Бейсенбі

Бейсенбі көзін тырнап ашты. Алагөбе таң бозара атып келеді екен. Бірден жұқа көрпесін сілкіп тастады. Сонсоң түнде жартылай сау баспен оқып бітірген, иығында қалып кеткен кітапты сол ашық күйінде жанындағы сөреге қойып, басын ұстап үнсіз отырды. Әрине, үнсіз; ояна салып, өзімен-өзі бірдеңе деп сөйлеп кеткені қызық болар еді.
Бейсенбі асықпай басып, балконға шықты. Арзанқол темекісін сіріңкемен тұтатты да, құшырлана сорды. Кешегі күннен бір белгі – алкоголь аңқыған (иә, сасыған емес, аңқыған) ауызына салыстырмалы түрде тың иіс енді. Ұртында — екі зұлматтың аралас қоймалжыңы; айғыз әйнек пен тор матадан тып-типыл аулаға үнсіз қарап тұрып қалды.
Әрі қарай

Бейсенбі Керекинфода "Археология" күні



Әр бейсенбі сайын бұрын жазылып кеткен тақырыптарды шолып шығып, пікір жазып Тікелей эфирге шығарайық. Қазір 5000-ға жақын мақала жазылды. Жаңа қолданушылар олардың көбісін көрмей қалулары мүмкін. Сондықтан осындай шара ұсынамын.

P.S әрине бұл әрекетті басқа күндер де істеуге болады. Тек бейсенбі күндері көп адам қатысса екен деймін.
Әрі қарай

Сәрсенбінің сәті...

Апта күндеріне таңылған эпитеттеріміз, ассоциацияларымыз бар. Сәрсенбінің сәтін тілге тиек етеміз. Жұмамыз мүбәрәк. Бейсенбі — басқа өңірлерді қайдам, оңтүстік жақта өлім-жітімнен кейін марқұмның қырқына дейін әр бейсенбіде «бейсенбілік» болады: дастархан жайылып, дұға бағышталады. Батыста дәл қай ру екені есімде жоқ, аптаның белгілі бір күнінде ме екен, айдың белгілі бір числосында ма екен, алыс сапарға шықпайды, маңызды істер істеуден баз кешеді… Сенбі мен жексенбі той-томалақ күндері күнтізбедегі. Дүйсенбі мен сейсенбіні қалай ұмыт қылғанбыз? Шеттету ме екен?

Жоқ әлде, оқыс қылық көрсетіп:

Алты сенбі, бір жұма,
Дүйсенбіде кір жума!


десек пе екен…
Әрі қарай