Қай орынға отырасыз? (психологиялық тест)

Мәтінді оқымай тұрып, төмендегі суретке зер салыңыз. Жаныңызға жақын, отырғыңыз келетін орындықты таңдаңыз. Таңдауыңызға сәйкес орындық сипаттамасын оқып, өзіңізді таныңыз.
Блог - AyzhanAmirbekova: Қай орынға отырасыз? (психологиялық тест)
1. «Кәсіпкер» орындығы. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.

2. «Рухани тәлімгер» отырғышы. Сіз сабырлы әрі жанашыр жансыз. Бір күніңізді толығымен жәрдеміңізге мұқтаж адамға арнай аласыз. Жаныңыз қайырымдылық пен мейірімділікке бай. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған жан. «Адам аласы ішінде» деген тіркес сізге сай емес екенін бір көріп білуге болады. Себебі ұсқыныңыз қандай жайдары болса, жаныңыз да сондай жомарт. Ешқашан сабырға келе алмайтын жанды да тыныштандыру сіздің ғана қолыңыздан келеді.

3. «Өнертапқыш» орындығы. Сіз қуатыңыз мол және қатарыңыздан озық жансыз. Күні бойы жаңа да тың жобалар мен идеяларды дамыту үшін қозғалмай отыра аласыз. Әрдайым жаңа нәрселерді ойлап табуды жақсы көресіз. Жұмыста да, басқа кезде де кез келген істі байқап көргіңіз келеді. Алғаш көрген көзге іш пыстырарлық адам боп таныласыз. Солай болуы да мүмкін, бірақ идеяларыңыз ешқашан ешкімді жалықтырған емес. Заттардың құпиясын ашу үшін ұзақ әуреленіп, тәжірибе жасағанды жаныңыз сүйеді.

4. «Сыншы» орындығы. Сіз талғампазсыз және өте жақсы тәрбие көргенсіз. Күні бойы қонақтың көңілін аулап, қызықты әзілдермен жүзіне күлкі сыйлап отыра аласыз. Әлемдегі ең жақсы адам екеніңізді көрсеткіңіз келеді. Барлығы сізді біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайсыз. Алғаш көрген жан сізді көрсеқызар, кейде ептеген тәкаппар деп ойлайды. Мойындаңыз, мұндай ой тууына өзіңіздің үлесіңіз бар. Кез келген нәрсенің сапалысын таңдайсыз, ең жақсысын ғана алғыңыз келеді.

5. «Психолог» орындығы. Сіз барлығын білуге құмарсыз, талабыңыз таудай. Өмірге сұрағыңыз көп, барлығының жауабын табуға ұмтыласыз. Біреу сізге өмір жолын айтып беремін десе, басқаға бас бұрмай отырып, тәулік бойы тыңдауға әзірсіз. Бірінші көрген кісіге сабырлы да салмақты, қарапайым жан екен деген ой қалдырасыз. Бірақ, шын мәнісінде өте белсенді адамсыз. Барлығын санада сараптап, мида қорытасыз. Адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын меңгеруге құштарсыз.

6. «Саяхаттаушы» орындығы. Сіз тапқыр, жігерлі жансыз. Бір күн бойы пойыз не ұшақ терезесіне телміріп, әлемге көз тігіп отырудан бас тартпайсыз. Жаңалық іздеп шарқ ұруда жанкештілік көрсетесіз. Бұрын соңды көрмеген жер, жаңа таныстар, таңсық нәрселер сізді шабыттандырады. Бейтанысқа беймаза жан боп таныласыз. Шынында да, өміріңізде сәл тыныштық орнауы үшін, өзіңізді қолға алыңыз. Ғұмырыңызды саяхатқа арнағыңыз келеді. Сапарға шықпаған кезіңізде, үнемі алыс шетелді елестетіп, қиял құшағында жүресіз.

7. «Романтик» орындығы. Сіз шығармашылық адамысыз әрі арманшылсыз. 24 сағат бойы ой үстінде отыра аласыз. Қиялыңыз ұшқыр, ойыңыз әрдайым әлемді шарлап жүреді. Сапар соңында қадамыңыз басталған жерден табылмайсыз. Бір көрген жан көп қырлы екеніңізді байқайды. Айналаңыздағы әлемді қаншалықты ұмытып кететін болсаңыз, ойыңыздан да соншалықты адасасыз. Санаңызда әрқашан адам ойына келмеген жақсы нәрселер өмір сүреді, тек соны жазып не есте сақтап алатын зейін жетіспейді.

8. «Ғалым» орындығы. Қажырлы әрі біртуар жансыз. Күні-түні қиын да күрделі кітапты оқып, қозғалмай отыра аласыз. Идеялар әлемінде адасып кетуге де бел буасыз. Бірақ олар жұмбағы мен тылсымы көп болған сайын, сізді қызықтыра түседі. Бір көрген жан сізді әлемде не болып жатқаны мүлдем қызықтырмайды деп ойлайды. Іс жүзінде, өте әуесқой кісісіз. Өзіңізді қызықтырған нәрсе жөнінде профессорлардан да озып, толығымен түсінбейінше оқи бересіз.

