Бақытты болғың келсе....



Жаңа жылдың мерекелік күндері де аяқталып, бокалдың сыңғырлаған үнімен бірге әдеттегі шаблондық «бақыт, құт-береке, ашық аспан» деген тілектер де азайды. Ал ойлана келсек, осы «бақыт» деген сөзге біз қандай мән-мағына береміз? «Жаңа жылда жаңа бақыт тілеймін» дейміз, сонда ол бақыттың біреу болмағаны ма, жыл сайын жаңарып отыратын шығар.)

Жалпы айтайын дегенім, менің ойымша, әр адамның бақыты өз қолында. Оны мына сайтқа кіріп-ақ жасап ала аласыз)) Шындығында бұл Қазақстандағы фен-шуй академиясының сайты. Сондағы кеңес бойынша, сен өз өміріңнің немесе тағдырыңның жобасын жасауың керек. Қандай қызметте, кіммен бірге, қалай тұруыңды қалайсың-осының бәрін өзіңе ұнайтын суреттермен әрлеп, ойластырып қоюуың керек.

Фен-шуйға сеніңіздер деп айтпаймын (өзімде ондайға көп сене бермеймін) ал бірақ, жаңа жылды, жаңа арман, жаңа мақсаттармен бастауларыңызға тілектеспін деймін. Өйткені арманыңдағы үйді іздеу (google-дағы суреттерден болса да), ойыңда жүрген мақсаттарың туралы ойластыруға не жетсін! Армандаңыздар, алдарыңызға мақсат қойыңыздар! Ең болмаса, осы сайттағы картаның істейтін істемейтінін анықтап аламыз:)
Әрі қарай
  • 0
  • 12

Жаңа жылды Жезқазғандықтарша тойлау



Әңгімемнің әлқиссасы жаңа жыл һәм Жезқазған. (Достарым мен және жұбайыммен барғанымды ескерте отырып әңгімені өз тарапмынан айтсам деймін) Сонымен "Қарағанды-Жезқазған" автобусынан 30-ы күні кешкі ондар шамасында (22.00)түстім. Жолда байқағанымдай бұл жақта қар атымен жоқ.Таксиге отырып, группаласымның үйіне тарттым.Жол құны 300 теңге. Бұндай ақшамен біздің қалада екі аялдаманың арасында ғана жүресіз.Су тегін көрінгені соншалық вокзалға екі рет барып келгім келіп кетті.Көптен көрмеген группаласымның үйінен былқытып асылған етті жеп алып көшеге шықтық.Таксидің ішінде келе жатқанда да жаяу аралағанда да «жаңа жылдарыңызбен» деген құттықтаулар мен баннерлердің аздығына көзім жетті.
31-желтоқсан күні күндізден шықтық көшеге.Көшеде үш сағат жүріп 4 масты әрең көрдім.оның өзінде құлап жатқан жоқ.Жәй мас.Түс ауа Сәтпаев қаласындағы кластасымызға тарттық. Бұл жақтағы алаңға мұздан қала орнатып қойыпты. Кешкілік сол қалашықтағы алаңда мерекелік концерт болды.Бір байқағаным әндердің 90 пайызы қазақ тіліндегі әндер.Орысша әндерді жәй поппури ретінде кіргізіп отырды.Ырза болғаным соншалық әншілердің сахнасына шығып, бір-екі өлеңге қосылып билеп,ән айттым.
Қар жоқ деиесеңіз бәрі жақсы.Тек "қара суық қара нарды да құлатады"-деп атам қазақ тегін айтпаса керек.Жел өңменіңнен өтеді.
Жезқазғандықтардың айтуынша бұндағылар «Наурыз мейрамын» қатты тойлайды-мыс… Көрмеген соң айта алмаймын. Сөйтіп Жезқазғандықтарға жаңа жылда жаңа қар тілеп қайттым Қарағандыға.
Әрі қарай
  • 1
  • 5

Мейрам...



Біз үшін басты мейрамдар қай күндер? Иә мейрамдар көп, ресми мейрамдар, діни мейрамдар, кәсіби мейрамдар… Менің ойымша қазіргі заман адамдарының басты мейрамдары — Жаңа Жыл және туған күн. Осы екі күнді ерекше күтеді. Тіпті тойламаймын дейтін адамдардың өзіне іштей қызық бұл күндер. Ал басқа мейрам күндері ше? Ол мейрамдар жәй ғана демалатын, жұмыс, оқудан босайтын, сыйақы алатын күндер. Жаңа Жыл мейрамына бәрібір ешқандай мейрам жетпейді. Менің бұл мақаланы жазуыма жыл сайынғы «Жаңа жыл қазақтардың мейрамы емес» науқаны.
Әрі қарай
  • 1
  • 5