№4 эстафета: Өлеңді аудар

/ / 51 / 2321 / 0

Өлімші болып ұмтылған соң ба, әлде бәсекелестік аз болған соң ба №3-ші эстфетаны жеңдім. Ал шабыңдар. Гетеден бір өлең. Помню, как она глядела — Помню губы, руки, грудь — Сердце помнит — помнит тело Не забыть. И не вернуть. Но она была, была! Да, была! Все это было: Мимоходом обняла — И всю жизнь переменила....

Түрме үшін 305 мың фунт стерлинг

/ / 16 / 1937 / 0

Біздің теңгемен алсақ 70-80 миллион шамасында. Осыншама қыруар ақшаны Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаев өз қалтасынан бөліп отыр. Осы ақпаратты оқып бастағанда, «Шенеунікке мұндай ақша қайдан келді?»...

Жүк түсті

/ / 3 / 1402 / 0

1 жыл бұрын достарыммен отырғанда «Дидар мен Мұратты еске алу керек еді. Не істеуге болады?» деп әңгіме бастаған едім. Іліп әкетіп «Футболдан турнир өткізейік» деді. Құп көрдік. 2-і де сыныптастардың ішіндегі жайдары да, еңбекқорлары еді. Дидар — батырлар жырының бәрін жатқа білуші еді. Сол үшін оның атына термешілер мен жыршылар байқауын...

Бітпейтін әңгіме...

/ / 11 / 1522 / 0

8 сыныпта оқып жүргенде «тұтқа» деген ойын ойнайтынбаз. Есіктің тұтқасын ұстамау керек. Кім 3 рет ұстап қояды — сол жеңіледі. Бірде Жасұлан деген досыммен ойнадық. Жеңілген адам «Мен — осырақпын» деп 3 рет айқайлауы тиіс. Мен жеңілдім. Мектептің ішінде айқайлауға ұялып, далада айқайлауға келістірдім. Айқайладым. Алдымызда кетіп бара жатқан...

Нағыз қазақ!

/ / 0 / 1447 / 0

Ең алғаш Астанаға студент болып келген кездері «Нағыз қазақ осылар»(Вот настоящий казах) дегенде кекетіп жатқандай көретінмін. Бірақ, ойымды айтуға орысшам жетпейді. Үндемей жүре бердім. Орысшам жетілгенде бәріне айтармын дегенмін іштей. Орысша үйрендім. Біреуден әрі, біреуден кері. Тіл білген жақсы. Бірақ, оны шет тілі деп санамайды ғой...

Джастин Тимберлейктің клипіндегі қазақы камзол

/ / 0 / 1312 / 0

Теледидардан әуен тыңдап отырып, мына клипті көзім шалды. Ерекше назарымды аударғаны — кемпірдің үстіне кигені болды. Бір қарағанда — оюланған камзол сияқты екен. Дұрыстап қарасақ жапырақтың суреті. Көзге тартымды көрінеді. Біздің клиптерде киім іздеп әлек. Өз ұлттық киімдер аша түсетіндей ғой қайта.

Ассоциация

/ / 13 / 1169 / 0

Біз жалпы есімді жалқы есімге айналдыруға құмармыз. Көп нәрсені өзімізге жақын заттың атымен атаймыз. Мысалы: Жергөкті(подгузник) — «Памперс» дейміз. Шоколад десе — «сникерс», ыдыс жуатын сұйықтықтың бәрін бірдей «Фэйри» деп атаймыз. «Ксерокс» — көшіру құрылғысының бір маркасы. «Газель» — барлық шағын автобусқа қатысты. Солай солай кете береді....

"Хочу с мамочкой на улице погулять"

/ / 2 / 1463 / 0

Бір танысымның 3 жасқа толған қызының айтқаны еді бұл. Өткен аптада туған күнін атап өтіп, тортты үрлерде ұзақ ойланды бүлдіршін. Ойланды да дәл осылай дүрс еткізді. Ауылдан келген атасы «Не дейді? Не дейді?» деп түсінбей қалды. Әрине, ауласы өзінікі, қолындағы немерелері еркін асыр салып ойнайтындықтан қайдан түсінсін. Қыс бойы 4 қабырғаға...

Диско 00

/ / 59 / 2410 / 0

Менің ең алғашқы би кештерім мен отырыстарымның әуендері ретро бола ма деген сұрақ мазалап жүр кейінгі кезде. Қазір 80-90 жылдардың әндеріне әлі күнге жер тебініп билейтініміз рас. Тіпті, «Ретро 80-90» деген атаумен арнайы ашылған орындар да жетерлік. Бұл — сол кездегі әндердің өлмейтіндігін көрсетсе керек, меніңше. Классикалық музыкалар өз...

Сүрінгенге қол созу ұят па немесе көшеде құлап жатқанның бәрі маскүнем бе?

/ / 16 / 1859 / 0

Your text to link... Бүгін мына жазбаны оқып, 2 жыл бұрынғы өз басымнан өткен жағдай еске түсті. Оқып көріңіздер. Бәрімізге келетін жағдай сынды. Көше бойымен келе жатып, жолдың арғы бетінде ұзыннан сұлап жатқан жігітке көзім түсті. Басыма ең бірінші келгені – «мас шығар» деген сұқсыр ой болды. Кейін ұялдым. Байыбына кеш...