Депутатқа ұсыныс...

Депутат десе қарапайым халықтың көз алдына жұмыс істемейтін, жалақысы көп, мемлекеттің ақшасына қыдырып жүретін жасы 50-ден асқан ағатай елестейді. Істеген жұмыстары міне-міне деп көрінбеген соң солай ойлайды. Жалпы, халықтың арасында депутатқа деген негативті көзқарас бар. Бірақ, бәрі балаларының депутат болғанын қалайды)
Мен жаңадан сайланатын депутаттарға әлеуметтік желіден аккаунт ашуды ұсынар едім. Депутаттың кемінде 3-4 көмекшісі болады. Соның біреуіне смартфон ұстатып қойып, өзі бағыт беріп отырса халық істеген істеріне көз жеткізер еді. Оның үстіне халыққа да жақындай түседі. КВН-шиктер де ұйқы туралы әзілдерін азайтар еді. Содан, депутаттардың арасында рейтинг есептеп сыйақымен мараппаттап отырса тіпті бәсеке күшейіп, парламенттегі жұмыс ашық көрінер еді. Кімнің- кім екені көрініп, халық жұмысын интернет арқылы білген соң дауыс беруге де көзқарасы басқаша болар еді. Солай емес па?
Әйтпесе, мандаттан үміткерлердің жартысынан көбін халық саяси аренада көрмеген. Танымайды. Тіпті, «Ақ Жол» партиясының атынан тізімге енгендердің 70% кәсіпкерлер екен.
Қарапайым облыстық деңгейдегі мемлекеттік басқармалар да әлеуметтік желіні оңынан пайдаланып отыр. Осы желі арқылы өздерінің аудиториясын қалыптастыруда.
Жалпы, депутаттардың атқарған жұмыстарынан хабардар болып отырғым келеді.
Әрі қарай
  • 0
  • 0

Сайлаудағы саяси жүріс...

Біздің журналистерге рейтинг болса болды ғой шіркін! Өзі түсінбей отырған халықты "Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова депутат болады" деген тақырыптармен одан сайын шулатып қойды.

Біріншіден, кандидат болды деген мандат алып депутат болды деген сөз емес. Әзірше олар жай ғана тізімге енді.
Екіншіден, бұл деген саяси жүріс. Яғни, танымал адамдарды тізімге енгізе отырып халықтың сайлауға деген көңілін бөліп, көбірек дауысын жинау. Уақыты келген кезде сол «вид» үшін жүрген әртістер өздерінің дауысын лайықты деген немесе билік айтқан үміткерге беріп шетке жылжи салады. Бұл жерде олар өздерінің жас екендерін, ағаларға сенетіндерін айтып халықтың алдында тағы бір мәрте беделдерін көтеріп қалады. Жақсы емес па?

Үшіншіден, жылына 2,5 миллион доллар табатын Қайрат Нұртас 500- ақ мың үшін әншілігін қойып депутат болады дегенге сенбеймін) Сондықтан-да сабыр сақтайық!

Өзім, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан ағамыз депутаттықтан үміткер болғанына шынымен қуандым! Сәттілік аға! Мүмкін Сіз, мандатқа мұқтаж емес шығарсыз. Бірақ, Ел Сіздей депутатқа мұқтаж!
Әрі қарай
  • 0
  • 0

Шенеуніктерге жастардың жауабы


Сілтеме rutube.ru/tracks/1615850.html
Мына роликті орыстар 2009 жыл жасаған екен, мен бүгін көріп отырмын. Ресейде «Жастар жылы» деп жарияланған екенғой, содан орыстың жастары шенеуніктерге осындай видеоролик жасапты.
Базарда жоқ етіп жасалыныпты! Ырзамын!
Әрі қарай
  • 7
  • 3

Мәжіліс депутатының өтемақысы 600 мың


Санайғақ: “Мәжіліс тарады. 119 депутат жұмыссыздар қатарын толықтырды. Экс-депутаттар ай сайын үш ай бойы жұмыссыз ретінде мемлекеттен 600 мың теңге өтемақы алып отырады. 3 айда 119 депутатқа бюджеттен 214 млн. 200 мың теңге жұмсалады екен”,

— деп аймандай қып жазып қойыпты “Абай.кз” сайтының маңдайшасына.

