Жастайыңнан спортқа өзіңде қызығу керек,басқаларды қызықтыра білу керек

Биылғы Еуро-2016 чемпионаты басталғалы
-футболға қалай қызығасың?
-Одан да басқа істермен шұғылданбайсың ба?!
-Қыздарға спорт жалпы не үшін керек?-деген секілді сауалдар көп қойылды. Менің ойымша спорт тақырыбына келгенде оған сен қызсың ба, ер баласың ба,үлкенсің бе, кішісің бе талғамау керек. Спорт демек ол спорт! Əркім ішкі қалауы бойынша жүреді. Қарап отырсақ спорттың қай түрінен болсын бəрінде қыздар бар. Ол мейлі ауыр атлетика болсын, бокс болсын, воллейбол, күрес, дзюдо бəрінде бар жəне елге өз үлестерін қосып, атын танытып та жүр. Содан кейін қалайша қыздарға тосқауыл қоя аласыз?!
Өзім спорттың воллейбол, дзюдо, футбол, тоғызқұмалақ түрлеріне қатты қызығамын. 7 сынып кезімде дзюдоға қатысып жүріп, кейін басқа мектепке ауысқанымда қалып қойған еді. Содан бастап қызығушылығым оянды. Кейін сол мектеп қабырғасында жүргенде аудандық қыздар арасындағы мини-футбол, командалық тоғызқұмалық, воллейбол жарыстарына қатысып жүрдім. Ауылда кешкі мал өрістен қайтар уақыттан бұрын жиналып ауыл балалары қыз-ұлы аралас футбол ойнаймыз. Үлкендер болса дөңгеленіп отырып əңгіме айтады, тағысын тағы өте қызықты болатын. Одан малды қамап тастап көше-көшеде жиналып тағы футбол ойнап,үйге əбден кешке кіреміз. Міне, содан соң да футболға қызығушылығым жоғары.
Ощм, биылғы Еуро-2016-да Портуалдарға жақтастым. Негізі Мадритистпін))) Портудың құрамында Реалдың жұлдыздары болғандықтан əрине) финалға шыққандарында қатты қуандым, əсіресе Уэльспен болған матч ерекше қызықты өтті. Енді Франциямен болатын соңғы ойынды асыға күтудемін)))
Әрі қарай

Интернеттегі қазақша блог, қазақша сайт

Интернет «сет» жүйесіне менің де өз сайтым "қазақ тілінде" қосылғаны жайлы керекИНФО-ға жазуды ұйғардым. Менің блогыма ссылка: sot.idhost.kz. Жұрттарды сайтыма кірсін деп жарнамаламаймын. Жай ғана білсін деймін. Мен блогымды біреулер оқуы үшін емес, жай ғана өзімнің жастығымның астындағы күнделік етіп жазып жүрген дәптерім қылып қолдану үшін жазамын.
Енді ары қарай менің сайтым жатқан idhost жайлы айта кетейін. Ол жайлы білмейтіндер оны ucoz сияқты конструктор деп ойлауы да мүмкін. Бірақ ол ешқандай конструктор емес. Кәдімгідей нағыз сайт жасайтын хостинг. narod деген хостинг сияқты, бірақ одан мың есе артық. Қысқасы сатып алынатын хостингтан айырмашылығы жоқ. Бірақ тегін беріледі. Бір ғана кемшілігі домен idhost.kz болып аяқталуы керек. Онда тұрған айтарлықта онша ештеңе жоқ. Бастысы хостингта сақталған файлдар (сайттар) мегалайнерлер үшін жоғарғы жылдамдықта, әрі тегін жүктеледі.
Әрі қарай