Балалық шағым жайлы бірер сөз

Алты жастамын-ау. Әжем мені Горький паркіне ертіп барады. Мамыр етін. Алдымыз — Мейрам. Жеңіс Мейрамы екенін білетінмін. Ал соғыстың не екенін білмеймін.

Дзержинский мен Маяковский қиылысында кездестім онымен. Соғысты айтам. Тәрбиелі бала ретінде, атам әрдайым үйреткендей, сәлемімді бердім: "Қалайсың, Йося? Ата-анаң қалай?" Дегенмен, ол кездері бұл сұрақтардың мәнін түсінбейтінмін. Түсіну үшін біраз уақыт қажет етті.

Мен сөйлеп тұрған адамым маған қарады да, тани сала әңгімесін айта жөнелді. Мамеле екеуі Благбазға барып, мектепке бәтеңке сатып алғанын. Ал ертең әкетайымен пони мінуге зообаққа баратынын. Жазда болса, бар жанұясымен Херсонға демалысқа кететінін…

Үрейден шашым тік тұрды сол мезет! Алдымда ұзын бойлы, ақ шашты, қырықтың ар жақ бер жағындағы, мойын түймесіне дейін тағулы жейде киген еврей тұрған еді. Күнделікті өмірдің азар-безерін айтып тұрып, жылап тұрған еді. Ернінен «пони» мен «Херсон» шықса, көзінен шыққаны жас етін. Бәрінен қорқыныштысы — шәйнек.

Қайдағы шәйнек? Кәдімгі жез шәйнек, үш литрлік, іші толған тиын-тебен. Елестеттіңіз бе? "Ғажап" көрініс. Бұл — Харьковтың орталығында аты шыққан «Шәйнегі бар Йося». Соғыстың жемісі, районымыздың ұяты. Құдайдың құтты күні, қолындағы шәйнегін тастамай, Дзержинский мен Маяковский қиылысында орналасқан сүт сататын дүкен маңайына келіп, 76. үйдің екінші қабатындағы балконға қарап тұратын. Бұл шәйнек сумка да, құжат салатын қап та, кашелёк те. Бірақ, бір де бір бұзақы сол шәйнектен бір тиын алмайтын. Арсыз атанатын. Аяусыз таяқ жейтін. Бәрі Йосяның бастан кешкенін білетін.

Немістер қалаға алғаш келгендерінде Йосяның жанұясы қашып үлгермеген. 76. үйдің екінші қабатында орналасқан бұлардың пәтері екі неміс лейтенантына қатты ұнаса керек. Ұзынсонар әңгіме қылмайын деп, һәм «еврейлік мәселені» де шешпек болып, Йосяның әке-шешесін өз балкондарында дарға асады. Ұсталмас алды, шешесі Йосяның қолына шәйнекті ұстатып, ішіне бірер тиын салып, сүтке жібергендей болып, далаға шығарып жіберген. Алты жасар бала не түсініп жатты дейсіз. Сүт керек болса керек те шығар.

Дүкен жанына жеткенде бәрін де көрген. Не болғанын түсінген бойда есі ауысып, шашы ағарып кеткен. Сол күннен бастап алты жастан асып түспеді. Әрдайым сол дүкен жанында анасын күтумен болды. 43. жылға дейін басқа отбасылар Йосяны тығумен болған. Ал қала немістерден азат болғалы Йося дәл осы жерді мекен етті.

"Әңгімеге тартып, ата-анасы жайлы сұраудың не қажеті бар болды?" дерсіз. Көңілін аулап, үйге әкетіп, тамақтандырып, үсті-басын жөнге келтірудің жалғыз амалы осы еді.

Ал шәйнектегі тиынды садақа деп ойлап қалмаңыз. Жоға. Атам айтпақшы: «ол — ұятымыздың көз жасы».

Соңғы рет «Шәйнегі бар Йосяны» 90. жылдың көктемінде көрдім. Тап-тұйнақтай, соңғы түймесіне дейін тағылған жейде киген, ақ шашты, дәл сол дүкен жанында. Дәл осылай Мейрам күні жақындап қалған еді.

