Желіге құмарлықтың емі барма?

Артта қалған өмірге бір қарайласам, барлық уақыт қолдағы телефонмен, əлеуметтік желіге шұқшиып өтіп барады екен. Адамдармен де сирек араласатын болдық. Кеше бір қызбен(группалас) кəдімгідей ашылып сөйлестік. Себебі, менің телефонымның қуат көзі, оның айлық тарифы бітіп қалған еді. Бұлар өшпесе біздің сөйлесуіміз неғайбыл. Қарап отырсам айналамдағы адамдарға, реальды өмірге қарағанда, вертуалды өмір қызығырақ сияқты. Отырыстарда, кештерде барлығы инста мен фейсбукке шұқшиып отырады. Оның ішінде мен де бармын. Мен мына жердемін деп салып жібереміз. Бұл мақтанғанымыз ба əлде басқа ма түсінбедім.
«Бір отбасының үйінде вай файы өшіп, туыстарымен амалсыз сөйлесіп, „жақсы адамдар екен“-дейтін əзіл шыны аралас əңгімені естіген боларсыздар». Біз бұған жете қоймадық, бірақ осы бетімізбен өрлей берсек, шыңыраудан бір-ақ шығарымыз анық. Желіні дерт дейміз. Мұның себебі де бар. Болып жатқан барлық келеңсіз оқиғалар, осы желінің жемісі. Əлемдік қоқыс деп те атайтынын естігем. Енді, осы дерттен құтылудың, сəл болса да жазылудың амалы барма?
Ғалымдар зерттепті. Көпшілік халықтың желіге кіруінің себебін. Адамда ішкі қанағаттану деген болады екен. Мысалы: бір адам өзіне көңілі толмайды. Сырт келбеті қисынсыз, болмаса өз-өзіне сенімділігі төмен. Оған «сен сұлусың», «саған мына киім жарасымды»деп ешкім айтпайды. Тіпті ата-анасы да. Осындай жағдайда адамда ішкі ашығу пайда болады. Ол қарынның ашуына мүлде ұқсамайды. Сол аштықтан құтылу үшін, желі арқылы тояттауға тырысады.

Нəтижесі: тəні ашылған суреттер мен ұяттқа қайшы келетін бейнелер. Жазылушыларынан келетін лайк, комментарий бəрінен іштей қанағаттанады. Бірақ бұл уақытша ғана. Əлгі ашығу қайта келгенде. Жоғарыдағы оқиға қайта қайталанады. Осы орайда желіге неге құмармыз деген сұраққа көпшіліктің пікірін сұрап едім.
Гүлжан 20 жаста
Қызықты, жаңалықтар көп. Достарыңның, туыс, таныстарыңның кайда не істеп жүргенін білесін. Телефоным жоқ болса, бірдеңе жетіспей тұрған сияқты.

Арай 19 жаста
Менің желіге күнде сурет жариялағым келіп тұрады. Себебі мен ұнататын адам көріп, лайк басуын қалап тұрамын. Ол көрмесе салған фото қызық емес болып қалады. Жетістікке жеткенімді адамдар көрсе деймін. Жақындарым қуанып, дұшпандарым қызғансын деген де ой бар.

Қамшының сабындай ғана ғұмырды желіге желімделіп өткізіп жатырмыз. Ата-аналарға, жəне барлық қолданушыға құлақ қағыс. Рухани ашықпас үшін мына емді қолдансақ.
Айналамыздағы адамдарға жылы қатынаста боласақ, бумеранг заңы бойынша қайта келеді. Достарымызға жақсы пікірлер айтайық(киімің жарасымды, шашыңда жақсы сəндепсің, бетіңді күшті əрлепсің) деген сияқты. Сонда, ашыққан бос орынды толтыру үшін желіге жүгінбейді. Соңғысы, ата-аналар балаларына жақсы сөздер айтып отырса «сен əдемісің», «сен өзіңe сенімдісің»,«сенің қолыңнан бəрі келеді» сынды сөздер. Сонда балаларыңыз сіз айтуға тиісті сөзді сырттан іздемейді. Егер, осы айтылған ойды қолданатын болсақ, күндердің бір күні, бұл дерттен де айығармыз деген сенімдемін.

