Қытай Айдың арғы бетіне аппарат қондырды

Қытай Айдың арғы бетіне ғарыш аппаратының сәтті қонғанын хабарлады. Бұған дейін бірде-бір аппарат ол жаққа қонып көрмеген. Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, 3 қаңтарда «Чанъэ-4» роботы Астана уақытымен таңертеңгі сағат 8:30-да Айдың арғы бетіндегі Эйткен — Оңтүстік Полюс бассейніне қонған. Алғашқы суретін де түсіріп, жіберіп үлгерген. Аппарат Айда геологиялық зерттеулермен қатар биологиялық тәжірибелер де жасайды. Қытай 2013 жылы да Айға «Чанъе-3» аппаратын жіберген. Алайда, техникалық қиындықтарға байланысты бір айдан соң істен шыққан. АҚШ, Үндістан, Жапония және Ресей де таяу жылдары Айды зерттейтін ғарыш аппараттарын ұшыруды жоспарлап отыр. АҚШ 1969-1972 жылдары Айға 12 аппарат қондырған. Зерттеу аппараттары Айдың қараңғы жағын суретке түсіргенімен, олардың бірде-бірі арғы бетіне қонбаған.

Күн тұтылуды көрдің бе?

20-наурыз күні, сағат 15:00-де (Ақтөбе, UTC+5) күн тұтылды. Күннің беті 38 пайызға ғана жабылды. Бұл құбылысты толығымен солтүстік өңірлер көрген болуы керек. Келесі құбылыс 2016-жылы 9-наурызда болад деп күтілуде. Ал сен көріп үлгердің бе?

Бір сұрақ: Күн тұтылуды көрдің бе?

Бір сұрақ: Күн тұтылуды көрдің бе?

Мында күн тұтылу құбылысының тек басы, 10 пайызға ғана жабылған кезі түсірілді: Дискета
Әрі қарай

Айдан түскен ақша

Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша
Бүгінде Айды көп адамдар кәсіп көзіне айналдырған. Ғарышкерлер оған ұшып барады, ғарыш станциялары арнайы зерттейтін объект ретінде қарастырады, Айдағы жерлер де сатылып жатыр. Табысын Айдан тауып жүргендер де баршылық. Соның бірі – Айдын Оқаұлы. Ол Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ақыға телескоппен Айды көрсетеді. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туып-өскен Айдынның негізгі мамандығы қаржыгер.
Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша
Айдан нәпақасын тауып жүрген Айдынмен біз де жолығып, кәсібінің нәсібі туралы сөйлескен едік.
☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽

Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша — Бүгінгі күні Айдың кәсіп көзі болып отырғандығымен келісесіз бе?
— Ғарыш мәселесі, соның ішінде айға ұшуды державалардың өзара бәсекелестігі ретінде ғана қарастырған дұрыс. Өйткені ғарыш ешқашан пайда табатын нәрсе болмаған. Ол қорғаныс саласы сияқты мемлекетке тек шығын әкеледі. Осы уақыттың ішінде тек кәсіп көзі ретінде Ричард Брэнсон деген кәсіпкер Virgin Galactic деген компания құрып, туристерді ғарышқа апару мақсатында кеме жасап шығаруды қолына алды. Тіпті аспанға ұшуға кезекке тұрып қойғандар да бар. Ғарышқа барып келудің құны – 250 мың доллар. Олар Айға дейін ұшып бара алмайтындары анық, алайда стратосфераның жоғарғы бөлігіне, яғни жердің дөңгелек болып көрінетін жеріне дейін жетеді.

— Қазіргі уақытта Айдың беті сатылып жатыр. Сол арқылы ақша тауып жатқандар қаншама… Ал сізге бұл ай қалай көмектесуде?
— Астрономияға оқушы кезімнен қызығатынмын. 2010 жылдан бері сол қызығушылығымды кәсіпке айналдырдым. Мектептегі ынтызарлық болмағанда мұнда тұрмауым да мүмкін еді.

— Сонда сіз сатылған айдан ақша жасап отырсыз ғой?
— Иә, сатылған айды сатып пайда тауып жүрмін.

— Айды көруге күніне қанша адам келеді?
— Әр кезде әрқалай. Көбіне ауа-райының жағдайына байланысты. Себебі бұлтты күндері ай дұрыс көрінбейді.

— Жалпы халықта Айды көруге деген қызығушылық қаншалықты?
— Қызығатындар көп. Әсіресе, жастар жағы құмар.

