Шырқа, гитара! ән кеші

16 ақпан күні, сағат 17.00. «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Шырқа, гитара!» атты ән кеші өтті. Қарағанды қаласының кәсіби және әуесқой гитаршыларының басын біріктіріп, ән салып, өнерпаз жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып, олардан түрлі ұсыныстар алып, сұхбат құрып, көңілді кеш ұйымдастырылды.

Қатысқан гитаршылар:
Шакенов Владимир Жунусович – Қарағанды қаласының №1 балалар музыкалық мектебінің ұстазы. Свердлов қаласының, Чайковский атындағы музыкалық училишесінің гитара класын тәмәмдаған. Көп жылдық тәжірибелі гитаршы.

Айнаш Сәдуақас – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 7 курс студенті;

Әнші, сазгер Жансерік Нишанбеков;

Рауан Қабидолдин – ақын, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі;

Асыл Баянова – Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің студенті;

Марғұлан Уәли – әнші, сазгер. Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы.

Сонымен қатар Алмас Мырзахмет, Айзада Рахимжанова, Еркін Нарынов т.б. ақындар өлеңдерін оқыды.

Кеш еркін форматта өтті. Елімізге танымал сонау 70 жылдардан бастап, кейінгі жылдарға дейінгі сазгерлердің әндерін айтып, және жаңа авторлық әндер орындалды.

Ән қалықтап, көңіліміз шарықтай берсін!

Блог - ZhastarTynysy: Шырқа, гитара! ән кеші

«Шырқа, гитара!»

Құрметті достар!

«Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өтетін «Шырқа, гитара!» ән кешіне шақырамыз!
Блог - ZhastarTynysy: «Шырқа, гитара!»

Ақын болғым келмейді...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Ақын болғым келмейді...
Ақын болғым келмейді, өлеңім бар,
Өлеңім бар, қажетті көлемін ал,
Адам болғым келеді, адам болғым,
Бұл жалғанға бір-ақ рет келемін-ау.

Арам болғым келмейді-ау, ұятым бар,
Кетсін әрмен отқа май құятындар,
Мен өлгенде тәнімді жерге көміп,
Қу дүние-ай, сый қылып ұятымды ал.

Бастық шықпас, болмаймын, бата алмаймын,
Мүдделесті «бақ» үшін сата алмаймын,
Кішілермен қырлысып қырық пышақ,
Үлкендердің «астына жата алмаймын».

Болса дағы жүрегі мейірімді,
Дәрігердің, байқасақ, күйі мұңды,
Сынған қолға ағаш сап, түзетсемде,
Жинай алман, өлген жан, киіміңді.

Өмірінде көрмеген жоқ саласы,
Журналистер қоғамның бейшарасы.
Көз алдында халықтың қорғаны ол,
Қолындағы биіктің гитарасы.

Кейін қарай, ей көңіл, тартасыңба.
Жоғалмаған қадір бар әр тасыңда.
Дүниенің халыққа бақ болуы,
Дөңгелеткен адамның арқасында
©Ернар Сейтахмет
Әрі қарай

Каверчиктер

Сүйем сені деп гитараман еңіретіп ән айтатын мына жігіт естеріңізде ма? Ватсапта да хит болған.


Мынау осы жігіттің екінші әні. Жүктеген уақыттарына қарағанда бірінші әні)
Әрі қарай

Талантты гитарашы Чигинцев

Ютубта талай керемет таланттар бар ғой. Бірақ мен үшін Макстың жөні бөлек, неге екенін білмеймін мен Максим Чигинцевтің талантына ғашықпын. Оның орындауындағы әрбір әуен нотаға дәл түсіп, адамды еріксіз елітеді. Гитараға аздап әуестігім болғасын ба сағаттар бойы тыңдай беруге жалықпаймын.
Сілтеме: www.youtube.com/watch?v=ljFlfsNcfU0
Сайты: 4igi.ru
Әрі қарай

Жылжиды аққу айдында жылжымайды....

Кезінде «Жылжиды аққу айдында жылжымайды....»деп жырлаған Қорабай Есеновтың қазақ ән өнерінде(үлкен сахналарда) гитарамен ән айтқан алғашқы қазақ екенін біреу білсе біреу білмес. Бұл кісінің әсерімен қолына гитара алып, сахнаға шығып, өнерден өз орнын тапқандар жетерлік. Атап айтсақ, Нұрлан Өнербаев, Ерлан Белғозиевтар, кейінгі буыннан Сейіл Аяғанов деген әнші жақсы көрініп жүр.
Көп қыртқанша, бір тыңдатайын деп мына әндерді жүктеп отырмын. Маған ең соңғы өлеңі көп ұнайды.
Қорабай Есенов-Қоштасу

Қорабай Есенов-Жалғыз аққу
Қорабай Есенов-Жас қалам
Қорабай Есенов-дос туралы
Әрі қарай

Қалмақ қызы Ноган Мандижева

Салем, керекинфошылар!
Кеше поштама салыпты мына бір бейнероликті.
Қалмақ қызы Ноган Манджиева әні екен. Керемет ойнайды гитарада. Студент кезде осындай бір гитаршы қызға есім кетіп құлап… соның әсерімен осынау аспапты үйренем деп, саусақтар мен тырнақтарымды қинағанмын. 5 -6 аккордты үйреніп, әуен шығарғанмен, сол әуенге қосылып айтатын дауыс болмағасын, қой ән айту маған бұйырмаған екен деп тастағанмын.
Осынау бейнероликті қабыл алыңыздар!
P.S. алғашқы постым
Әрі қарай

Hola amigo!

Испания десе, гитара, аренадағы тореадорлар, және Фламенко елестейді көз алдымызға :)
Алматыда фламенко.кз ұйымдастырумен алғаш Фламенко фестивальі болып өтті. Астанадан келген кішкентай қонақтар фламенконы билесе, Барселонада гитарамен фламенконы
Әрі қарай