Думан Кеңшілік
Әрі қарай

Компьютерді смартфоннан басқару

Алдыңғы мақаламда Смартфонда мәтінді компьютер арқылы енгізуге қажетті қосымшаны жазған едім. Енді осыда керісінше компьютерді Смартфон арқылы басқару қосымшасы жайлы қысқаша нұсқауды қарастырдым. Бұл қосымшаның нұсқалары Android-қа да, IOS-қа да бар.
IT маманның кеңестері: Компьютерді смартфоннан басқару
WifiMouse – компьютерді смартфон арқылы басқаруға мүмкідік беретін қосымша. Бұл:
• сенсорды тышқан мен пернетақта орнына қолдануға;
• компьютерді сөндіруге, сөндіріріп-қосуға, ұйқыға жіберуге;
• ойнатқышты басқаруға;
• қажет десеңіз Презентацияларды да (Power Point) басқаруға мүмкіндік береді.
• Қажетті сілтемелер:
• Компьютерге: http://wifimouse.necta.us/
• Android-қа: Wifi Mouse
• Iphone-ға: WiFi Mouse
• IPad-қа: WiFi Mouse HD Free
Төмендегі видеода бағдарламаларды орнату процесін көрсеттім:
Әрі қарай

Интернет деген мен үшін дәл қазіргі таңда ФБ)))))

