Ертөре "Че" Қибаров. Төңкеріс

Менде бір керемет сюжет бар...: Ертөре Че Қибаров.  Төңкеріс
cурет: 2.bp.blogspot.com

***

1-хат

Сүйікті, менің досым, Перден!

Жағдайың жақсы ма? Денсаулығың қалай? Өткен жылғы шығартып жатқан оқулықтардың жаңа стильде жазылғанын көріп риза болдым. Мәселен, Математиканы түрлі пазл етіп бергенсің, Тарихты комикстер, ал Ана тіліне еркін рейтингілеу мен таңдау құқын қосыпсың, тағы біраз жұмыстарыңды да жақсы бағаладым.
Әрі қарай

Бішкек. Бірінші күн. Бірінші түн


Таңғы үште жатып, төртте тұрып, таксилетіп, Бішкек қайдасың деп тартып кеттік. Бір емес, екі емес, үш емес, бақандай он күн жатпақ ниет бар. Бауырлас ұлттың бұл қаласында бұрын болмаппын. Бүгін бірінші күн жайлап жатырмыз тайекемдердің (нағашы дегенді қырғызша осылай айтады-ау деймін қателеспесем) төрін. Мамам “қырғыздың Сарыбағыш руы бізге туыс” деп отырушы еді, соны сылтауратып, жиен болып қырық серкешімді қайтарып алайын деп жүрмін:)
Әрі қарай