© Владимир Киященко

Бүгін мемлекет пен мемлекет халқына маңызы бар Мемлекеттік қызметкерлер күні!!!

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Бүгін мемлекет пен мемлекет халқына маңызы бар Мемлекеттік қызметкерлер күні!!!
Бүгін сіз оқып, естіп, көріп жүрген барлық статистикалардың «авторлары», барлық мемлекеттік бағдарламалардың іске асуына мүделлі, азаматтар мен мемлекет арасын жалғаушы, күн-түн, қыс-жаз ештенеге қарамай мемлекеттік идеологияға жұмыс жасайтын мемлекеттің қызметкерлерінің мейрамы.
Статистикаларға жүгінетін болсақ елімізде шамамен 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар екен жәнеде жылына бұл азаматтарға шамамен 600 млрд теңгі жұмсалады екен. Салыстырмалы түрде Жапонияның 128 млн халқына 9 мың мемлекеттік қызметкер қызмет ететді екен. Иә біздің елде мемлекеттік қызметкер көп, оларға ақша көп шығындалады немесе олар жұмыс жасамайды деген пікірлер өте көп. Бірақта сол азаматтардан мемлекетке пайда өте көп. Мен осы жазбада сіздерге ең төменгі сатыдағы жергілікті мемлекеттік қызметкерлер жайлы сөз қозғайтын болам.
Бірден алдын ала кетейн мен ол кісілердің жиналыстар мен алыстан келген азаматтардың концертерінің орынын толтыратын еңбектерін, Партия мен Кәсіп одақтарды жарналары арқылы асырау міндеттерін, мемлекеттік газеттердің тұрақты сатып алушысы екендігін, тіпті соңғы актуалды ЕКСПО көрмесіне жаппай билет алған "Ішкі туристер" екені жайлы сөз қозғамаймын. Бәлкім бұл қызметтер "ҚР мемлекеттік қызмет туралы" заңында жазылмаған заңдар шығар, бірақ бұны олар бұлжытпай орындайды. Мен сөз қозғайтын тақырып ол кісілердің "өкіліктеріне" (компетеция) сай жасайтын еңбектері туралы.
Қарапайым ауыл дүкендеріндегі баға деңгейінен бастап Төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеттер, ауыл мен қала халқының мемлекеттік бағдарламаларды түсінуі, оларға сапалы қызметтер көрсетілуі, мелекеттік бағдарламаларға толықтай қатыса алуы, елді-мекендерің көркейуі, жаңа ғимараттардың салынып ащылуы қарапайым жолдардың жөнделуі тікелй сол азаматтардың қызметінің арқасы. Қалаңызда болып жатқан өзгерістер мысалы жолдардың жөнделуі немесе ауылдардағы мектептер мен бала бақшалар ашылуы, жарықтандыру жұмыстары сияқты сізге жағымды өзгерістер қалай істеліп жатқаны сіздерге беймәлім жәнеде оны қатты білгілеріңізде келмейді. Керісінше жол жөнделмей қалса немесе т.б жағымсыз әрекеттер болса білуге ұмтылып тұрасыздар кім жауапты, неге істемеген дегендей. Ал істелгеннен кейін сізге бәрібір. Көп адам осындай жақсы өзгерістерге әкімге немесе басшыларға алғыс айтуға асығады, бірақ олармен қоса бұл жерде қарапайым қызметкерлердің де жұмысы өте маңызды. Қарапайым ауыл аймақтын жағдайы туралы берілген есептен бастап, жөнделетін ғимараттың барлық құжаттары мен олардың қорғалуы. Сол жұмыстар істеліп біткенше қайта-қайта сұралатын есептерге жауап беру сияқты адам жалықтыратын жұмыстар сол азаматтардың тынбай еңбек етуімен атқарылады.
Айта берсек істейтін істері өте көп, бірақ көзге көріне бермейді, себебі олар істеген жұмыс қалыпты істелетін затқа айналғандықтан азаматтар оған қатты бас қатыра бермейді. Мен мемлекеттік қызметкерлерді мақтап, мадақта демеймін, тек қана ол азаматтарды сынап, түк істемейді деген сияқты теріс пікірлерден аулақ болуыларыңызды сұраймын. Қорытындылай келе мерекең құтты болсын Мемлекеттік қызметкер, мемлекет алдыңдағы қызметің адалынан болсын, ел дамуы мен өркендеуіңе үлесінді қосудан таңба дегім келеді!!!
Әрі қарай

Арбатқа кел, ағайын, ұлттық киім киюге!

