Білгірлер бәйгесі. "Керекинфо" командасының барлық ойыны және бірер сын

Өздеріңіз білетіндей /білмесеңіз осы посттан біліңіз/, бір топ блогер қауым "Қазақстан" ұлттық арнасының эфирінен берілетін «Білгірлер бәйгесі» атты зияткерлік сайыстың 2016 жылғы маусымына қатысты.
Жалпы, ойын дәрежеміз жаман болған жоқ: 32 команданың ішінде біз жартылай финалға дейін жетіп, 3-4 орынға тұрақтадық.
Ойындар қызық, дегенмен біртекті емес. Мысалы, естеліктерден: түсірілімдердің бірі қарсылас команданың қиғылық салуымен, айғай-шумен өтті. :) Ал соңғы ойынымызда Алмас Алтайдың тойы қабаттасып, Маралбек ұшып кетті, сол жартылай финалды ойнай сала артынан мен де асығыс ұштым Ақтауға. Бірақ жеңілісіміз соған байланысты деп тұрғам жоқ. :J

Қазақ телевизиясына интеллектуал жобалар қажет-ақ. Ол факт. Дегенмен, сапалы дүние — жоқтың қасы.
Біз қатысқан бұл сайыстағы сұрақтардың біразы — «ХХ ғасыр көшбасшысы» кезіндегі жұрнақтан қалған сауалдар сияқты. Дәл қазір 27 жасымда мен 16-ымда айтып кеткен «Функцияның экстремумдары» немесе "Қабысу, матасу, жанасу" секілді тіл элементтері туралы жауаптар бергім келмейді. Дегенмен, иә, бұндай сауалдардың болу/болмау мәселесі — талқыланатын, дауласуға тұратын, дәлелдеуді талап ететін сұрақ. Яки, бір жақты емес, әрине.

Сауалдардың және жауаптардың формулировкасы кейде сәл қисынсыз. Соңғы турда кейде не сұрап отырғанын, қандай стильде жауап беру керегін ұғыну да қиын. Бізде жауап іздеуде тым терең қазу мәселесі кездесті. Тым.

Жобаны ең басты екі кемшілігі бар.

1) Жылдамдыққа иек арту — оңай сұрақтарды, мәселен, кімнің қолы шапшаң, сол ала бермек. Біз ҚазҰУ-мен алғашқы ойынымызда сөйтіп жеңдік. Бұл — дұрыс емес, кейбір командалар сол әлеуеті ашылмаған күйі жобадан шығып кеткен шығар.

2) Сұрақтар бөлінісінде бағалау — бұрыс. Ойындардың бірінде, 2-турға, түркілердің «Бөрі» таңбасы туралы сауал келді. Бұрын бастық та жауап бердік. Сол үшін 50 (!) ұпай берді. Ал шартты түрде Рио де ла Плата өзені жайлы сұраққа 5-10 ұпай. Бөрі айуаны түркілердің белгісі екенін білу неге арнасы ең жалпақ өзенді білуден 5-10 есе артық бағаланбақ?

Одан бөлек, өзіндік себептермен біз жоба жеңімпазының адалдығына («Болашақ» командасы) жалпы күмән келтірдік және ұйымдастырушылардың немқұрайлылық ситуациясына іш тартпадық. Жеке өзім жүргізушіге де көңілім толмайды.

Жобаның алғашқы жүлдегерлерін қайдам, өзіміз олардың эфирін жасап бергеннен басқа марапатқа ие болғанымыз жоқ. Жақсы, мен аздап эгомды қасып алдым. Бірақ ұйымдастырушылар қаражатты қалай жұмсағаны қызық.

Жалпы, осы не осындай жоба бір қатар түзетулер мен өзгерістермен эфирде үнемі болғаны жөн деп ойлаймын. IQ-і салмағынан аспайтын бұл қоғам мүшелерін дамытудың бір жолы ТВ-жобалар екеніне кәміл сенемін.

p.s. Өзіміз тек сынай бермей, бір толық серия (оннан аса ойын) жүргізілген «Керекринг» жобасының негізінде іріктелген командалармен жаңа жобаны бірер орындарға ұсынып көргенбіз. Сұрақтар — терең зияткерлік деңгейде (ресейлік «Что? Где? Когда?» бағдарламасының шамасындағы сауалдар), жоғарыда аталған кемшіліктер жоқ. Соған орай кей тв-мамандардың «Шоу-бизнес, әншілер қатыса ма?» деген сыңайдағы сұрақтар болғаны күмілжітті. Әзірге, деңгейміз сол.
Мүмкін, ол жоба да өз уақыты мен арнасын күтіп жатқан шығар.
Бірінші іріктеу кезеңі:

Екінші іріктеу кезеңі:

1/4 финал:

1/2 финал:
Әрі қарай

Керек-Ринг 19/06/2016

19 маусым күні Бирхофф мейрамханасында кезекті ойын өтті. Сұрақтар командаларға мобильді қосымша арқылы берілді, жауаптар да солай қабылданды. Тартысты өткен ойында 9 ұпаймен Қазақстан халықтық коммунистік партиясының командасы жеңімпаз атанды. «Аустралия» (блогерлер, «Нұр, Мафия», «Нұр медиа» командасының ойыншылары) 7 ұпаймен 2-орын, ал тұрақты «Керек адамдар» командасы 6 ұпаймен 3-орын алды. Атышулы «Бақсы» командасы толық құрамда келмей, сәтсіз өнер көрсетіп, тұңғыш рет жеңімпаз атағын қорғай алмады.
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/06/2016

1 тур сұрақтары (авторы — Аршат Ораз):

1. Украин және белорус тілдерінде Кавун деп қарбызды атайды. Ал, олар нені Гарбуз деп атайды?