— Телескопыңыз айды қанша есе жақындатады?
— 300 есе жақындатып көрсетеді.

— Күніне орта есеппен қанша пайда түсіресіз?
— Күніне ең аз дегенде 7-8 мың теңгедей табамын.

— Айға қараған қанша тұрады?
— 300 теңгеге бір рет көреді.

— Айды көріп болғаннан кейін «Осы үшін ғана 300 теңге бердім бе?» деп айтатындар бар ма?
— Иә, айтатындар бар. Ол адамның танымына байланысты нәрсе ғой. Кейбіреулер мүлдем қызықпайды.

— Төлеген ақшасын қайтаруыңызды талап еткендер болды ма?
— Жоқ, ондай әлі кездеспеді. Тегін қарайық дейтіндер болады. Бірақ төлеген ақшасын қайтарып бер деп ешкім байбалам салған емес.

— Тегін қарайыншы дегендерге тез көнесіз бе?
— Ол енді менің көңіліме байланысты (күліп)

— Ай әлемінен бейхабар адамдар сауал қойса сіз жауап бере алатын мүмкіндіктесіз бе?
— Айды көрген адамдарда әртүрлі сұрақтар болады. Кіріспе сұрақтарға жауап бере аламын.

— Көбіне қандай сұрақтар қояды?
— Көбінесе білетін адамдар айды көру қанша тұратындығын да сұрамайды жәй келеді де қарап, айтқан ақшаңды беріп кете береді. Ал танымы таяздау адамдар Айға қараған кезде бетіндегі кратерлерді «Бұл не тесіктер?» деп сұраудан бастайды.

— Сіз қазір сатып алған телескобыңыздың ақысын қайтарып алдыңыз ба?
— Бұл телескоп негізі пайда табу үшін сатып алынбаған еді. Ағам өзі ғарыш әлеміне қызыққаннан соң, ақшасын аяған жоқ.

— Телескоппен ақша тауып жатқандығыңдызды ағаңыз біле ме?
— Иә, біледі. Өзі кәсіппен айналыс деп маған пайдалануға берген болатын.

— Осы жерде тұрып кәсіп істеп тұрғаныңызға салық төлейсіз бе?
— Жоқ.

«Айды сататын» жұмысыңызға қай уақытта шығасыз?
— Айдың көрінуіне байланысты. Әркезде әрқалай болады. Кейде сегізде, кейде 11-12-де шығамын.

— Бұдан тапқан ақшаңызды қайда жұмсайсыз?
— Өзімнің жеке жоспарларым бар. Соған жинап жатырмын.

— Егер қазіргі кәсібіңізден жақсы қаражат тауып жатсаңыз толықтай осы салаға бет бұруыңыз мүмкін бе?
— Негізі жоспарлар бар. Бірақ оларды әлі терең ойластырған жоқпын.

— Айда тіршілік бар екендігіне сенесіз бе?
— Мен оған діни тұрғыдан қараймын. Сол үшін ол жақта тіршілік жоқ деп есептеймін. Айға 50-60 жыл қарап жүрген адамдар да, тіпті ол жаққа ұшып барып келгендер де осы күнге дейін ешқандай тіршілік иелерін көрген емес.
Мен Айға қарап жүрген уақытымнан бері бір-ақ ерекшелік көргенмін. Осыдан 2-3 жыл бұрын Айға қарап тұрған сәтімде халықаралық ғарыш станциясы көз алдымнан ұшып өтті. Бір-екі секундтай көрдім.

— Дін жағынан қарастырамын деп жатырсыз ғой… Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) саусағымен Айды екіге бөлген деген бар. Сол бөлінген жер байқалады ма?
— Қазақта Айға саусағыңды шошайтпа деген содан шыққан. Қазіргі уақытта америкалық ғалымдар Айдың ортасында жыраға ұқсас нәрсе тапты. Кратерлер ұңғымалы болады ғой, ал ол өзгеше. Бірақ ғалымдар оны көп жарияға шығармайды.

— Бұл телескоп арқылы жұлдыздарды көруге мүмкін бе?
— Олардың жермен арақашықтығы өте үлкен болғандықтан, телескоп арқылы да олар жәй жарық нүкте болып көрінеді. Ол қарапайым адамға қызық емес. Сондықтан жұлдыздарды емес, Айды ғана көрсетемін.

