Түркістан легионы
Түркістан легионы туралы не білеміз? Біреулер үшін олар батырлар, ал біреулер үшін олар Отан сатқындары, жаулар. Қалай болғанда да олар болды, тарихта қалады.
Түркістан легионы 1941 жылдың аяғында Мұстафа Шоқайдың өлімінен кейін 1942-де Вели Каййум хан тарапынан құрылған екен. Тұтқындағы түркістандықтарды құтқарып қалудың басқа амалы болмаған сияқты ол кезде. Бір жағынан жан сақтап қалу, бір жағынан 30-шы жылдардағы аштықты, 37-дегі қызыл қырғынды көрген бұл адамдар орыстарға қарсы соғысудан қашпаған сияқты.