Супермаркет ландшафты...

Карсон Дэвис Браун атты фотограф өзінің MASS жобасында супермаркеттегі тауарларды түсіреді. Түрлі супермаркеттердегі бір түсті тауарлардан инсталляция жасайды да тез-тез түсіріп қашып кетеді.

Карсон Дэвис Браун: «Бұл жобам шамамен көше және ландшафт өнерінің ортасы. Супермаркеттердегі бір түсті тауарларды жинаймын да инсталляция жасаймын. Сауда алаңдарын музей сияқты қылдым, ал сатып алушылар — оны тамашалаушылар. Суретке түсіруге рұқсатым болмағандықтан тездетіп фотоға түсіремін де, қашып кетемін.»

Суреттер сөйлейді: Супермаркет ландшафты...

Әрі қарай

Ұсыныс!

Қазақстан аумағындағы супермаркеттерде тек қана қазақша әуен ойнап тұруы керек. Бұл өзге тілде ойлайтын елдің санасын жаулауға жақсы әсер етеді. Өзімізге де жағымды. Маркетологтар күннің әр мезгілінде әр түрлі ырғақтағы әуендерді қоюға кеңес береді екен. Мысалы: сағат 2-5 арасында баяу ән қою. Бұл мезгілде супермаркетке үйде отыратын, асықпайтын адамдар сауда жасауға көп келеді екен. Әуен де баяу болса олар асықпай жүріп таңдауын жасайды. Керісінше сағат 6-9 аралығында тез әуен қояды. Бұл мезгілде жұмысынан үйіне асығып бара жатып тез-тез сауда жасайтын қызметтегі адамдардың уақыты (час пик). Яғни, супермаркеттегі қойылатын әуендер адамның санасына, іс-қимылына тікелей әсер етеді. Оны көбіміз байқамаймыз да. Егер біз сол әуендерді қазақшаға ауыстыртатын болсақ қазақ тіліне жақсы әсері болады деп ойлаймын. Адамдардың көп шоғырланатын, көп баратын жерлері де осы супермаркет сияқты. Насихатты шағыннан бастау керек)
Әрі қарай

Супермаркеттердің қулықтары

Үлкен супермаркеттер барлық қалаларда бар. Бағалары арзан деп көбінесе соларға барамыз да ойлағанымыздан көп ақша төлеп шығамыз. Арзан сияқты болып көрінеді, бірақ бәрін қосқанда біраз ақша шығады. Көпшілігіміздің басынан өткен шығар мұндай нәрсе?

Мұның бәрі маркет менеджерлерінің қулықтары мен тұзақтары. Қарап көрейік:

1. Қол арба

Мүмкіндігінше көп зат алсын деп қойылады кіреберіске. Тіпті қазір балаларға да арналған түрлері шықты. Толтырып олар да алсын деп. Егер алатын затыңыз көп болмаса кішкентай сепет ұстаған жөн.
Әрі қарай