— Жақында Марс, Шолпан секілді планеталар жерге жақындады. Сол кезде бақылап көрдіңіз бе?
— Мен Марсты көрмедім. Бірақ Юпитер мен Сатурнды көргенмін. Қазір олар көкжиектен тыс жатқандықтан көріну аймағында жоқ.

— Талай ақынның қаламына сыр бітірген, әннің ең әдемі ұйқастары да осы аспан әлемімен байланыстырып жатады. Мәселен «Айға қарап түсірем сені есіме» деген тіркестің артында бір сыршылдык бардай. Осы тұрғысынан келгенде сізді романтик деп айтуға негіз бар ма?
— Мүмкін…

— Айлы түнді айшықтап, түсінген жанға түннің құбылысын түсіндіруге тырысқан талабыңыз оң болсын!
Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша
Әрі қарай

Түнмен тілдесу

Блог - Asem-K: Түнмен тілдесу

Түнмен тілдесу
Бүгін міне тағы түнмен тілдестім,
Жұлдыз санап, айменен де үндестім.
Менің мына жүректегі дертімді,
Түннен басқа түсінбейді-ау өзге ешкім.
Әрі қарай

Қоштасу

Кірпігіңнен аққан тамшылар
Иығыма менің тамады
Маған мүмкін өкпең бар шығар
Бұза алмаған қорған-қамалды

Кінәлап өт мейлі сен мені
Өткен күндер енді келмейді
Мекен етіп жүрек түкпірін
Сағыныш боп кеуде кернейді

Төбемізден тұрды Ай қарап
Бұлар енді қайтер екен деп
Үнсіз ғана Терек шайқалад
Мұның бәрі өтер-кетер деп
Әрі қарай

Әбіләкімнің постынан кейін...



Ең алдымен Әбіләкімнің бастамасы өзіме ұнағанын және осы ұсынысты айтқанына оған көөөөп рахмет айтатынымды хабардар етейін.
… Сонымен…
Мен туылғанда ауылдан апам келіпті артынып-тартынып. Жол бойы сәбиге қандай ат қою туралы кітап оқып келген ғой… Сонымен менің планетам (туған күнім, ай, күнімен сәйкестілігіне байланысты) Меркурий болғандықтан менің атымды Меркурий қоям деп келген. Сосын келген күні түсінде ата-бабасы қолына тас беріпті де Тасберген деген атқа тоқтап отырған екен… Ал студент әке-шешем құрбы-құрдастарымен кеңесіп сол кезде «модный» болған Данияр деген атқа тоқталыпты… Ал, апам көнбейді… Не істеу керек?!!.. Чек тастаймыз деп шешіпті. Қағаздың барлығына «Данияр» деген жазу жазып, апамның «Тасбергені мен Меркурийін» білдірмей алып тастапты… Сонымен туылғалы атым — Данияр. 10 шақты күннен кейін әке-шешем студент болғандықтан ауылға алып кетіпті. Сонымен апам баласымын. Ешкі сүтімен өскен қазақпын… хехе… полиция қызметкері болуға тағдыр жазбапты..
Әрі қарай

Ағайынды иттердің төбелесі



Бұл төбелестің жалпы ұзақтығы 2 минөттей еді.Мен соңғы 50 секундын ғана түсіріп үлгердім. Ауылдағы екі ағамның иттерінің төбелесі. анау кішкентай қанден ит ақ итке болысып қараны тістелеп жүр. ақ ит пен бір қорада жатады ғой қанша дегенмен.
Әрі қарай

Р мен У

Бағана жұмыстас келіншек екеуміз бір автобустан түстік. Таң әлдеқашан атса да ай әлі көрініп тұр екен. Айға қарап бата жасап бетін сипап жатыр әлгі келіншек. Иә, ай жіңішке ғана, бір қарасаң жаңа туған ай секілді. Бірақ, логикаға салсақ айдың аяғында ай туушы ма еді. Дегенмен күнтізбесіз-ақ айдың өзіне қарап айдың туған-тумағанын анықтауға болады.