Күні: 23-24 сәуір
Уақыты: 10.00 — 18.00

Өтетін жері: Жібек Жолы даңғылы (Арбат)
23, 24 сәуір күні Алматы Арбатында (Жібек Жолы даңғылы бойында) ұлттық киімдер мейрамы өтеді. Шара 29 сәуір күнгі «Қазақтың ұлттық киімі» мейрамы қарсаңында ұйымдастырылады. Бұл мерекені еліміздің түкпір-түкпірінде атап өту жаспарда бар. Алматы қолөнер палатасы IRIS event-агенттігімен бірлесе отырып, Алматы қаласында осы мейрамның аталып өтуіне ұйытқы болып отыр.
Ұйымдастырушар үлкендерге де, балаларға да арналған қызықты бағдарлама дайындаған. Шарада танымал қазақстандық әртістер өнер көрсетеді. Бағдарламада кәсіби дизайнерлердің және ұлттық шеберлердің Fashion-шоуы да бар.
Дизайнерлер мен қолөнершілер алматылықтардың және қала қонақтарының назарына ұлттық нақышта безендірілген киім үлгілерін ұсынады.

Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, Алматы қаласының мыңжылдығына арналады және қала әкімдігі мен Алмалы аудандық әкімшілігінің қолдауымен өтпек.
Әрі қарай

Жұлдызды тілек

Қыркүйек айының үшінші жексенбісінде жыл сайын «Отбасы күні» мерекесі тойланады. Биыл 14 қыркүйекке келген мереке ауқымды түрде тойланды десе де болады. Бұрын көпшілік назар аудара бермейтін мереке биыл көпке белгілі болды.

Әрбір шаңырақ шаттыққа толы болсын! Отбасыңыз баланың былдырынан арылмасын!

Отбасы күні мерекесімен жұлдыздар да құттықтайды.

Әрі қарай

Бір қолымен әлемді тербеткендер

Блог - MERmukhanov: Бір қолымен әлемді тербеткендер
Аруларға аша алсам жыр қақпаны —
Толқиды сезімімнің бұрқақтары.
Мүмкін емес сіз жайлы сыр тоқтауы,
Хауа Ананың аяулы ұрпақтары!

Бала кезден ең үздік көркем ісім —
Мен түсінгем орныңды еркек үшін.
Мен ұға бастағанмын қадіріңді,
Тыңдап жүріп әжемнің ертегісін.

Әйел сыйлау сор емес саналы ұлға,
Анадан туылған бар адамың да…
Пайғамбар сүннетімен білемін мен,
Жұмақ кілті — анамның табанында…

Махаббат – ешбір тоқтау қылмаған із,
Ол жайлы ауылда әлі тұнған аңыз:
Мен туарда анамды әкем сүйген,
Әкемізді бақытты қылды анамыз.

Әкемізді бақытты қылды анамыз,
Сол сезімнен туыпты бұл балаңыз.
Бір аруды сүйгеннен туған ұл ем,
Өзімнің де сүйгенім — бір ғана қыз…

Маңызың санамнан еш кетер емес,
Бұл қалай тілектерге жетелемес?
Нұр көктемді сіздің төл мерекеңіз
Бастауы да, негізі, бекер емес!

Бұйырыпты бір мейрам түсіп (ол шын),
Сол мейрамда бір жылдың күші болсын!
Үш жүз алпыс бес күннің бір күнінде,
Үш жүз алпыс бес бақыт құсы қонсын!

Бұл қазақ – жаулық сыйлар ел еді дөп, —
Мен сөйлейін қазақтың өрені боп:
Сізге бақыт тілеймін шын баянды,
Бізге бақыт сіз барда керегі жоқ!

