақта олар сенімнен шықпағасын ауырып қалады екен. Париж де олар ойлағандай болмайды екен. Қу бас, қысық көз романтиктер-ай!
Блог - MERmukhanov: Мен көрген Париж немесе бірнеше сағаттағы төрт романтикалық оқиға
Мен көрген Париж — әдемі қала, орташа статистикалық еуропалық шаһар. Эйфель жақта да, басқа жерде де — қаптаған қара нәсілді көше сатушылары. Бірінен кәдесыйлар сатып алып жатып, "Қай жақтансың?" демеймін бе?
— Сенегалдан.
— Қазақстанды білесің бе?
— Білмеймін.
— Шын айтқаныңа рахмет.
Әрі қарай

Сырты бүтін, іші түтін...

Автобустың төрінен бір орын табыла ма деген есек дәмемен артына қарай жылжыдым. Алдымда қасы көзі қою қара, жылтыр шашы жабысқан жігіт отыр. Орын бермегеніне алғашында өкпелесем де, артынан қуандым.
Құлағын құлаққаппен мықтап бекітіп алған жігіттің ұялы телефонына әлдебіреу қоңырау шалды. Жөнсіз уақыттағы қоңырауға кейіген кейіпкерім телефонын әзер дегенде көтерді. Жауап беріп болғаны сол, жанындағы жолсерігі жол қысқартуға әңгімесін бастап кетті. Әппақ шашын, әспеттеп әшекейлеген әжетай ақ періште емес екен…
Сөмкесінен суырып, әлденені берді де, сыбдырлай, әңгімесін айта жөнелді. Телефонның құлағында қоқаңдаған жігіттің үні өшіп, назары түгелдей бейтаныс апаға бұрылды.
Мен сығырайып қарасам жігітке «Жизнь — после смерти» деген брошюр мен тілдей қағаз берді. Содан апам, аялдамасы жақындап қалғанын айтып, сылқым қыздай сектасының мекен-жайын айтып, телефоны брошюрде сақтаулы екендігін мәлім етті. Шайтанның арбауынан кем түспейтін арбаумен жігіттің келуін қатты өтінді.
Жексенбі күні темір жол вокзалының о жақ, бұ жағын айтты.(мен бұл кезде терезеге қараймын деп, естіп қалдым). Естіген құлақта жазық жоқ!
Апамыз шыққан соң, маған да орын бұйырды. Қасымдағы жігіт терезеге таңылды да қалды. Апамыз әбден «ой салса» керек.
Бірақ жігітке сол жерге бармауын айта алмадым. Өз таңдауы білсін. Егер қазақ бауырым болса, айтар едім.
Айтайын дегенім, осындай бөтен ағымдағы адамдардың қоғамдық орында неге ашықтан ашық ақпар беретіні… Сол жігіттің орнында жасы кәмелетке толмаған, оң солын ажыратпаған азамат(ша)лар болса, үп-үлкен кісі дін туралы айтса тапжылмай тыңдап, сол жолды таңдап кетсе, тағдыры не болмақ? Білімі бетегеден төмен адам да, бұндай атжалманның тырнағына ілініп кетпей ме?
Сіздерден сұрарым, бөтен пиғылдағы адамдарға ұшырасаңыз, тиісті орынға айтып, қолыңыздағы парақты шара қолданатын орындарға жеткізіп, қаламыздағы жас жеткіншектердің санасын уламауға үлес қосайық! Қисық жолға қақпа болсақ – болашағымыз жарқын болмақ!
Әрі қарай

"Ақиқат" деректі фильмі

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!


Әссәләму 'аләйкум уә рахмәтуллаһ! Аға-інілер мен апа-қарындастар! Жақында ғана «Хабар» арнасынан көрсетілген «Ақиқат» деректі фильмі қоғамда үлкен серпіліс туғызғаны жасырын емес.
Әрі қарай

Сопылар елдің билігін қолына алуға ұмтылған.

Мен өзім бұндай дінге қатысты мәселелерге сауатсыздаумын. Бірақ сопылардың мемлекеттік билікті қолдарына алмақ болған ниеттері ерекше назар аудартты. Қазір зікіршілердің лидері Исматтула (суретте) мен оның бір топ серігі сотталып жатыр. Ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс баптарымен айыпталып жатыр. Соның ішінде, адамдарды зорлап оқыту, қорлау, кісі өлімі, адам саудасы секілді оқиғалар бар. Зікіршілер Құдайға арналған мадақтау әндерін бірінші орынға қояды екен. Ал намаз екінші орынға қойылады. Ән салғанда жынды адам құсап селкілдеп отырып айтады. Әрине, бұлар секта.

"Қазақстан" арнасында бұрын шыққан діни, рухани бағыттағы бағдарламалар солардың ықпалымен ашылған. Сол арнадағы біршама танымал журналистер де солардың өкілдері болған екен. Бұндағы басты мақсат — телеарна арқылы халықты өзіне қарату, күш жинау. Елге ықпалын жүргізу.

Ал, солардың лидері Исматулла Ауғанстанда бірқатар террорлық әрекеттерге қатысқан. Бұдан түпкі мақсатты да ұғуға болатын сияқты.

Тақырыпқа ұқсас сілтеме: www.nomad.su/?a=3-200505180230
Әрі қарай

Кімдердің Исламын ұстанамыз?

Админнің бөлмесі: Кімдердің Исламын ұстанамыз?
Қазақ.кз сайтына дін тақырыбында жақсы, өте сауатты мақала шығыпты. Мақаланы түгел көшірмей-ақ қояйын. Түпнұсқасын мына жерден оқырсыздар. Автор қазіргі кездегі еліміздегі мұсылмандарды 5 топқа бөлген екен. Өте жақсы анализ істеген. Тілімізді бүлдіргендер енді дінімізді де бүлдіріп жатыр, болашақта қазақ деген ат жойылып кетеді ме деп те қорқамын. Мақаланы ерінбей оқып шықсаңыздар да болады, біраз ақпарат аласыз. Кімдерден қауіп күту керегін түсінесіз.

Сонымен қазіргі мұсылмандар мынандай екен:

1. Олардың біріншісі қазақ халқы осы кезге дейін ұстанып келген Ханафи мазхабын ұстанатын, Діни Басқарма Мүфтиаттың төңірегіне топтасқан намазхандар. Олар Мүфтиат тағайындаған мешіт имамдарына бой ұсынып, туындаған діни мәселелерде соларға жүгініп, мазхаб тәртібі бойынша құлшылықтарын атқарады. Олар шариғатқа қайшы келмейді деп танылған салт-дәстүрлерді ұстанады, ресми билікті мойындайды, және иманның шарттарын сақтайтын өзге топтардағы намазхандар мен намаз оқымайтын жандардың да мұсылмандықтарына шүбә келтірмейді. Сол арқылы имамдарына бой ұсынушы мешіт намазхандары өздерінің кеңдігімен, сабырлылығымен ерекшеленіп, орташа көзқарас ұстанатын жамағат ретінде танылады.
Әрі қарай