«Керекке» кіруім сиреп кетіп еді, Фб-дағы сілтемелерден соң еріксіз осында келдім. «Төрттіктің» (Асқар, Маралбек, Эльвира, Әйгерім) желі туралы жазбалары қызық екен.
Асқар — түрлі атпен пікір жазғанын мойындап, әке ретінде қызына қарауға жар бермейтінін мойындай кетіпті. Ойбой, ол біздің де басымыздан өтіп жатыр. Кейде қызым қасыма келіп «Мама» дегеніне қарай қоймасам, бетімді бұрып тұрып қаратып алады. Қызығына түсіп кеткенім соншалық, «Туу, баршы ары, ойнашы өзің. Адамды мешать етіп» деп ұрсып аламын да, артынша мұным не деп біртүрлі боп қаламын. Кінәлі кім, әрине мен емес, Интернетті ойлап тапқандар кінәлі))) Мен сондай судан таза, сүттен ақпын))))) Қалжың еу, серьезно қабылдап қалмаңдар)))
Әйгерім — тура мені жазғандай болыпты. Сондағы айтылғандар пәшти мен. Айқай-шу, ұрыс-керіске жоқпын. «Сенікі дұрыс» деп қоя саламын. Сөз көтере алмайтындығым бар. Жүрекпен қабылдаймын. Содан ба, жүрегімді ауыртып алмас үшін ешкіммен дауласып, жаға жыртысып, виртуалды әлем болса да «тыныш» жүруге тырысам))) Тым жақын да, тым алыс та араласпаймын кейбір адамдармен.
Эльвира — жалпылай сипаттама беріп өтіпті. Суперана болып көрсетпейді екем өзімді. Ырымшылмын ба, баланың суреттерін тіл-көзден қорқып салмаймын. Жалпы, тіл-көз деген атымен жоқ десе де, желіге бала-шағаны араластырмас едім. Ол өйткені, менің жеке өмірім, жеке шаруам деген түсініктемін. Табысты, псевдо, әсіредіншілдер симптомы менде жоқ сияқты. Барды бар, жоқты жоқ деп айту кейде жақсылық әкеле бермейді екен. Соны түсінгелі бері үнсіз қалуды үйреніп жүрмін. И то… Общм, Эльвира Гаста айтпақшы, жазбаны «айырған»)))))
Маралбек-Марко — жазбасының соңын жұртты ынталандырып, оған қоса мені де)))))) бәйге жариялай кетіпті. Дұрыс қой, жұртты ынталандырып тұрмаса тағы болмайды. Қысқасы, бәріңе респект!!!
****
Елу ме, алпыс па, «керекше» айтқанда қойым біліпті, ел жаңарып, онымен біз де жаңарып отырмасақ, даму деген ұғым атасының басына ма?
Блог - Zhan: Интернет деген мен үшін дәл қазіргі таңда ФБ)))))
«Керекке» келгелі небір мықты тарлан-блогерлердің жазбаларынан білім базамды толықтырып, солардың жазған дүниелері арқылы өзімнің дүниетанымымды, көзқарас, пікір т.б. салыстыратынымды жоққа шығармаймын. Мықты блогерлердің жазғандарын оқып отырып, кейде солардай ойлай алмағаныма ұялып кетсем, кейде пікірлес, мен ойлап жүрген нәрсені дөп басқанына қуанып та қалатынмын.
Бірде Түркістанда ХҚТУ-да жастарды қызықты іс-шараларға ұйытып жүретін ұстазым Мақсат Шотай маған Лев Гумилевтің «Конец и вновь начало» деген кітабын әкеп берді де: «Көкбөрі, (мені Көкбөрі дейтін) мына кітапты оқышы. Оқып шықсаң басыңа неше түрлі идеялар келеді. Мысалы, Александр Македонский, Наполеон, Шыңғысхан сияқты тарихи тұлғалар есік алдында огород егіп, арам шөбін жұлып, бала-шағасын асырап қарапайым шаруа боп жүрсе болар еді ғой. Жоқ, олар өйте алмады. Оларды ұлы амбицияға, өрге сүйреген пассионарлығы еді» деді. Сенде мысалы пассионарсың. Неге, сен де көрші ауылдың жігітіне тұрмысқа шыға салып, сиыр сауып, бала-шағалы болып бір ауылда келін болып қала бермедің. Сен олай еткің келмеді. Сен алдыңа үлкен мақсат қойып, осында Астанаға келдің. Демек, сені де карьераға деген құштарлық алып келді" десін.
Кітапты алып оқып шықтым. Тілі ауыр, миым аузыма түсіп қала жаздады. Ғылым дегенге соншалықты ғылымиландырып жіберген кітаптың кей жерлерін қақтым, кей жерлеріне ойлау деңгейім жете қойған жоқ. Оның үстіне, орысшам да шамалы, терминдер де тентіретіп жіберді. Содан ба, идея алып, тас-талқанын шығарып ештеңе жаза қойған жоқпын. Немді жазам, «толком» түсінбесем)))))))
Әйтеуір ішінде Мұхамед пайғамбарды «эпилептик, кешкісін мұсылмандар жасырынып шарап ішеді», деген сияқты интригалық жазған тұстары есімде қалыпты. Оны мен «ондай адамды біздің елордадағы университетке атын беріп қажеті жоқ, ол біздің пайғамбарға тіл тигізген» деп кітаптан цитата келтіріп тұрып мақала жазбақ болып айнып қалғам, Себебі, кітапты «шағып оқып шықпағандықтан» тыныштық керек дедім. Егер жазсам Эльвира айтпақшы әсіредіншіл болар ма ем? ))))))
Желі дейміз бе, блогтұғырлар мекені дейміз бе, сайт т.б. Интернетке шоғырланған бүгінгі өміріміз алдағы уақытта қалай түрленетінін білмеймін, білгішсініп болжам да айта алмаймын. Пайдалысын тұтынып, пайдасызын өзің сүзгіден өткізіп отыру ғана қалды.
Декретте отырсам да Интернетпен «ауырамын». Қолым қалт етсе осында «жүгірем». Неге жүгірем, нені білгім келеді, неге тойымсызбын, мұның соңы қауіпті ме, жоқ па дейтін сұрақтарға жауап іздеп пәлсапалатып отырғым да келмейді. Данышпандар и так то көп.
2011 жылы Асхат Еркімбай жаңа медиа туралы семинардан кейін осы «Керектен» шықпайтын болғам. Содан кейін Фб-дан, Твиттерден парақша аштық. Бірақ, ол кезде жұрттың бәрі «Мой мирде» жүретін. Кейін осында үдере көшіп келді. Бұрын ақпараттың қызық түрлерін осы жерден алушы ем, қазір Фб-дағы сілтемелерден, ел-жұрттан біліп отыратын болдық. Бірақ, жазған-сызғандарыңды бәрібір де топтастырып жинау үшін өз блогың керектігін түсіндім. «Вордпресстегі», "Қазжурдағы" паролімді ұмытып қалыппын. Жұмысқа шыққан соң тағы да блог ашқым келеді. Мен келем дегенше талай жаңалық еніп, талай өзгеріске ұшырап жатса да, сол «старамодный» күйімде қалып, блогың болғаны дұрыс деген пікірімде қаламын)))))))
Әрі қарай

