Құрбан айтта құрбандыққа шалынған 4 қыз қайда?
Қыркүйек айының 24-26 күндері аралығынға шығыс өңірінің халқы өзге аймақтардан қалыспай Құрбан айт мерекесін атап өтті. Халифа Алтай атындағы орталық мешітте таңғы Айт намазы оқылып, дұға етілгеннен бастап, мереке өз жалғасын тапты.
Құрбан айт мерекесінде құрбандыққа мал шалынып, оның еті үш бөлікке: өзіне, туыстарына және мұқтаж азаматтарға таратылып берілетіндігі көпшілікке аян. Бірақ, биылғы жылы құрбандыққа… 4 қыз шалыныпты. Дәл осындай отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарап, жастардың арасында мереке шырқын қашырды.
Жастар арасында әлеуметтік желі, соның ішінде Вконтакте, WhatsApp желілері арқылы таратылған суретте Бахабистер қыздарды құрбандыққа шалу үшін ұрлап жатқандығын айтса, жедел таралған аудиожазбада: «… қыздары! Жаңа хабарландыру болды! Байқап жүріңдер жолдан! Экстремизм жүріп жатыр! Осы қаладан 4 қызды ұрлап кетіпті. Ешқайда бармаңдар. Бүгін үйде отырыңдар. Ешқандай таксимен жүрмеңдер. Кешке көшеге шықпаңдар! Түсінікті ма? Үйде болыңдар. Осылай бәрлік қыздарға жетізіңдер. Па городу милиция жүріп жатыр» (жазба редакциялық жөндеуден өтпеген) деген саңқылдаған қыздың дауысы бірден жас буын өкілдерін дүрліктірді.
Дәл осындай хабарландыру 2012 жылы көптеп таратылған еді. Онда Оңтүстік Қазақстанда, Қарағандыда экстремисттер көшеге қағаз лақтырып, онда 40 баланы құрбандыққа шаламыз деп жарияланған-мыс. Сол жылдан бері дәл осындай хабар жаңа жылда, наурыз мерекесінде емес, Ораза айтта да емес, дәл Құрбан айтта таратылады.
Айталған хабар аясында тек әлеуметтік желілер ғана бір шулап қалды. Ал ресми ақпарат таратушы ғана емес, бейресми сайттардың өздері де бұл тарапта ауыз ашпады. Тек abai.kz сайты nur.kz сайтына сілтеме жасаған «Құрбандыққа «Адам шалады» деп алаңдауға негіз жоқ» деген мақаласында оның барлығы жалған екендігін көрсеткен.
Жасырмаймыз, балалар жоғалу үстіне. Дегенмен, оны дәл Құрбан айт мерекесінде құрбандыққа шалынып, еті жіліктеніп, таратылып жатқан жалған ақпаратпен немесе дезинформациямен байланыстырудың қажеті жоқ сыңайлы. Себебі көріп тұрғандарыңыздай ешбір жерде ресми ақпарат таратылмады және сақтық шаралары жүргізілмеді.
«Қорыққанға қос көрінеді» демекші, тәуелсіз, зайырлы және дін бірлестігі орнаған елде отырып, күлкіге қалып жатырмыз. Әрине, «Сақтансаң, сақтаймын» деген қағида бар. Жыл сайын «көрінбейтін адамдар» «көрінбейтін қыздарды» құрбандыққа шалғанына басымызды сұқпай, қалай ақиқат пен өсекті айыра білу керектігін үйренсек етті.