Бизнеске əркімнің-ақ бар таласы

Бүгінде барлық адам жеке кəсіптің иесі болып, қомақты табыс көзін тапқысы келері анық. Мұндай ой бəлкім сізде де болар? Жалпы бизнесте табысты болудың өзіндік қағидалары мен сырлары бар. Ол туралы төменде айтып өтеміз.
Бизнестің екі түрі болады: сауда жəне қызмет көрсету. Біз қазақылыққа салып көбіне сауда түрін таңдап жатамыз, жəне оған етіміз үйреніп кеткен. Базарларда я болмаса интернет дүкендерде саудалаймыз. Ал қызмет көрсету дегеніміз көбіне сайт құру арқылы жүзеге асады. Онда сіз тұтынушыға өзіңіздің қызметтеріңізді ұсына отырып үстінен пайда көресіз. Мысалы: турфирмалар, ақылы бағдарламалар, құрылыс компаниялары қызмет көрсету түріне жатады. Жарайды бұл жайлы түсініп аларыңыз анық. Ал бизнестегі табыстың сыры, ең маңыздысы жаңашылдық пен тұтынушылардың керегін өзгелерден бұрын түсініп оны өндіре білу. Ал саудадағы ептілігіңіз ары қарай жұмыс жасауыңызға керек. Жаңашылдық дегеніміз өзгеде жоқ нəрсені жасай білу. Сіз бұл арқылы бəсекелес ешкімге болмайсыз, əрі клиент таңдауы сізде болады.

Бизнестің қыр-сырлары өте көп. Оларды өзіңіздің IQ түйсігіңіз жоғары болса лезде үйренесіз, қарапайым адамдарға Роберт Кийосакидың «Богатый папа, бедный папа» атты кітабын оқуға кеңес беремін. Кітап желісінде екі əке баласына біреуі жақсы жұмысқа орналасуды үйретсе, бірі жақсы жұмыс орнын құруды үйретеді, тағысын тағы.

Ал сіз бизнесті қай салада бастағыңыз келеді, жəне немен айналысқанды қалар едіңіз?Блог - Pokemon: Бизнеске əркімнің-ақ бар таласы
Әрі қарай

Сіз тұрған жерде қандай бизнес жақсы жүріп жатыр?

Айына 1 млн таза табыс беретін қандай шаруамен айналысса болады? Оған шамамен қанша қаражат құю керек, т.с.с толығырақ? Өзіңіздің тәжірибеңізден, туыс-таныстарыңыз болса… Қалада, ауылда болсын, не істеуге болады өзі? Сіз тұрған жерде қандай бизнес жақсы жүріп жатыр?

Мен білетін қалталы кісілер — кезінде бір жерден конкретно басып қалғандар немесе нелегал тірлікпен айналысып түрмеден аман қалғандар. Өзі жасап бір жігіттер шамамен 250-300 айына, тек маусым кезінде 2-3 есе көп табады.

P.S: сетевой маркетинг ұсынбаңыз)
Әрі қарай

Қандай сайтты қалар едіңіз?

ҚазНетте бір-бірінен тек тақырыбен ғана ажыратылатын сайттар көбейіп кетті. Бұл жақсы да шығар. Өз басым, жалықтым. Бұларды «жоба» деп атауға келмес, өте баяу дамиды, табыс та әкелмейді. Қанша жерден мықты жүйе болғанмен сайтың жайлы админдер қайсың ауыз толтырып айта аласың? Орташа сапа, орташа талап, орташа өмір — ешқашан прогресске әкелмес. Жаман да болсын, бәлкім, өзіміздің «ориджинал» жобамызды жазамыз???

Сонымен, сіздің қалауыңыздағы сайт қандай болуы мүмкін еді??

Қиял, тілектер жаудыра берулеріңізге рұқсат!
«Алдыңа бір пост қойдық, пернетақта бос қойдық»))

P.S: Жазба өте жылдам жазылды. Артық кетсем, айып етпең. Кейін бір сүзіп шығармын.

Upd: Жазбадағы мақсат Қазнет сайттарын даттау емес, жалпы, шығып жатқан жаңа сайттарға пікірім және өзге қолданушылардың қалауын білу ғана.
Әрі қарай

Қазақша креативті жарнамалық ұрандар жазайық!

Блог - Gastarbaiter: Қазақша креативті жарнамалық ұрандар жазайық!
Идея!
Мына фильмнен кейін қызық болып кетті, осы біз батыстың бренділі тауарларына жарнамалық слогандарды жасайтын болсақ, жасағанда жай аударып "Іркілмен, сникерстен" деп емес, қазақи менталитетке, ұлттық құндылықтар мен фольклорға, әдебиетіміз бен тарихымызға негізделген слогандар өтімді болары анық.
Әрине, ондай сәтті слогандар жасап миллиондап ақша табуға болады.
Бірақ менің беретін ештеңем жоқ, сондықтан ешқандай брендіні тықпаламаймын, өзіміз ойлап, өзіміз слоган жасап қарайық.
Креативті жарнамалық ұран деген жарнаманың бүкіл мәтіні емес, кішкентай ғана бір сөз тіркесінен, сөзден, немесе сөйлемнен тұрады. Әдетте қысқа, әрі есте қаларлықтай болуы қажет.
Әзірге мына ойдан шығарылған фирмаларға ұрандардың мысалы ретінде назар аударыңыз!
Әрі қарай

Онлайн Бизнес немесе бір ой келіп еді.........

онлайн бизнес
Ассаляму Әлейкум деп бастасам дұрыс болар!!!
Мен осы сайтқа тіркелгеніме бір-екі ай болып қалды, бірақ жазуға енді қолым жетті! Өте жақсы сайт, өте қызық!!! Сол, менде қарап қалмай бір ойымды жазайын дедім.
Әрі қарай

Күресіп жатқан сыңайы бар...

… Ауруханаға жатып, біраз емделіп алатын ниетпен ағзамдағы 160 тан түспейтін қан қысымын, басқада мазалап жүрген мәселелерді көтеріп бардым жемханаға. Арасындағы таллон жайлы сау адамды ауру қылатын безгелдекті айтпағанда, кірдім ау әйтеуір
Әрі қарай