Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары

Біз сияқты қаратабан тоғышарлар «фотоприкол», «ентерлет мем» һәм демотиваторларды өзіне жаңалық етіп ашпас бұрын, қалам ұстаған интеллигенттер бір-біріне карикатураның «шарж» деген түрін жиі қолданған екен. Анықтамасында оны "дос-жаран, құрбы-құрдасқа әзіл-қағытпа ретінде салынатын портрет" немесе "танымал тұлғаға арнап салынған сурет түріндегі жеңіл әжуа " деп береді. Шарж адамды зілді кекесінмен тұқыртып, саяси карикатура сияқты сынамайды, кемшілігін бейнелі түрде бетіне басып, табаламайды. Шарж мақсаты — кейіпкерінің кейбір ерекшеліктерін еселеу арқылы жылы жымиту. Сондықтан, оны «мейірімді карикатура» деуге де болады.
Әрі қарай

Мен өскенде осындай болам


Мен өскенде осындай болам. Иә, дәл көріп отырған суреттегідей… Күлем де қоям. Баяғыда студент болып жүргенде, қарауылдық қызмет істеп нәпақа тауып өмір сүрген жағдайым бар еді. Келісетін шығарсыздар, сіздерде студент болған кездеріңізде жұмыс істеген боларсыздар, иә! Дәл солай, менде жұмыс істедім…
Сонымен не керек, қасымда серігім бар екеуміз кезекті жұмыс күнінде отырмыз. Досымның есімі Ақылжан өзі Қарағандылық жігіт. Ол сурет салуға әсіресе, карикатура саласынын маманы екеінін айтты. Көптеген суреттер салды, мультфилім кейіпкерлерін нақышына келтіріп салды. Талантты жігіт. Ақылжан менің суретімді салып берем, естелік болсын дегені бар еді. Сөйтіп бір емес 2-3 суретімді салды… Мынау соның біреуісі… Өзімнің блогыма салуды жөн санадым… Ал Ақылжан достымның қазір қайда, не істеп жүргенінен бей хабармын…
Әрі қарай

Қазақ карикатурашы коррупция тақырыбындағы конкурста үздіктер қатарында

Ресейлік «Новая Известия» газеті ұйымдастырған Коррупция тақырыбындағы карикатуралар конкурсында астаналық танымал карикатурашы Айдарбек Ғазизовтың шығармасы үздіктер қатарына еніп, арнайы грамотымен марапатталды.

Жарысқа 43 елден 600-ге жуық карикатура қатысты. Айдарбек Ғазизовтың мына карикатурасы жюрилер таңдаған 14 үздік карикатуралар қатарына кірді:

Антикоррупция: Қазақ карикатурашы коррупция тақырыбындағы конкурста үздіктер қатарында
Әрі қарай

Жас журналистер мен жас карикатурашылар арасында байқау

Бәйгеге барыңды сал, жас қалам!
Бас жүлде — 150 мың теңге

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Астана» республикалық жастар апталығы Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік
Әрі қарай