«Қытай болдым, мінекей...» һәм Анадолыға алғашқы адым (фотобаян)

Уа, жамағат!

Халдарыңыз қалай?

Өмірінде өз өлкесінен тысқары шығып көрмеген біз пенденің де пешенесіне түріктің топырағын басу бұйырыпты. Керектік белсенді қолданушы һәм «Түркияның атақты әртісі» Ғалия ханымға мың и бір алғысымды айтып қойсам. Ыстамбұлдағы 2,5күннің ішінде ол апам көрмегенді көрсетті(нақ мағынасында) және и нтернет таба алмай жүргенімде өзі де қалам тербеп үлгеріпті.
Әрі қарай
  • 50
  • 44

Teriskey туралы жазба

Кеше емес, алдыңғы күні Ыстамбұлға Teriskey келген-ді. Қарсы алуға барғанда «Ататүрік» айырапортындағы алуан адамның ішінен жазбай таныдым. Көрмеген бір жылдың ішінде түк өзгермепті. Сосын, көрер көрмес қалжыңына басты. Әпкесі мен жездесі, қарындасы төртеуі келетінін айтқан еді. Олар Киевте қалып қойды, документінде проблем шығып дейді. Және жазғанның түрі бір өзгермейді-ау, сып-серъезны айтады. Мен сеніп қалдым да шошып кеттім. Сөйтіп бір қорқытты. Сонымен көрістік, ауыл-елдің жаңалығын есіттім, жарты жолға дейін бірге бардым да, өзімнің жатақханамның жанынан қалып қойдым. Оларды Шыңғыс дейтін біздің қара бала(Ыстамбұлдың авторитеті) жайғастыруға алып кетті.
Әрі қарай
  • 28
  • 41