Мен білетін бақытты адамдар...

Мен білетін бақытты адамдар дегенім жаратылысы ерекше, санасы басқа адамдар емес. Кәдімгі өзім танитын адамдар ғой. Оларды неге бақытты деп есептеймін?

Себебі олар интернетті қолдануды білмейді. Пошталары mail.ru-да тіркелген. Оларға ВКонтакте әлеуметтік желісі жетіп артылады. Сол жақта суреттерін жариялайды, лайк басады, пікірлерін жазады. Instagramда тіркелмеген. Кейбіреулері тіптен білмейді. Олар Twitter-де тіркелмеген. Сол сөзді естісе, не нәрсе деп сұрап, таң қалуы мүмкін. Gmail поштасын мүлдем білмейді. Facebook-та кезінде байқамай тіркелген де шығар. Бірақ оны сирек қолданады. Тіпті, қазіргі күні кірмейтін де шығар. Қолданса да, ВКонтактеден айырмашылығы жоқ. Сол баяғы суреттерін салады, лайк басады, пікірлерін жазады. Youtube сайтында арналарын ашпаған. Керек болса, видео көру үшін сол сайтты пайдалануға болатынын да білмейді. Жалпы, интернетке қатысты нәрселерді айта берсем, жалғаса бермек.

Жоға, өзімді интернеттің керемет қолданушысымын демеймін. Менікі имитация ғой сол. Көпшілік жұрт қайда жүрсе, мен де сол жерлерді көруге асығамын. Wordpress-ты енді біліп жатырмын. «Көштің соңында қалған» қолданушымын ғой. Блог жазуға да қабілетім мәз емес. Әйтеуір, «болмасаң да ұқсап баққырдың» амалы ғой. Кейде шығармашылық конкурстарға қатысамын. Күлкім келеді, дым да бұйырмайды ғой. Соңғы рет 10 мың теңге жеңіп алған едім, есепшотыма ақыры аудармады. Садақа!

Әлбетте, өзімді бақытсызбын деп айта алмаймын. Себебі интернет арқылы белсенді қолданушылар нанын тауып отыр, енді біреулері жобаларымен айналысып жүр. Пайдасына жаратып жүр ғой.

