Мен басқарған бір тойдан үзінді

Блог - ErzhanKhamitov: Мен басқарған бір тойдан үзінді
Негізгі мамандығым «есеп және аудит» болғанымен жүрегім өнер деп соғады. Басты армандарымның бірі өнер адамдарының ортасында жүру еді. Аллаға шүкір орындалды. Оған себеп болған қазақтың тойы. Оқушы деген атты жамылғаннан бастап өлең жаттап, әртүрлі деңгейдегі сайыстарға барынша қалмай қатысып жүрдім. Кейін студент болып жүріп асабалықты қолға алдым. Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Қазіргі тойлар бұрынғы тойлардан өзгерек. Бұрын асабаны ортадан сайлап шығарса, қазір, асабаға үлкен талғаммен қарайды. Сондықтан болар, тойдың тізгінін бермес бұрын алдыңғы жүргізген тойларыңа қарап алады. Тіпті, не киетініңе дейін сұрайды) 4 жыл бойы жасамаған бейне роликті биыл жасатуға мәжбүрледі) Ол да дұрыс шығар. Сіздер де қарап, жарнамалай отырыңыздар) Осыған дейінгі басқарған тойларымның өтімді деген жерлерін қиып-қиып 10 минуттық немесе одан да көп қылып жасауға болушы еді. Бірақ, көп уақытты қажет етеді екен. Сондықтан, басқарған 1 тойдан 2-3 минуттық ролик жасауға тырыстым. Көріп бағасын беріңіздер!
Бейне роликке сілтеме: Мен басқарған бір тойдан үзінді

Әрі қарай

"Еркінмін" деп айта аласызба?!

