Жақсы дос - жан азығы

Өмірде кездесетін сан алуан қиындықтар мен қуаныштарды бірге көтеріп, ағынан жарылып, сырларын да бөлісіп отыратын жандар бір-бірімен дос бола алады. Достық ұғымына байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жетерлік. Мәселен, " Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол ", " Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады ", " Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас", т.б.
Ата-бабаларымыз кезінде өзінің жан досы үшін өмірлерің қиып, қиындықтарына бірге төтеп берген. Ал, қазіргі таңда жан дос деген некен-саяқ. Көпке топырақ шашпаймын, бес саусақ бірдей емес әрине, алайда кейбір достар өзінің жолдасын қызғаныштан, көреалмаушылықтан бұрыс жолға бағыттатып отырады. Шынайы дос — қашан да бір-біріне адал, арам ойлары жоқ, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын жандарды айтуға болады. Достықтың сақтаушысы, қорғаушысы адалдық пен шынайылық деп ойлаймын.
Дос деген киелі ұғым. Дос — биікке жетелейтін, шыңға шығаратын, көкке көтеретін, қызық қуанышына ортақ, қиындықта демеу болатын жан. Нағыз достар бір-біріне сенім артатын, жақсылығын асырып, жамандығын жасыратындар. Дос табу оңай, бірақ оны сақтау қиын. Бақтағы гүлді дұрыс баптап өсірсең, әдемі, жайқалып өсіп тұрады. Солай, достықты да баптап сақтасаң ұзағынан болады. Сондықтан да достық ұғымы мәңгілік сақталсын, берік болсын десең, өзің дұрыс бағбан болуың қажет. Бұл ұғым биігінен төмендемесін десек әрбір адам дос тұрғысынан адал болғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болары анық. Ал, сіздер үшін қазіргі уақытта достық ұғымы базардағы бағадай арзан ба, әлде қымбат па?
Әрі қарай

Атаңнан артық не айтам?

Өзіңнің емес, өзегенің қателігінен үйрен дейді ғой білгіштер. Дұрыс шығар. Бірақ, бұл өте қиын шаруа екені анық. Басы тасқа тимейінше беті қайтпайтын бекіре балық сияқты, адам да өзінің мұрны қанамайынша өзгенің ақылын тыңдауға пейілсіздеу келеді. Әйтпесе, атадан қалған ақыл қанмаша. Ақша мен байлық туралы мақал-мәтел де жетерлік. Үйренем десең – мархаббат. Тыңда, жатта, түсін.
Әрі қарай