Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)

Арнайы "Үздік кино сыншысы" конкурсы үшін

Соғыс гүлдері / The flowers of War фильміне рецензия
Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)
Өз басым соғыс туралы фильмдерді ұнатпаймын. Ұнатпағанда эмоцианалды тұрғыдан ондай жанрдағы фильмдерді қарау мен үшін сондай ауыр. Сол себепті менен соғыс туралы қандай фильм көрдің деп сұрасаңыз эээ… ммм… деп қалуым ықтимал. Дегенмен, мына бір соғыс туралы фильмнен теріс айнала алмай кеттім. Негізі фильмді, сөздің шыны керек, соғыс туралы деп ойламадым. Сенесіз бе, тіпті, жеңіл комедиялы фильм деп те ойладым. Фильмнің сюжетін оқымаған едім, постеріне де назар салып қарамағанмын. Тек актерлік құрамына ғана көз жүгіртіппін.
Сонда басты рөлде қолында қос оскары бар, красавчег Кристиан Бейл ойнайтынын білдім. Фильм қандай болғанда да, жаман болмау керек деп шештім де, жүктеп алып, жайғасып қарадым. Әсерленгенім соншалық, уақыт тоқтап, 1937 жылдың 13 желтоқсанында болған Қытай-жапон соғысына тап болғандай болдым.
Фильм маған өте ұнады, әсерлендірді,әйтеуір биылдыққа бұдан артық әлі әсерлі дүниені қарамадым. Дей тұра, супер, қызықты деп те айтуға аузың бармайды екен. Соғыс көріністері, жапон солдаттарының хайуандығы, адам мүрделері, жарылыс, қан − мұндайды көре тұра «мәәә, қандай қызық!" дей алмасың анық.

Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)

Фильмнің сюжеті қытай-жапон соғысы кезінде болған шынайы оқиға желісімен түсірілген. Басты кейіпкер, америкалық табытшы Джон, қайтыс болған дін қызметшісін көму үшін, шіркеуге келеді. Сонда ол жасырынған шіркеу қыздары мен көрші көшенің жезөкшелерін көреді. Қыздарды жапондардың хайуандығынан құтқару мақсатында, ол өзін дін қызметішісі етіп көрседі.
Қысқа да нұсқа сюжеті осындай.
Сипаттамасына қарасаң, сондай бір барлық Голливуд киноларына сай банальды сюжет сияқты, иә? Сондай банальды сюжеттен фильмді кереметтей әсерлі еткен, ол – актерлер. Енді Кристиан Бейл оскарларды бекерге алып жатқан жоқ қой, оның талантына шүбә келтірмейміз. Ал қыздар ше? Қыздар жағына келсек, басты рөлдегі актриса Ни Ни үшін (оның өзіммен жасты екенін білгенімде, аздап шок болдым) бұл кино әлеміндегі алқашқы дебюті екен. Ом мане! Түріне, ойынына қарап, Қытай кинематографиясына еңбек сіңірген әртісі дерсің. Қалған қыздар да рөлдерін өте сәтті ойнап шыққан, бәрі орнымен, еш артық немесе кем нәрсе байқамадым.

Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)
Аа иә, айтпақшы, мен қалай фильм режиссері туралы айтпай отырмын? Ол деген Чжан Имоу ғой! Одан құсық туынды күтіп көр! Ол кім еді десеңіз, бұл кісі «Герой», «Дом летающих кинжалов» сынды әлемдік кинематографияның алтын қорына енген шедеврлердің режиссері. Байқап отқаныңыздай, бұл кісі фильмдерінде зұлымдық пен бірге сұлулық да қатар алып жүреді.

Қорытынды: Фильм соғыс драмасы. Мұнда соғыс атмосферасы өте жақсы берілген, қарап отырып, денең түршігеді. Фильм − ауыр, салмақты, қыздардың іс-әрекеттері ойландырады, әсерлендіреді, жігерлендіреді. Сондай режиссерімен, актерлік құрамымен, орнымен әрленген әуендерімен өте жоғары деңгейдегі жасалған фильм деп ойлаймын. Барлығына қарауға ұсынамын (әсіре қыз балдарға))).

10/10

Марапаттары:
Фильм 2012 жылы шет тіліндегі ең үздік фильм номинациясы бойынша «Алтын глобусты» жеңіп алды.
Актриса Ни Ни Азия киноакадемиясының «алғашқы дебют» номинациясын жеңіп алды.

Білесіз бе,
Фильм Гэлин Яньнның «Нанкиннен шыққан 13 гүл» атты романы бойынша түсірілді.
Басты рөлге Кристиан Бейлді Стивен Спилбергтің өзі ұсынған екен.
Қытай тарапынан «шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша 2012 жылы Оскарға ұсынылды.
Әрі қарай