Мысалы, мына суреттегі ай жаңа туылған ай. Айдың үшкір екі ұшына бір ұзын таяқшаны қойып елестетіңіз.Егер, «Р» әріпіне ұқсаса жаңа туған ай «Растущая», егер «У» әріпіне ұқсаса «Убывающая» ескі ай болғаны.
Суретке төте сілтеме
Әрі қарай

Қартайтпайтын һәм жасартатын «әбілхаят суы» қашан пайда болатыны туралы

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ — Адам баласын қартайтпайтын құдірет ойлап табу — бүгінгі ғылымның бас ауыртып отырған мәселесі. Өзекті жанға бір өлім барын біле тұра, ұзақ ғұмыр сүруден үмітті адамзат «мәңгілік өмір» кілтін іздеу жолында тер төгуін доғармақ емес. Барлығының іздегені де, көксегені де бір — қартайтпайтын һәм өлтірмейтін «әбілхаят суын» ойлап табу.
Бұл бағыттағы ғылыми ізденістерге Астанадағы Назарбаев университетінің «Өмір туралы ғылым» орталығы да белсенді түрде араласып келеді. Оның тұңғыш жемістері мен соңғы заманауи жетістіктері жайлы сайт тілшісіне «Өмір туралы ғылым» орталығының бас директоры, хирургия профессоры Жақсыбай Жұмаділов әңгімелеп беруге өз ықыласын білдірген болатын.
Әрі қарай

Жұрттарға рахат, La Lune'мен ойнап жүр

Поштыма пауэрпойнтпен жасалынған слайд жіберіпті, бір бауырым. Француздар түнде аймен бірге түскен суреттер екен. Маған өте ұнады. Слайдтағы суреттерден видео жасап, ютубқа орналастырдым. Сауынтірегіде сол слайдтағы әшулә.
Иә, ютубтан «авторский право» деген бірдеме келді, содан кивиге де жүктедім.

Сілтеме kiwi.kz/watch/md38r06ybd8c/

Сілтеме www.youtube.com/watch?v=cVZp2H-fMqc
Әрі қарай

Күн-Айдың кешіп тағдырын...

Шарқ ұрып іздеп Күн Айды
Бұлттардан күнде сұрайды
Дамылсыз жүріс шаршатып
Қызарып кешке құлайды
Ұясында жатып ап
Таң атқанша жылайды

Ортаға алып Ақ Айды
Жұлдыздар шашын тарайды
Көрісер шақты Күнменен
Жабылып бәрі санайды
Көздері талып, жол қарап
Таң ата бәрі тарайды

Күн-Айдың кешіп тағдырын
Іздеймін сені жан — құрбым
Көрмей мүмкін кетермін
Жазылса солай тағдырым
Жұбатамын өзімді
Авторы болып Ақ-Жырдың

ПыСы:Мына жердегі өлеңді оқып есіме түсіп кетті осы өлең)))
Әрі қарай

Интернетсіз өмірім туралы

Блог - sigma: Интернетсіз өмірім туралыҮйдегі интернеттің көзін құртқалы бір айдан кетті. Басында бір түрлі мүшем кеміп қалғандай, өзімді ыңғайсыз сезінетін едім. Қазір үйрендік. Интернетсіз де өмірдің реңі ақ-қара емес екен.
Күндегі кешкі кәсібім теледидар. Жаңалықтарды бұрынғыдай оқып алып, үйдегі твдағы жаңалықтарды қызық емес, не олай емес еді деуді қойдым. Керісінше «Мяссаған, не дит» -деп отыратын болдық. Балдармен ойнаймын. Сосын өзіміздің арнадан құттықтау қараймыз. Қызым жақсы көреді. Тек әлгі ерең-серең еткен Ерболаттың ерсі өлеңін дыбыссын ажыратып тамашалаймыз (қызым жыны ұстайд).
Неше түрлі рекламалар қараймын да ойланып отырамын, қазағыма жаным ашып. Мысал ретінде айтсам бір кәмпиттің жарнамасындағы «Пачкамды сүй!»-дейтін жеті ерсі көрінді. Әрі-бері ойлап мағынасын таба алмадым. Орысшасын күткенмен сол бойда жібере қоймады.
Рен және Н тв каналдарындағы заң бұзушылықтарды көрдім. Тв қызметін ұсынушы отандық Алматв компаниясы болғандықтан аталмыш каналдардағы арақ пен темекі жарнамасын заңсыз деп таптым. Шамасы келгенше жамап жатырған болар…
өзіміздің арнадағы жаңалықтар жүргізетін Алмас деген жігітті ауыстыруға болмайды ма деп қоямын кейде, үйде отырып. Біреулерге (кім екенін айтпайм) ұқсағысы келгенмен келістіре алмайды, даусы қойылмаған, мұрнымен сөйлеп мыңқылдап ежіктеп отырады.
Осы әзірге
Әрі қарай