Сіздерсіздер – бақытты селдеткендер,
Біздің үмітімізді өрлеткендер!
Бір қолымен бесікті тербеткенде,
Бір қолымен әлемді тербеткендер!
Әрі қарай

Қандай мейрам?

Блог - botakoz: Қандай мейрам?
Бүгін бір қызық болды. Осыдан бірнеше күн бұрын құрбым: «21 қараша — дүниежүзілік әжетхана күні екен» деді. Содан барлығымыз күлдік. Ендігі кезекте, әжетханаға да бір күнді беретін болған ба деп ойладық. Сол құрбым бүгін таңертең көрген уақытта қалжыңдап мейрамыңмен дейді. Содан ол сөз өз арамызда қағытпа қалжыңға айналып кетті. "Әжетхананы құттықтап, сыйлық апаратын екен" деп әзілдегендер де болды. Бұлар ештеңе емес қой, ғаламторға, әлеуметтік желілерге кірсем құттықтау сөздер, мейрамдарыңызбен деген сөздер толып жүр. Ең соңында инстаграмға кірсем бір қолданушының суретінің астындағы сөзге көзім түсті. «мейрамдарыңмен!» деп сурет жүктепті. Басында мынауысы несі әжетхана күні де кәдімгідей аталып өтетін болған ба деп қоям ғо. Содан сурет жүктелді, қарасам теледидар. Ең қызығы, бүгін телевизия күні екен ғой!
Мемлекетіміздің телевизия саласындағы қызметкерлері мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қыстай қатты денсаулық, көктемдей жайнаған өмір, жаздай ыстық махаббат, күзгі жапырақтардай көөөп идеялар мен тың ойлар тілеймін!!! Барлықтарыңызға Алланың нұры жаусын!
Әрі қарай

Нұр ағаның туған күнінде

6 шілде. Қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың туған күні. Сонымен қатар елордамыз Астана күнінде тойлаймыз. Барлықтарыңызды(мейрам санайтындарға әрине) құттықтап қояйын. Егер бұл күні тағы қандай айтулы нәрселер болды екен. Назар аударыңыз:
Әрі қарай

8-наурыз

Сегiзiншi наурыз деп жарына гүл сыйлайды
Бүгiнгi күн мейрам деп үйдi де өзi жинайды
Бiр жылдағы бiр күндi әйелiне арнайды
Осы күнi әйелдерге мадақ жырлар жырлайды
Басқа күнi ол серi жарын еске алмайды
Ойын, бойын, мүшесiн жамандықтан тыймайды
Осылайша дiнсiздер өзiн-өзi алдайды
Ал исламда әйелдi жыл он екi ай сыйлайды
Әрі қарай

8-ші наурызға шәлі тоқиық

Құрметті қыздар, құрбылар, әпкелер, аналар, әжелер, келе жатқан мейрамдарыңызбен!
Қатипаштың постында кімге қандай сыйлық сатып алу керектігін білдік, бірақ қолдан жасалған сыйлыққа не жетсін, иә? Мысалы тоқылған шәлі, шарф және т.б. Ерінбесек шәлі тоқыиық. Бізге керегі жіп, ілмек(крючок), қайшы және әрине шыдамдылық.
Әрі қарай

Хэллоуин қандай мейрам?

Керекинфода жарияланған соңғы постылардың ішінде осы мейрам туралы жарнаманы оқыған едім. Ал, бұл мейрамның қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сонда да қызығушылар, тағатсыздана күтіп, тойлайтындар көп болғаны ма? Ал, менің алматылық Нұржан досым осыған жаны күйзеліп, ой саларлық мақала дайындапты. Көптің де біле жүргені артықтық етпес.
Әрі қарай

Аудармашылар күнімен!

Аудармашыларды кәсіби мерекесімен (30 қыркүйек) құттықтаймын!
Мен танитын аудармашылар Омарбырат және Нұрғиса. Басқаларыңызға да көп ақша мен сапалы жыныстық қатынас тілеймін. Яғни, жұмыс пен жеке өмірлеріңе табыс тілеймін!
Нұсқаулықтар мен билбордтардағы аудармаларды көргенде бет тұрмақ әлгі жеріміз ұялмайтын замандар тусын! Аман болайық
Әрі қарай