Оралдағы кафешкілердің бірінде..

Музыка: Ммахаббат бағынндаағыы… сааййрағанн бұлбұұұл еедіің...

Ж: — Негізі… қызға ббайланысты бәрі, м-м мендегі сезімді оята алмад…
Қ: — Өш, жігіт емес па оятатын…
Ж: — Тұратұршш… а так қыз, э қыз ғо мені құртқан, білесің ба соны?!
Қ: — Иә, не болд сонша, енді бәрі жігітке бай..(шу)… сты ғо
Ж: — Ейй, ана кім ед… Үмбетов… Қа..(шу)… Үмбетовтің клипіндегідей (жанындағы жолдасына қарап, оятып) айтшшы мыналарға, түсіндіршщ
Д: — Ні зат? (бір көзін әзер ашып) цүнед цүнед, цүніп отыр ғо ханымдар (Zzz)
Қ: — Алып қашып кетті ма? Малақайың жерге түсті абайла…
Ж: — Мяхкий игрушкасын, гүл мә? гүл, шекалад? мә шыкалад нә
Қ: — Қай жақтан алып қашты?
Ж: — Т, Тұрсынбектің ауылы…
Қ: — Ңң, Ақпәт..(шу)… ғо
Ж: — Ңі-і…
Қ: — И құрысын, қыз көп емес па?
Ж: — (терең дем алып) «Қой тұрайық, іхқ-э, ауылға жүрдім», — деп тәттілеп ішіп отырған сырасын тауыспай орнынан тұрып, орындығын аяқтарымен артқа ысырып, кекіріп, үстел басында ұйықтап жатқан жолдасының қарынан жұдырығымен түрте сала, манадан бері бір бұрышта, бір мониторға телміріп, шулап жатқан кено ойыншыларының арасына еніп, соңғы ставкасын жасап, бойдақ қатындардан алыстап кете барды.

Көрші үстелде осының бәрін көріп-тыңдап отырған, ай-хай жасқа тақалған бойдақ студент бал тортымен ыстық шәй ішіп, 3 жыл бұрын бір чайкі қызға ойыншық қонжық пен гүл әпергенін есіне түсірді.
Әрі қарай

Жаңылдырған егіз такси


Такси шақырттым. Үйге барарда жолда кафеге соғып пиццаға тапсырыс беріп, дайын болғанда өзіммен бірге алып шығу жоспарымда бар еді. Қошқыл қызыл реңді жеңіл автокөлік келе қалды. Төбесіндегі сары түсті такси шамында «Экспресс таксиі» жазуы көрінеді. Таксиге отырып, жүргізушіге жоспарлаған маршрутыммен таныстырып жол ақысын біліп алдым. Жеті жүз теңге.
Такси жүрісін мен атаған кафенің алдына келгенде тоқтатты. Біраз аялдап мені тосуы тиіс. Таксист алдын ала бүкіл жолды жүріп өткенде төленетін ақшаның сомасын төлеуді сұрады. Мүмкін жол ақысын төлемей қашып кетемін деген жорамал жасады. Менің жағдайымда оның талабы заңды деп ұғып, қойған шартына келістім. Машинадан шығып кафеге тапсырысымды беруге кеттім. Кафе ішінде жиырма бес минуттай болдым. Қолыма пицца салынған қораптарды алып, сыртқа шықтым да, таксиіме отырып:
-Кеттік, -дедім. Такси орнынан қозғалып жүре берді.
Көп ұзамай такси үйдің кіріс-шығыс есігіне дәл әкеліп тоқтай қалды.
Такси жүргізушісі:
-Жеті жүз теңге, -дегені бар ма?
Таксиден шыға бергенде жеті жүз төледім емес пе? Таңғалып үнсіз қалдым. Такси жүргізушісі салонның шамын жақты.
Анығырақ қарасам, такси жүргізушісі басқа адам, алдыңғы жүргізушіге өте ұқсас, бірақ ол емес:
-Кешірім сұраймын, жаңа ғана жеті жүз теңгені төлегенмін, бірақ басқа такси жүргізушісіне.
-Ешнәрсені білмеймін, төле! Кірдің. Отырдың. Кеттік дедің. Жеткіздім.
Такси жүргізушінің сөзін естіп алған соң, келесі ой түйсігіме жетті: алғашқы жалдаған таксиім кафенің алдында тосып қалыпты ғой мені. Қазір мен отырған таксидің алдында тұрыпты ғой! Одан кейін тоқтай қалған таксиге мініп жүре беріппін.
Таксиден түскенде байқағанымда үстіндегі шамында «Сәттілік сәті таксиі» (такси «Удача») деген жазуы барын көргенде:
-Кімге сәтті, кімге сәтсіз, -деппін ғой.
Әрі қарай

Астананың ең экстремал кафелері



Кейде адамның делебесі (мүмкін адреналин сөзінің қазақшасы осы сөз болар?) қозып, басына және тасына оқиға іздейтін кездері болады. Астана тәртіпті қала, ұрынатын адам табу оңай емес. Дегенмен астаналық гастарбайтерге өз Отанын сағындыртпайтындай жерлер де жоқ емес әрине. Іздегеніңіз төбелес пе, шатақ па, дау-дамай ма? Арнайы сіздер үшін Елорданың ең экстрим мекендерін іздестірдік.