Бұны көргендер “Білә, бұл ақшаны мен пәлен ай істеп жүріп әрең алсам, бұлар бір-ақ айда алады екен ғой. Өтемақысының өзі 600 мың. Бәсе, жұрттың неге депутат болғысы келеді десем ақшасы көп екен…” деп неше түрлі негатив ойларға кетуі мүмкін. Кетіп жатқан да шығар уже. Бұл бұл ма, оларға пәлен айлықтың үстіне қосымша қызметтік пәтер, көлік беріледі. Олар осы ақша мен баспанаға лайық елдіктің бүгінін де, ертеңін де көркейтіп жіберетін әділ заңдар шығарып, қазақтың мұң-мұқтажын қорғап, ләкин халқын шырылдатпайтын әділ заңдар шығара алды ма? “Судың да сұрауы бар” демекші, кейде осыншама қыруар қаржының қайда не мақсатта жұмсалғанын Құдай о дүниеде депутаттардың бәрін алдына тізіп қойып сұраса не дер екен? “Мен ана “Тіл туралы” заңға өзгеріс енгізуге атсалысу үшін микрофоннан бір рет сөйледім, мынанша депутаттық сауал жолдадым демекші ме? Я сайлаушыларыммен кездесіп, қап-қап уәде беріп келдім, арыз-тілек, талаптарыңды жоғары жаққа қалайда жеткізем деп айттым” демек пе? Болмаса тірісінде жасаған сауапты істерін санамалаумен әбігерге түсер ме екен? Жә, қойшы, депутат осы дүниедегі қылған ісіне құдай алдында өзі жауап береді ғой, оған сіз бен біздің не басымызды ауыртқанымыз бар?

Біз ше? Уа, жамағат тұрғындар, біз не дейміз құдекеңе? Біздің де айлығымыз 600 мың болса не істер едік? Шүкіршілік етіп күн көрер алар ма екенбіз, жоқ көп ақшаның буымен есіріп кетер ме екенбіз? Жоқ әлде “бұл сұрақты қойып басты қатырма, халықтың айлығы ешуақытта 600 мыңға жетпейді, армандамай-ақ та қой. Одан да тып-тыныш өміріңді сүре берсейші” дегіңіз кеп, монитордың ар шетінде маған жыныңыз кеп тұр ма?

Жарайды, нервіңізге тимей-ақ қояйын, онсыз да позитившіл пенде болуға бәріміз ұмтылып жүр емеспіз бе? Лайым солай болсын.

24.11. 2011 жыл. Сағат:14:55
Әрі қарай
  • 8
  • 40

Осымен осылай деймін...

Жұмыс уақытының аяғына сәйкес келген соң ба бұрын бұл бағдарламаны көрмеппін. Бар екенін білумен шектелетінмін. Сәті түсіп (сәті түскеніне өкінетінімді білмедім ол кезде) мамырдың 17-сі күнгі бағдарламаны көре қалдым. «Сонымен солай дейік…»…
Әрі қарай
  • 0
  • 20

Халық жанашырының халықтың ортасында болуының ыңғайлы тәсілі...

@muratabenov, халық қалаулысы — Мұрат мырза ортамызда болып жаңа қырынан көрінді. Енді осы бір елімізге пайдасы орасан зор қадамды жалғастыруға Макең өз ортасында шақырса деген үлкен өтінішім бар. Байқасаңыз, бұл жерде өзегі сыздап жарылғалы тұрған
Әрі қарай
  • -1
  • 5