Ақпарат тарату арқылы бұқараның санасына әсер ету процесінің басталғанына бірнеше жүзжылдықтар өтті. Ол сонау алғашқы болып шыққан газеттерден бастау алып, одан кейін радио, теледидар көмегімен іске асырылса, 21 ғасырда ғаламтордың ғаламат күшін сезіндік.
Қазір басым топ өкілдері бұқара халықты өз қалауына қамшылап, арбауына айдап отыр. Стереотиптер салу арқылы адамдарды алдап қана қоймай, құлша құрдымға қуып, организмді ғана емес, сананы улауда. Дегенін істетіп, қарапайым халықты аузына қаратып отыр. Және бұның бәрі күш қолдану емес, адамның ойлау жүйесіне әсер ету арқылы жүзеге асырылуда. Ал адамның ойлау жүйесіне әсер ету бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен(газет, теледидар, интернет жүйесі, әлеуметтік желілер) істелуде.
Адам өз таңдауын жасаудан қалған сияқты. Мысалы, киім таңдауды алайық. Киімді әрине қай кездегідей сән үлгісіне («мода») қарап алады. Ал, сол моданың мода екенін кім шешеді?! Сол брендтің иесі немесе жарнамашылар. Біздің таңдауымызды әлде әр сезонға «моданы» анықтап, таңдап беретін соларғой. Олар өздеріне ұнағанын не қалағанын «мода» десе болды сол киім үлгісі әлемге тарайды. Айнала бәрі киіп жүргеннен кейін біз де сол жақсы екен деп сатып алып, киюге ынтызар боламыз. БАҚ-нан күнде жарнамалап жатқаннан кейін біздің миымызға, санамызға орнығып алатыны соншалық біздің таңдауымыз соған тартады да тұрады.
Менің мамандығым — PR (Public relations) Қазақша қоғаммен байланыс. Қысқаша мазмұндайтын болсақ: PR — бұл бұқараның санасын бұғаулап бағындыру. Яғни, қарапайым халықтың санасын, ойын басқару, сол арқылы ыңғайлы іс-әрекеттерге итермелеп, қалаулы таңдаулар жасату. Бұл жаңағы айтқан тауар таңдауға да қолданылады. Манипуляциялау деуге де болады. Таңдау туралы тағы бірер мысал келтірсек, ыдыс жуу керек болғанда не керек? ойыңызға алғаш келетіні — FAIRY. түгелдей болмаса да көпшілігі солай. Санамызға құйып тастағаны соншалық басқа жуғыш заттардың бар екені, олардың сапасы fairy ден артық болуы мүмкін екені ойымызға кіріп те шықпайды. Жаңа жыл жақындаса ойға тағы да бірінші келетіні «Соса соla» сусыны ия?
Жарайды, тауардан алшақтайық. Теледидардан көретін, интернеттен оқитын жаңалықтарға келсек. Қандай жаңалық көрсек соны рас деп есептейміз. Әрине, өтірік дей алмаймын. Бірақ жалпы осы «шынайы» мен «шынайы емес» дегенді кім қалай түсінеді?(«реально», «не реально») иә, сіздердің араларыңызда мен интернеттен көрген барлық жаңалыққа бірден сене кетпеймін, бірінші оқимын, содан кейін ойланып, анализ жасаймын дейтіндер кездесуі мүмкін. БІрақ сол анализді жасау үшін де салыстыратын ақпарат керек яғни екінші ақпарат көзі. Оның рас екеніне кім кепіл? Бұл жағдай тек интернеттегі ақпаратқа емес, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының бәріне байланысты.
Бір PR маманы лекциясында мынадай ой айтқан болатын: «Мен, ЕШҚАШАН, ЕШКІМГЕ 100%-ға сенбеймін! Маған Панама мойнағы Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың арасын бөліп тұр десе сенбеймін. Фотодан. бейнероликтен көрсетсе 90% сенермін, ал, панама мойнағымен өткізіп, көзбен көрсетсе 99,9% сенермін. Бірақ көзбен көргенге де 100% сенбеймін. Себебі, көз де кей кезде алдамшы.» Бұл сөздерден кейін «Секрет» документалды фильміндегі «көзбен көрген шынайы емес, адамның ойындағы нәрсе шынайы» деген ой келді.
Адам басқалардан ерекше ойлағанның өзінде ойлау жүйесі — қоршаған ортасының, бұқаралық ақпарат құралдарының сол адамның ойына, санасына салып қойған стереотиптерінен, былайша айтқанда «шекарасынан» немесе санаға салған «шеңберінен» шыға алмайтындай.
Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен ғасырлар бойы адамдарды алдау туралы ойымның соңғы жағында ең толғандыратын нәрсе туралы жазғым келді. Ол адамзат тарихында ашылған ең ірі жаңалықтардың бірі АЙҒА ЕҢ АЛҒАШ ҚОНҒАН НАСАНЫҢ (АҚШ) қонуы. Алдауы мүмкін деген күдіктердің ең ірісі осы, біртүрлі көрінсе де)
«Иллюминаттар» деген сөз таныс шығар. Құпия символдардың шешімін іздеп табушыларды осылай атайды. Иллюминаттардың зерттеулеріне көңіл аударсақ НАСА-ның алғашқы айға қонуын жоққа шығарады. Сонда НАСА бүкіл адамзатты алдағаны ма? Бір қызығы менің бұлай ойлауыма әсер еткен ақпараттар да интернеттен алынған бұл менің ойым ғана.
Сонымен не шынайы? не шынайы емес?! осыған дейін айдан анық болып көрінген, көзбен көргеніміз, құлақпен естігеніміздің бәрі өтірік шығар? Бізді алдаған шығар деген ой тек мені ғана алаңдатады дегенге сенбеймін. Бұның бәрі менің ойларым және ойландыратын нәрселерді мысалға келтірсек өте көп. Сіздер қалай ойлайсыздар?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!
Әрі қарай

Қазақша креативті жарнамалық ұрандар жазайық!

Блог - Gastarbaiter: Қазақша креативті жарнамалық ұрандар жазайық!
Идея!
Мына фильмнен кейін қызық болып кетті, осы біз батыстың бренділі тауарларына жарнамалық слогандарды жасайтын болсақ, жасағанда жай аударып "Іркілмен, сникерстен" деп емес, қазақи менталитетке, ұлттық құндылықтар мен фольклорға, әдебиетіміз бен тарихымызға негізделген слогандар өтімді болары анық.
Әрине, ондай сәтті слогандар жасап миллиондап ақша табуға болады.
Бірақ менің беретін ештеңем жоқ, сондықтан ешқандай брендіні тықпаламаймын, өзіміз ойлап, өзіміз слоган жасап қарайық.
Креативті жарнамалық ұран деген жарнаманың бүкіл мәтіні емес, кішкентай ғана бір сөз тіркесінен, сөзден, немесе сөйлемнен тұрады. Әдетте қысқа, әрі есте қаларлықтай болуы қажет.
Әзірге мына ойдан шығарылған фирмаларға ұрандардың мысалы ретінде назар аударыңыз!
Әрі қарай