Керекке кірмей кеткен себебім...

Шамамен 3 күндей «Керекинфоның» есігін ашпаппын, ашсамда жәй сығалап қана үлгерген болармын.Әйтеуір, құмардан қанғанша оқи алмағаным анық. Себебі де жоқ емес. Себебін мына ұзын сонар жазбамнан оқып алыңыздар.
Әрі қарай

Қайрат Байбосынов ағамыздың орындауындағы әндер

Асхат мырзаның өтініші бойынша және бойында қазақтың қаны ойнап тұрғандар да бей-жай қарамас деп қазақтың қара домбырасына кезек беруді жөн көрдім.
Гәкку. ІІ нұсқа

Гәкку.ІІІ нұсқа

Нәзік гүл
Әрі қарай

Домбыра жайлы

Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра-ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп.
Әрі қарай

Біздің өнімдер мен қызметтерімізбен таныс болыңыздар!

Алдыңғы постта біздің шеберханамызбен таныстырған едік. Міне, бүгін сол кішкене ғана шеберханамызда біз қандай ұлттық аспаптар жасайтынымыз және неге сіздер тапсырыс бере алатындарыңызды жазғымыз келіп отыр.

Әрі қарай

Айгүл Қосанова мен Клара Төленбаева

Қазақта әнші қыздар көп қой. Солардың ішінде сырнайлатып жүрген Клара апамыз бен батыстың екпінді әндерін төгілте орындап жүрген Айгүл апамыздың орындауындағы әндерді тыңдай отырыңыздар

Әрі қарай

Күйшілердің және күйші достары барлардың назарына!

Қазан айының 27-29 аралығында Қарағанды қаласында шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы күйшілер конкурсы өтеді. Конкурсқа 16 мен 35 жас аралығындағы домбыра, қылқобыз, қобыз-прима аспаптарында ойнайтын орындаушылар қатыса алады.
Әр облыстан әр аспаптан екі орындаушы қатысады. Сондай-ақ осы тектес конкурстардың Бас жүлдесін және І-орын алғандар қатыстырылмайды.
Конкурс үш кезеңнен тұрады. Шығармалар жатқа орындалады(нотаға қарамай). Бір кезеңде орындалған шығарма келесіде қайталанбайды. Сайыскердің өзі ұсынған бағдарламасын кейін өзгертуге қақысы жоқ. Әр кезеңде үш күйден, оның ішінде Тәттімбет шығармасы болуы талап етіледі.
Әрі қарай

Керек-айтыс

Бұл күнде біздің өмір барыс-қайтыс,
Жолымыз да кедір-бұдыр, ұйқыш-айқыш,
Жұмыс пен үй ортасын шаң қылғанда,
Көңіл, шіркін, сұрайды екен Керек-айтыс.
Әрі қарай

Қазақтың домбырасы жайлы бір ауыз сөз...

Домбыра!
… Артынан жау қуып, алдынан құз кезігіп, бір топ қазақ дал болса керек. Қатыгез дұшпан таянып келіп қалғанда жігіттердің бірі қоржынынан сені шығарып алдына өңгеріпті дейді, домбыра!
-Есің ауысқан ба! Садақ тартатын қол жетпей тұрғанда күй шалып қай адасқаның!-деп қолбасы ұрысқан екен.
Күйші жігіт үндемепті. Әлгінде өздері кешіп өткен, тереңдігі ат тобығынан ғана келетін өзеншіктің жағасына барып, күй аңыратқан дейді. Сонда жел суылдап, тас атқандай бопты-ау. сонда тау көшіп, жер сілкінгендей бопты-ау. Содан өзен буыпқанып, долданып, суы көпіре қаптап, қуа келген жауды ат-матымен домалатып қырып жіберіпті-ау! Бір ғажабы күй шалған жігіттің аяғын аймалаған өзен суы бұрқамапты. Сылқ-сылқ күліп, құрық тастам ұзай беріп, долылық атыпты. Үлкендер айтады: туған жердің топырағы киелі, суы киелі. Дұспанға-оқ, өзіңе-қалқан. Тілің таба біл! Қасиетін сақта! Киесін аттама!
Домбыра үні баяулап басылғанда, өзен байырқалап сабасына түсіпті дейді. Сел тоқтап, күн ашылыпты. Қара жартас қақ айырылып, жол беріпті дейді.
Қайран, домбыра! Көл-көсір дүниеде сенен ардақты нәрсе табар ма екем?! Аңызың арманға жеткізсін. (С.Сматаев «Елім-ай» трилогиясынан)
Әрі қарай