2. Коко Шанельдің сөзін жалғастырыңыз: “Мен сәнмен айналыспаймын. Өйткені, мен …”

3. Қазақстан коммунистік халық партиясы өз бағдарламасында КСРОның құлау себептері ретінде мемлекеттің 3 нәрсеге тым қатты араласуын атайды. Олар: Мәдениет, Ғылым және ...?

4. Ньюкасл Университетінің студенті Луи Эрнанның айтуынша біз өмірде көзімізбен көрмейтін нәрселерге көп сүйенеміз. Оның бір жобасы көзбен көрінбейтін нәрселерге арналады. Андроидқа арнап жасаған қосымшасы арқылы мынадай суреттер түсіруге болады. Ненің суретін?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/06/2016

5. Орыс кавалериясының генералы Потто оны Шейх Шамильге теңейді, ал Семенов-Тян-Шанский Римге қарсы соғысқан Понтий патшасы Митридатқа ұқсатады. Жюль Верннің бір романына арқау болған бұл тұлғаға Қазақстан 2008 жылы 25 теңгелік марка арнады. Тұлғаны атаңыз.

6. Бұл спорт түрінде спортшылар жарыс алдында тырнақтарын алулары қажет, саусақтарына неке жүзігі немесе сақина тағуларына рұқсат жоқ, сағыз шайнауларына әсте болмайды. Қазақстан бұл спорт бойынша әлемде алдыңғы қатарларда. Ал, отандасымыз Илья Ильин әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Бұл қай спорт түрі?

7. «Ыссы, шаң. Шаң. Ыссы.» Соғыс жылдарындағы Алматы көшелерін өзінің танымал повесінде осылай суреттеген жазушыны атаңыз.

8. 1933 жылы кино мамандарымен кездесуде Геббельс бір фильм туралы “Бұл тамаша фильм. Кинематография тұрғысынан өте керемет. Өз ұстанымында әлсіз адамдар бұл фильмнен кейін большевик болып кетулері де ғажап емес” дейді. Фильмді атаңыз.

9. Актриса Линдси Лохан 6126 брендімен леггингс (лосины, тар фасонды шалбар түрі) шығарады екен. Бұл атауды өзінің сүйікті актрисасы Мэрилин Монромен байланыстырады. 6126-ның шешілуі қалай?

2 тур сұрақтары (авторы — Мерей Ермұханов):

10. Біреулер оны естігенде, атақты футбол клубын көруден үміт үзер еді. Бұл аралдың атауымен жазушы Джонрид Абдуллахановтың трилогия романы аталады. Аралдың тарихи атауы Сужоқ деседі. Аралды атаңыз.

11. «Бүкіл әлем тарының қауызына сияды».
Абай бұл фразасымен не айтқысы келген?

12. Жазушы Пабло Неруда ешбір құс аулаушы оны тоқтата алмайды деп жазған. Нені?

13. Қазақ жұмбағын шешіңіз.
Бір қалаға қоныпты ұшып келіп,
Топтана сексен сегіз қараша үйрек,
Төртеуден бөлініпті бір сегізі,
Қалғаны кілең оннан-оннан бөлек-бөлек,
Болған соң бес адамның күзетшісі,
Жайылды көк шалғында кейде өрістеп.

14. Назар аударыңыздар! Ойбастар!
Жауапты дәл атаңыз.
Бірнеше жыл бұрынғы апат нәтижесінде чилилік шахтерлер жер астында бірнеше ай жатты. Бірінші қажеттіліктегі заттармен қатар бір компания оларға жоғарыға шығардан сәл бұрын ОСЫларды жіберді. Ежелгі Қытайда соттар пайдаланған ОЛардың 200 мың данасын XVIII ғасыр соңында Наполеон Мысыр жорығы үшін тапсырыспен жасатты.
Ойбастарда не жатыр?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/06/2016

15. Бірнеше интернет ресурс зейнеткерліктен кейін өмір бар ма? деген сыңайдағы мақалалар жариялағанын көріп, одан кейінгі өмірдің шартты екенін екенін алға тартады. Сұрақ авторының пікірінше, бұл тұжырымды олардан әлдеқайда бұрын осы ер кісі көрсетіп кеткен. Оны атаңыз.

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 19/06/201616. Rolan Garros турнирінің қатысушыларына берілетін қос сыйлық біреулерге италиялық жазушы-коммунисттің кейіпкерлерін еске түсірер еді. 1999 жылы біреуін чилилік Марсело Риос өзінің тыржиған түріне және сұхбаттарға қатысуға бас тартқаны үшін, ал екіншісін – күн шуақ секілді көңілді Алекс Корретха иеленді. Осы аталған екі сыйлықтың атауын атаңыз.

17. Фаина Раневскаяның нақыл сөзін толықтырыңыз.
«Икс – бұл бұттан молаға дейінгі ұзаққа созылатын секіріс».

18. Аустралияның Элис-Спрингс қаласында мына бір мүсін орналасқан (оң жақта суретте).
Бұл мүсін не жарнамалайды?

Сұрақтарға сіз де ойланып, еш іздеу жүйесінің көмегінсіз жауап беріп көріңіз. Ойын барысындағыдай сізде, әрине, 1 минут+1О секунд емес, әлдеқайда көбірек уақыт бар. Іске сәт!

Ойынның фоторепортажын мына жерден көруге болады.
Әрі қарай