Ақжайық кафесі.
Вокзал маңындағы осы бір кафе сізге Астана атмосферасына бірден еніп кетуіңізге рұқсат бермейді. Әлі вокзал-пойыз ауасымен демала тұрып, осы кафеге кіріп, өзіңізді әлі өз қалаңыздай сезінесіз. Жылы арақ, тұрып қалған сыра, резіңке шашлық және арзан бағалар сізге бірден қымбат Астана аурасына кіруіңізге рұқсат бермейді. Жиналған контингент те сіз сияқты түрлі жерден келгендер болғандықтан бір-біріңізге жаман көзбен қарауыңыздың өзі конфликттің сәлден кейін басталатынын білдіріп тұрады. Кетерде есік алдында темекі тартып тұрған жігіттерден де несібеңізді ала кетіңіз.
Әрі қарай

Даяшылардан пайдалы кеңестер

Оcылай екен...: Даяшылардан пайдалы кеңестер

— Бардағы фирмалық коктейль деген нәрсе бөтелкелердің түбінде қалып қойған ішімдіктер жиынтығы немесе арзан ішімдіктерден құрылған сұйықтық. Бұл коктейлді 2-ші рет сұрасаңыз дәмі алғашқындай болып шықпайды. Көбінесе бұл біраз ішіп алған клиенттерге беріледі.

— Солянкаларды біраз тұрып қалған шұжықтардан істейді.

— Үлкен банкет, тойларда тамақ пен ішімдіктің 30 пайызы үстелдерге бармай қалады.

— Алкоголь көбінесе мөлшеріне жеткізілмей құйылады. Мұны клиент әрине байқамайды, ал кафе табысы арта береді.

— Әдетте қымбат арақтың орнына салқындатылған немесе мұз салынған арзан арақ құйылады. Дәміне қарап мұны айыру мүмкін емес. Тіпті қымбат арақ шишаларына арзан арақ құйылып қойылады.
Әрі қарай

Алматы. Керекшілер. Демалыс.

Сәлем бердік, «Керекинфо»-ның тұрғылықты жамағаты! Блог - AKA: Алматы. Керекшілер. Демалыс. Жағдайларыңыз жақсы, мал-жан аман ба? Студенттер қауымы оқу жылының жартысын артқа тастап, қысқы демалысқа да шыққан болатын. Мен де сабақтарымнан емтиханымды сәтті тапсырып, демалысымды Алматы қаласында өткізбек болдым. 4-5 күнге жоспарланған демалыс, бір апта, жо-жоқ, 10 күнге ұласты. Сонымен не керек, қаңтар айының 17-ші жұлдызында батыс пойызына билет алып, жолға шықтым.
Әрі қарай

Almaty events

Құрметті Алматылық керекшілер!


Осы жақын күндерде қаламызда болатын қызықты ивэнттермен таныс болыңыздар. Қызық деп тапсаңыздар, міндетті түрде барып немесе виртуал қатысып көңіл көтеріңіз.



1. «Адаптация» тобы жаңа бағдарламасымен Chechil Pub-та.

Бұл Ақтөбелік топ 1992 жылы құрылып, бүгінгі күнге дейін 11 альбом шығарыпты. Олардың Алматылықтардың алдында ән айтатындығы туралы афиша интернетте біраздан бері активно жарияланып жүр. Бүгін ғана satibaldi мырзаның мына хабарламасы да жарияланды.
Әрі қарай

Микротолқынды пеш немесе даяшыны ренжітпеңіз

Мен үшін микротолқынды пеш тек “Поле чудес” бағдарламасында берілетін ал былай қол жетпес қымбат бұйым еді. Қалай қолдану керегін білмейтінмін студент кезімде даяшылық істегенге дейін. Менің жұмысым түстен кейін 15-00де басталатын. Ресторан қаладан 5 км алыста орналасқан, көбінесе ашынасымен келетін бай адамдарға немесе қаладан алыс тыныш жерде тамақтанғысы келетін қалталыларға арналған ресторан. Жұмысқа кіріспестен бұрын алдымен тамақ ішіп алатын едім. Бір күні тамақ бітіп қалыпты мен келгенше.
Әрі қарай