Кішігірім квест

БасқаНЕТтерде қызықты квест болып жатқанда, «миии күшті» деп оқып отыратын едім. Сосын осындайды неге өзім жасап көрмеске деп, өзімше бастағалы отырмын. Мынау енді алғашқы квестім болғандықтан қиын емес, қарапайым етіп жасадым. Бақылап көрейін, сіздерге ұнап жатса, кейін бұдан да күрделісін жасармын.

Ойын шарты былай. Сілтемеден архив файлды жүктеп аласыз. Ощм ақ сандыңтың ішінде көк сандық дегендей, архивтің ішінде архив бар, бес дәрежелі. Яғни бес архив бірінің ішіне бірі салынған. Әр архивті кілт сөз енгізу арқылы ғана аша аласыз. Кілт сол архивпен бірге келген файлдарда жасырылған. Сіздің мақсатыңыз, әр архивке дұрыс кілт сөзін тауып, соңына дейін жету.

Өтініш: Пікірге кілт сөзді жарияламауыңызды сұраймын. Талқылауға болады, бірақ жауабын жазып басқа біреудің кәйіпін бұзбаңыздар.

Ал кеттік! Мұрағатты мына жерден жүктеп аласыз.
hosting.users.kz/0.rar
Әрі қарай

Жүлде 2000 бірлік!!!

Уа жамаат!
«ДәрТабыт» ЖЖС(жауапкершілігі жоқ серіктестігі) демеушілігімен ұйымдастырылып отырған квест жанрындағы мүшейраға қатысыныңыз.
Әлгі мүшелеріңіздегі сұр затты шамалы қинап демеушіміз тіккен жүлдені ұтып алуға асығыңыздар
Бәйгеде 2000 бірлік. Жеңімпазға деген херметімізді білдіре отырып бірлік операторын таңдауды ұтыс иесінің қалауына қалдырамыз нақтың.
Бәйгеге тігілген 2000 бірліктің демеушісі «ДәрТабыт» ЖЖС
«ДәрТабыт» — көріңізде жайлы жатыңыз!!!

ЗЫ. әдеттегідей барлықтарыңызға сәтсіздік тілеймін!!!

Албастылар!!!
хешірерсіздер: Ал бастаңдар

Әрі қарай