«Қазақстан дауысына» қатыстың ба?

Музыкалық сайыстарды жай ғана конкурс, бастысы — жеңіс деп есептейтіндер, меніңше, ұтса да ұтылады, ұтпаса да ұтылады. Қазір шоудың заманы, «темірді қызған кезінде соқ» немесе конкурс қана емес, трамплин деп біл.
Әрі қарай

Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова "Қимадың" әніне бейнебаян түсірді

Ресейлік клипмейкер Егор Лымарев қазақстандық орындаушылармен жұмысқа кірісті. Осыған дейін Buhar Jerreau тобының атышулы «Мост» атты жұмысымен белгілі.

«Қимадың» әні Zaho атты француз әншінің «Dima» әнінің қазақша нұсқасы. Ән жас жігітке өз сезімін білдіргені туралы. Бұл ән 2008 жылы танымал болған.

Әннің қазақстандық нұсқасында махаббат үшбұрышы туралы сөз қозғалған. Бейнебаянда қыздар жарады, бәзбіреулер бұл клипті шетелдік Beyonce және Jennifer Lopez сияқты әншілердің еңбегімен салыстырып үлгерді. Қалай болғанда да, құрбылардың керемет туындысы қазақстандық эстраданың дәрежесін бір көтеріп тастады.

Клиптің қазақстандық нұсқасының продюсері жақында ғана Алматыда тұсаукесері өткен Gakku телеарнасының бас продюсері Тимур Балымбетов болатын. Айтпақшы, дәл осы Gakku телеарнасы осы клиптің эксклюзив нұсқасын көрсету құқығын өз қолдарына алды.

Мақпал мен Дильназдың премьерасын қолдап, құттықтап оның әріптестері мен достары Нұрлан Абдуллин, «Ringo» тобы, Алуа Қонарбаева, Луина, Айқын және т.б.келді.
Әрі қарай

Ән тыңдайық, би билейік

Мақпал мен Дильназдың "Қимадың" әні. Бейнеклипі біртүрлі енді, бірақ әуені ұнады.



Дастан Оразбековтың «Сезім» әні



Ақылбек Жеменейдің орындауында «Көк айдай» әні, бірақ маған «Ринго» тобының орындауында көбірек ұнайды

Әрі қарай

Мақпал Исабекованың жаңа клипі

Биылғы жаз Қазақстан шоу-бизнесінде жемісті болған сияқты. Көп әнші бейнеклип түсіріп жатыр. Біреуінің ел алдында абыройы артып жатса, біреуінің қанша жылдық еңбегі бір күнде жоқ болғандай әсер алуда. Қалай болғанда да, олар еңбектеніп жатыр.

Мақпал Исабекова соңғы кезде ерекше киініп, сапалы клиптер түсіре бастады. Кеше ғана көрермендерге жол тартқан Сеземін клипі сондай сапалы, әнші де әдемі.

Ринго тобының продюсері Алуа Қонарова бір ғана топпен шектелмей, Juniors тобына да продюсерлік етуде. Жас жігіттерден құралған бұл топ жастар арасында сұранысқа ие. Juniors тобының «Шула бiзбен» атты клипі шықты. Өте көңілді, позитивке толы клип.
Әрі қарай

«Батыл жүрекке» барасың ба, қазақ тілінде көресің бе?



Тұрмысқа шықпаймын, одан да бойдақ болып жүре беремін арғымақтың үстінде құстай самғап, жебем көкке жетсін деймін...
Мериданың әкесі король Фергюс*

Стив Джобс кезінде бас болған Pixar студиясы еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін бірдей қызықты болатын кезекті туындысын елге ұсынып отыр. Бұл жолғы фильм біз үшін алабөтен ыстық, себебі «Батыл жүрек» (Храбрая сердцем/Brave) прокатқа қазақ тілінде шықты.
Әрі қарай