@aldeken-ге көрінген бәле

Соңғы кездері байқап жүрсіңдер ме, байқамадыңдар ма мен беталды минус қою синдромына(БМҚС) куә болдым. Мына жерде виктм Aldeken болып отыр. Негізі бірнеше қолданушы БМҚС-мен ауыратындардан «жаппа шегіп» отырған сыңайлы.




Әрі қарай

Құттықтаймыз!

Уа, жамағат!
Бүгін сайтымыздың аруы — Саммита ханымның туылған күні!  Сұлу Көкшенің сүйкімді қызына бүгінгі туылған күнінде айтар тілектеріміз көп-ақ!
Саммита ханым, сізге мол денсаулық, ұзааақ ғұмыр тілейміз. Отбасыңызды береке мен ырыс-құт мекен етсін! Жазарыңыз көбейсін! Жұмысыңызда табыс болсын!
Ал, керекшілер, тост сендерде!
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

АКҮдің Монтиға арналған таяқшасын қабылдап алдым

Ұнайды: Антошкамды жақсы көру, тыныштық, Агата Кристидің Пуаро сериясы, билеген, көңілім болғанда сабақ оқу, есеп шығару, Сатекеңнің жазбаларын оқу, көңілім болса пікір таластырған, себелеп тұрған ақ жауында қыдыру, көк орман, тау арасында демалу, Көлсай, Бурабайда тас үстінде жатып ұйықтаған, су ағысына қарап отырған, өтектеген, сорпа, сынды бетіме айтатындар, Легенда о пианисте, классикалық музыка

Ұнамайды: бір нәрсені мың қайталап сұрап, айта беретіндер, көңілім жоқта сабақ істеу керектігі, жігіттердің ездігі, аузы ашылып жүретіндер, молданың айтқанын істе, істегенін істеме деген өмірдегі, фантази фильмдер, рикшаның жүргізушілері

Эстафетаны Асауботаға бердім
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар.

Айконтайдан келген эстафетаны жалғастырайын.
Ұнайды: ақылды студенттер, Инфинити QX56, фисташка балмұздағы, құрт, жібек пенюар, күз, жылауық әндер, апатия, тәтті мұң, сағыныш, сынды жұмсақ жеткізетіндер, комплимент есту, құрбылармен сырласу, кальций глюконаты, Терафлю, ұшақ, қыдыру, тума-туыспен арқа-жарқа болу, сурет салу, ғашықтықпен өлең шығару.

Ұнамайды: интернетте педагогтығымды бетіме басқан, көшу, балдақпен жүру, жалыну, біреуден бірдеңе сұрау, өзімді кінәлі сезіну, машинаны жұлқып айдайтындар, қыздарды ақымақ көретіндер, Инсти шайы, пойыз, "қашан күйеуге шығасың?" деген сұрақ, бұрынғы бастығымның даусы, жөнсіз паника көтеретіндер, желілік маркетинг, дін тақырыбына пікірталастар, белгісіздік.

Еріккен Саммитаның ескі таяғын balzaminka -ға бердім.
Әрі қарай

Керекшілермен боулинг ойнадым

«Осылай жиналып тұрайық, 3-4 ойыннан кейін қиналып тұрайық» © Нұрғиса

Астаналық керекшілер кездеспегелі біраз болып еді, кеше соның сәті түсті. Кездесуге Аршат, Бекжан Толыбай, Нұрғиса, Саммита, Қарақыз, Айдосик, Жанасыл келіншегімен және
Әрі қарай

Самай шашым ағарды...

Мынаның жасына жетпей самайы ағарыпты деп ойламаңыздар. Төбе шашыма ақ кіргенін 16 жасымда байқағанмын негізінде…
«Керекинфоға Саммита қашан кіреді екен?»-деген ойдан ағарды самайым… Ал, Саммита, жаз, қопар барлық тақырыпты! Кекет-мұқат, опшым сені оқымағалы көп болды…
Әрі қарай