Жарияланымдар

satibaldi
Сәйкесінше сезімдермен жауап бере алмайтыныма кәдімгідей қынжыламын
satibaldi
Стивен Кингтің елесі кезіп жүр шынымен елді…
satibaldi
Дарға тартылатын жеріне дейін жазбайсң ба жөндеп, қазір өледі деп, мәз боп оқып отырсам.
satibaldi
Дұрыс, бірақ мүндай стратегия — компания бір-екі жыл нарықта ниша ұстап алып, сенімді қозғала бастаған кезде ғана керек болмаса, бастапқы уақытта понт сияқты. Қаззақстандық ондай мысалдар өте көп. Тіпті жас ИП-шниктерге дейін «Мы молодые, амбициозные люди, предалагаем вам...» деп бастайды. Ал өздері қуықтай бөлмеде отыр және алыпсатарлар ғана. Үш айдан кейін жабылып қалып, басқа жерде «мы, молодые и амбициозные специалисты...» деп жүреді. Ел кішкентай, балабол тым сенімді мәлімдемелерімен тез қарабет болып үлгереді.
P.S. Әем менсіз жынД әнектерсіз қалар еді деп ойлаймын.
satibaldi
Түркістан онсыз да ауыл емес пе, несіне понт ұстайсың
satibaldi
Ұлт болып, ұлыс болып азды деген осы емес пе! Бүйтіп кете берсе, бір күні паркте серуендегенді ұнататын хайуандар шығуы мүмкін!
satibaldi
Меніңше, үй тонаушылардан келетін зардаптың ең ауыры — ноутбук, комьютердің қолды болуы. "Әрі кетсе жүз мыңның заты ғой, садақа!" дегенмен, тонаушылар жасырын дайындап жүрген стартаптарымды, стопдаундарымды оқып қоя ма деп; қатындар мессенджермен жіберген жалаңаш фотоларын көріп қоя ма деп, порноресурстардағы плтаниниум-аккаунттарымның лимитін бітіріп тастай ма деп қ ам жейсің
satibaldi
Тарихтың тасақ беттері.

1656 жылы Отто Герике былай жеп жазады:
"… Сөз жоқ, Дантені әрбір үйге жеткізуге болады. Ол үшін әрбір сюжетін суретке салдырып, кейіпхердің басына — айтатын сөздерін жазу керек те, кітап қылып таратылады. Мәдениет сонда ғана бюргердің ермегіне емес, бұқараның жан дауасына айналады, Лауралар мен Петраркалар Anar70 сияқтылардың көмегінсіз-ақ жүректерге жетіп, хуйғамымыз бір зайырланып, бір кемелденіп қалар ма еді...".
Сукі, киноны айтып тұрғаны ғой сонда бұл ғақылия физиктің.
satibaldi
Тарихтың тасақ беттерінен:

1908 жылы «Мульен Руж» кабаресінде жеңілтек қатындардың сирақ көтеретін билерін тамашалап отырған байшікеш қауымды кенет — жатып қалған картоптың күлімсі иісі сияқты жағымсыз мазалайды. Иіс иесі — әлеуметтік баспалдақтағы өз орнынан әлдеқайда биік жерге мастықпен кіріп кеткен қаңғы суретші Лемье екен. Кедейшіліктен мұндай сұлулықты көрмеген Лемье «ах, қандай сирақтар, биігірек көтеріңдерші жандарым менің, кәні, биігірек!» деп, өзі қолын ышқырына жүгірте беріпті.
Кабарелік биде аяқты 64 градустан биік көтеру шарты сол кезден қалыптасыпты, Лемьенің де өмірінде алғашқы және соңғы рет аң көргені сол кеш екен дейді.
satibaldi
Тарихтың тасақ беттерінен:
1915 жылы, неміс әскерлерін тылдан қамту бөлімшелерінің бірінде Алдыңғы Померания жерінен шақырылған қатардағы Шульц қызмет етеді. Ол — сумен жабдықтауға жауапты екен.

Жұрт суды бөшкелеп-пойыздап тасып тігіліп жүргенде, Шульц болса — барған жерінде құдық қаза қояды екен. Тұщы судың көзін бірден табатын айуан екен. Ефрейтор Берковитцтің хуйбарламасынан үзінді:

"Қатардағы Шульц оқымаған, кәдімгі померандық сүркедей. Бар приборы — басына түрлі шөптер кептіріліп жапсырылған ағаш аша ғана. Ешқандай мантра, дұға оқымайды, оккультті сеанстар белгісі байқалмайды. Әлгі ашамен келе жатады да кенет «мына жерден қазыңдар, төрт те елу үш метр!» дейді, болды. Көрсеткен жерінен міндетті түрде су шығады.
Басқа бөлімшелер де өз адамдарын бізге оқытпақ болған. Бірақ аша оларға еш белгі бермеді.
Хуйбарлама — Империя Кеңсесінде талқылау үшін".