9. «Философ» орындығы. Сіз кірпияз, бірақ көңілді адамсыз. Күні бойы бір орында отыра аласыз. Сөйте тұра, ішіңіз пыспайды, өзгелердің де ішін пыстырмайсыз. Сіз үшін әлем – алып ойын-сауық. Дүние жүзінде әр күні әр түрлі қызық жайт орын алады ғой. Бірінші рет көрген кісіге таңғажайып боп көрінесіз. Бағыңызға орай, көпшілігі сіздің біртүрлі қылықтарыңызды қызықты деп қабылдайды. Өмірге өзгеше көзқарасыңызды үнемі танытып жүресіз.
Әрі қарай

Ең қысқа тест

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
Бұл тест мінез ерекшеліктері мен қасиеттерді дәл анықтайтындығымен танымал. Мұнда жарияламас бұрын өзім өттім. Достарыма, ата-анама, бауырларыма жібердім. Барлығы дәл келеді дейді. Бұрын жасап көрмесеңіз, байқап көріңіз. Сұраққа жауап берерде анау-мынау демей, ішкі дауысыңызға жүгініңіз.
Сіз қайсы көкөністі көбірек жақсы көресіз?
А) қияр немесе қызанақ
Ә) қауын немесе қарбыз

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
Қияр және қауын
Мұндай таңдау әйелдерге қарағанда ер адамдарға тән. Бұл типтегі жігіттер – ер мінезді әрі салмақты. Ішімдікке салынып кетпейді. Олардың арасында спортшылар мен саяхатшылар көп. Дәл осындай жанның қасында кез келген әйел өзін қауіпсіз сезінеді. Отбасындағы жауапкершілікті өз мойнына алады. Мақсатшыл әрі ойға алған ісін оңай бағындырады. Кемшіліксіз жан жоқ. Бұл азаматтарға қиялдау жетіспейді. Жұбайының: «Маған қашан гүл сыйлайды?»,-деп күтуі нәтижесіз. Дұрысы – қандай гүл қалайтынын тұспалдап айту. «Қияр-қауын» типіндегі әйелдер көбіне басшы болады. Бірақ үй шаруасына олақ. Олар асты дәмсіз әзірлейді, ақшаны ұқсатып жұмсауды білмейді, ыдыс жууды, киім тазалауды ұнатпайды. Ер адамдармен адал, жанын ұғатын дос.

Қызанақ жəне қарбыз
Олар – көңілді, белсенді жандар. Асқан тілтабысқыштығымен ерекшеленеді. Бірақ тілдесу кезінде үнемі тепе-теңдікті сақтамайды. Құйындай мінезі жанжалға жиі алып келеді. Мұндай типтегі – жігіттер асқа талғампаз. Еріншек және жолсөмкесіне шәркейі мен үй халатын салып алып, ұйықтайтын қапшығын құшақап жүре береді. «Қызанақ-қарбыз» әйелдер әсершіл, жануарларды және отбасын сүйеді. Олардың жанында өзін жайлы сезінеді. Әзәзілдік қолынан келмейді, бірақ кейде әдепсіздік танытуы мүмкін. Себебі, «қарбыз-қызанақ» типіндегі жандар шынайылық пен ашықтықты алғашқы орынға қояды.

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
Қияр және қарбыз
Мұндай жандар үнемі психологиялық тұрғыдан абдырап қалады. Сыртқы келбетіндегі байсалдылық пен ұстамдылық ішкі дүниесіне сәйкес емес. «Үндемегеннен үйдей бәле шығады» деген мәтел осындай ер адамдарға сай. «Қияр-қарбыздар» жанартау сияқты. Дәл қазір қандай сөз айтып, ертең не істейтінін ешқашан ешкім білмейді. Ал әйелдер болмашы нәрсеге ұрыс шығармайды. Барлығын ішіне сақтап, бір күні «жарылады». Ыдыс-аяқтар қирап, күйеуінің басына әңгір таяқ ойнатып жатса таңғалмаңыз. «Қияр-қарбыз» типіндегі жандар – нағыз шығармашылықтың адамы. Олар ойланып-толғануға бейім. Араларынан ғалымдар, өнертапқыштар жиі шығады.

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
Қызанақ және қауын
Дәл осы нәтижеге сәйкес келгендер – байсалды, әдепті, сабырлы. Сезімталдығы мен түйсігі дамыған. Әдемі заттарды жақсы көреді және жоғары талғам иесі. «Қызанақ-қауын» ер адамдары нәзік болады. Олардан суретші, музыкант, жалпы шығармашылық адамдары жиі шығады. Әйелдер – ғашықтыққа бейім, көңілшек, махаббатына жан-тәнімен беріледі және оған тұрақты. Жанқияр, нәзік әрі қамқор жұбай. Ал «қызанақ-қауын» типіндегі ерлер өзімшілдер қатарында.

Блог - BalgynBalgyn: Ең қысқа тест
P.S. Шаңырағы биік болатын жұптар:
«қияр-қауын» ер мен «қияр-қарбыз» әйел;
«қызанақ-қауын» ер мен «қияр-қауын» әйел;
«қияр-қарбыз» ер мен «қызанақ-қарбыз» әйел;
«қызанақ-қарбыз» ер мен «қызанақ-қауын» әйел.
Әрі қарай