Мағауин ұрлықшы?

Жә, тақырыпты көріп жерден жеті қоян тапты екен деп ойлап қалмаңыз. Аздап қатысы бар алайда. Астанаға келгелі алғаш рет уикэндте ешқайда шықпай үйде жатып кітап оқыдым. Бары осы. Әуелі Эдгар Поның «Алтын қоңызын» қайтара бір оқып шығуды мақсат еттім. Бұрын да оқыған кітабым ғой. Зырылдатып отырғанмын. Тек, бір тұсқа келгенде аздап күмілжіп қалдым. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мағауиннің «Жармағын» оқып шыққан едім. Сол кезде оқиға желісі сондай таныс көрінді. Әңгіменің ортасына жетпей жатып-ақ, соңында екеуі бір адам болатынын сездім. Алайда, неге екенін, қалай оны білгенімді түсіне алмай қойдым. Дежа-вью. Поны оқып отырғанда тура осындай сезімде болым. Себебі, оның Вильям Вильсон әңгімесі «Жармақтан» айнымайды ғой. Жоооқ, «Жармақтың» желісі «Вильям Вильсоннан» алынған екен. Екеуінде де бір адамның екі бейнесі. Сөзбе-сөз көшірілмегені анық. Ал, желісінің, идеяның Подан алынғаны айқын. Бұнымен жазушыны айыптағым келіп отырғаны шамалы. Мен үшін таңқаларлық болғандықтан бөлісе кетуді жөн көрдім. П.С. Сондай-ақ, уикэндімнің арқасында Ронюскэ Мұртазаның шығу тегінен біраз хабардар болдым.

Әрі қарай

"Жармақ" романы. Мұхтар Мағауин.

Кеше "Қылмыс" романын ұсынған кезімде, жекеде Мағауиннің «Жармағын» сұрағандар да болды. Енді, сол кісінің шығармасынан үзінді.
Jarmaq.doc на files.gameworld.kz толық нұсқасы.

ЖАРМАҚ
Роман

Бұл ойқы-шойқы, шимай-шытырық жазбалар көпшілік жұрт үшін елеусіз, бәлкім мүлде белгісіз қаламгер, шын мәнінде бұрынғы-соңғы алаш руханиятындағы ең алып тұлғалардың бірі Иман Қазақбайдың архивінен табылды. Марқұммен ежеттес дос болмасақ та, ара-кідік телефондасып тұратынымыз бар еді, азалы топырақ үстінде өкінішке әрі ризашылыққа толы екі-үш ауыз бақұл сөз айттым, жыл уағы өтпей, бейбақ жесірі де дүние салып еді, әке жолынан аулақ балалары мынау алмағайып заманда тіршілік қамында кетіпті, ала қағаз бетіндегі барлық мұрасына жанашырлық танытқан немере інісі менің қолыма әртүрлі сыпаттағы, тура жарым сандық қолжазба тапсырды. Енді сізден басқа ешкімге керегі жоқ деген. Мүмкін, өзіңіз қабір басында айтқандай, құнды шығар, бірақ біліп, бағалап жатқан жұрты қане, әрі осыншама көп жазуды кім ақтарып, кім сараптамақ. Өзінің аманаты да осы. Сізге табыста деген. Жағдайы келсе, бір заманда жарыққа шығарар, қажет көрсе, өз керегіне пайдалана берсін деген. Анығы сол.
Әрі қарай

Мұхтар Мағауин


1940 жылы ЩҚО Шұбартау ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда Праганы мекен етеді.
Өліні мақтап, өлген соң іздейтін халқымыздан шыққан, қазіргі таңдағы кклассик жазушымыз. Әдебиет зерттеушісі. Кеңес зманында қазақ әдебиетін сонау 15 ғасырларға
Әрі қарай