Мен бақытты деген адамдар жұрт қатарлы мәгәстірде оқиды, кейбіреулері бакалаврда жүр. Power Pointпен слайд жасауды үйреніп алғандары да бар. Бір бауырым WhatsApp-ты да білмейді, қолданып көрмеген, елестете де алмайды. Агентті қойдым дейді, себебі ондағы жұрт ВКонтактеге көшіп кеткен, «Асан мен Үсен» сияқты жалғыз қалып қойған ғой. Кейбір кісілер бар, интернетті шынымен түсінбейді, қолдана алмайды. Анда-санда сондай кісілермен әңгімелесіп қалып жатам. Ішімнен: "қандай бақытты адамдар" деп қоямын. "Қазақ тілін былай кемсітті", "қазақтарды қырып жіберді", «орыстар Ресейдің жалауымен жүр», т.б. толып жатқан бас ауыртатын, санаға кері әсер ететін жағымсыз жаңалықтарды оқымайды олар. Неге? Себебі интернеттері жоқ, қолдануды білмейді. Тек жұрттың аузынан естиді ел жаңалықтарын.

Рас, кейде интернетті білмейтін, түсінбейтін адам болғың-ақ келеді. Бір жағынан қызық сияқты: саған интернеттегі бірдеңелер жайлы айтып жатса, сен мәз боп, ештеңе түсінбей, "әә-ә" деп қана тұрасың аузың ашылып… Алайда интернеттің пайдасы жоқ емес, бар ғой. Тек бірдеңені қарап отырсаң, жанынан басқа жаққа сілтеме шығады. Соны қарап жатқанда астынан пікірлер шығады. Пікірлерден соң тағы басқа нәрсені іздеп кетесің. Болмайтын нәрселерді оқимын деп отырып уақытың да өткізіп аласың.

Жиен ағама ризамын. Интернетті қолдануды керемет білмейді, аздап қана түсінеді. Желі-мелі қызықтырмайды. Үйге келіп, интернеттен тек қана киноларды жүктеп алады. Кейде әндерді жүктейді. Бір күнде онның үстінде киноларды жүктеп алып, үйіне барып көреді. Бастапқыда келгенде бірден отыз шақты кино жүктеп алған. Кино көргенді жақсы көретін сияқты.

Өкініштісі, мен қолданатын сайттарда менің бірде-бір кластасым, я группаласым жоқ. Олар тек ВКонтактеде жүр. Туиттер оқымайды олар, блог жүргізетін сайттарды мүлдем білмейді. Тек сабақтарын оқып, жұмыстарын жасап жүрген адамдар ғой ше! Осыдан болса керек, көптеген интернет қолданушылары жаңа достарды Facebook, блог сайттарынан табатын сияқты.

11 жыл бірге оқыған достарымызды оңай ұмытып, 4 жыл бірге оқыған достарымыздан айрылмай жататынымыз қызық. Түсінемін, оқу орнына түстік, өмір көрдік, бла-бла-бла… Тым философ боп кеткен шығармыз. Әлбетте, есейген сайын жаныңа принциптеріңе 60-70 пайыз сәйкес келетін адамдарды жинай бересің. Ал түсінігіңе «ыңғайсыз» келгендерді шеттетіп, артқа қалдыра бересің. Тіптен болмай бара жатса, кейде сыр бөліскен достарым сатып кетті деп жылап аласың. Жылай алмасаң, көңілің түсіп, макаронға тәбетің тартпай тұрады.

Қой, құрысын, не жазып кеттім мен?! Ұйықтайын… Қайырлы түн!
Әрі қарай

Ертең басталатын үшінші ортаазиялық форумда Интернет саласына қатысты айтылған болжамдар мен қабылданған шешімдер талқыланады



Мамыр айының 18-19 жұлдызында Алматыда жыл сайын ұйымдастырылып отырылатын «Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012» форумы өтеді. Аймақтағы Интернеттің даму деңгейін халықаралық мамандар мен 4 ортаазиялық республикадан келген сарапшылар бағалайды.
Әрі қарай

Көгілдірлердің қамы

Егер 18-19 ғасырда осындай опция жасасаң, жоба CEO-сы:«жынысы еркек болса — автоматты түрде әйел, ал әйел болса — автоматты түрде — еркекті ұнататын қылып қоймайсың ба?» деп, ұрысар ма еді? Не болмаса Оскар Уайльд
Әрі қарай