Қазақша күрес пе, белдесу ме?
Дүниені дүбірге толтыратын үлкен спорттық жарыс — "Қазақстан барысы" жобасының финалдық бәсекесі таяп келеді. Уақыт жақындаған сайын небір пікірлердің, небір ойлардың бас көтеретіні белгілі. Соңғы кезде Қазақ күресі федерациясы "Қазақша күрестің" атауын өзгерту керек деген пікірі біраз дауға себепкер болды. Бағзы бірі қала берсін деді, бірсыпырасы «белдесу болсын» деді. Соңғылары «белдесу» қазақ күресінің ішіндегі әдіс деген уәжін алға тартты. Ақыры бұрынғы атауымен әлі келеді. Әлбетте ұлттың атауын беру әдемі естілуі мүмкін. Сондықтан көпшілік ол атаудан бас тартқысы келмей, ақыр соңында өзгертудің реті болмай келеді. Ендеше тұрған атауды ауыстырудың қажеті қанша дерсіз? Әлбетте, "Қазақ" деген атауды жек көріп отырғанымыз жоқ, дегенмен біраз мәселе туындататынын біле жүрген жөн. Сол мәселелерді білейік.

Біріншіден күрес атауы халықаралық аренада өзбектің «Курашымен» белгілі болып қалды. Аса көп айырмашылық жоқ. Ертең Олииада ойындарын өткізерде (ал бұл әрекет "Қазақ күресі" федерациясының ең бірінші нысанасы) "өзгелерден айырмасы қайсысы?" деп сұрағанда нақты жауап бере алмайды екенбіз. Бізде бар жамбас оларда да (ямбаш) бар, біздікінің атауы күрес, олардікі «кураш». Ең сорақысы түп негізі бір болғандықтан күресіміз халықаралық аренаға шығу үшін өзбек «Курашының» ығына кіруге тура келіп тұр. Ал бұндайға кірмес үшін қырғыздар өздерінің күресін «Алыш», татарлар «Белбеу» деп атап алған екен.
Екіншіден, спорт түріне ұлттың атауын беру саяси сипатқа айналып кететін көрінеді. Егер ұлттың атауы тұрса, өзге елдерде, халықаралық деңгейге шығару өте қиын мәселе. Себебі бір ұлттың спорттан болса да экспансия жасағанын кім қалайды дейсің?!
Үшіншіден экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Айталық "Қазақ күресінен" халықаралық жарысқа үнді балуандарын шақырсақ, олардың кергуі мүмкін. Себебі олар «Біз сендердің аттарыңды танытуға барамыз, сондықтан біздің жол шығынымызды, жатар жер, т.б. көтер» деуі бек мүмкін. Былай қарасақ онысы дұрыс та. Ал олар татардың «Белбеуіне» еш шартсыз бара береді. Себебі қанша жерден ұлттық күрес десеңіз де, атауы бейтарап.
Міне, осындай жағдайлардан кейін күрестің атауын өзгерту мәселесі көтеріліп отыр. Енді оған қандай атау беруге болады? Әлбетте, сырттан әкеп, жапсыра қою мүлде мүмкін емес. Өйткен өгей сөз өгейлігін көрсетіп, құлаққа сіңбесі анық. Біздіңше ең әдемі, лайықты атау «Белдесу» секілді. Құлаққа жағымды, күрестің синонимі болып, орынын еш қиындықсыз ауыстыра да алады деген ойдамыз. Мысалы «күресе кетті» деген тіркес көбіне «белдесе кетті» деген тіркеспен жиі ауысым жасайды. Бұл құлаққа әбден сіңген атау. Ал оған қарсылардың «Белдесу» Қазақ күресінің бір әдісі дейтіндер үшін, оның орнына "Қоян-қолтық белдесу" деп атаудың еш сөкеттігі жоқ. Демек, қарсылықтың орны емес сияқты.
Біз айттық, қалғанын өзіңіз таразыға салыңыз. Ең бастысы бұл ойды "Қазақ күресінің" басы-қасында жүргендер де қолдағысы келіп отырған сияқты. Енді жұрттың талқысы не дейді екен?!..
Әрі қарай

Біріншіден күрес атауы халықаралық аренада өзбектің «Курашымен» белгілі болып қалды. Аса көп айырмашылық жоқ. Ертең Олииада ойындарын өткізерде (ал бұл әрекет "Қазақ күресі" федерациясының ең бірінші нысанасы) "өзгелерден айырмасы қайсысы?" деп сұрағанда нақты жауап бере алмайды екенбіз. Бізде бар жамбас оларда да (ямбаш) бар, біздікінің атауы күрес, олардікі «кураш». Ең сорақысы түп негізі бір болғандықтан күресіміз халықаралық аренаға шығу үшін өзбек «Курашының» ығына кіруге тура келіп тұр. Ал бұндайға кірмес үшін қырғыздар өздерінің күресін «Алыш», татарлар «Белбеу» деп атап алған екен.
Екіншіден, спорт түріне ұлттың атауын беру саяси сипатқа айналып кететін көрінеді. Егер ұлттың атауы тұрса, өзге елдерде, халықаралық деңгейге шығару өте қиын мәселе. Себебі бір ұлттың спорттан болса да экспансия жасағанын кім қалайды дейсің?!
Үшіншіден экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Айталық "Қазақ күресінен" халықаралық жарысқа үнді балуандарын шақырсақ, олардың кергуі мүмкін. Себебі олар «Біз сендердің аттарыңды танытуға барамыз, сондықтан біздің жол шығынымызды, жатар жер, т.б. көтер» деуі бек мүмкін. Былай қарасақ онысы дұрыс та. Ал олар татардың «Белбеуіне» еш шартсыз бара береді. Себебі қанша жерден ұлттық күрес десеңіз де, атауы бейтарап.
Міне, осындай жағдайлардан кейін күрестің атауын өзгерту мәселесі көтеріліп отыр. Енді оған қандай атау беруге болады? Әлбетте, сырттан әкеп, жапсыра қою мүлде мүмкін емес. Өйткен өгей сөз өгейлігін көрсетіп, құлаққа сіңбесі анық. Біздіңше ең әдемі, лайықты атау «Белдесу» секілді. Құлаққа жағымды, күрестің синонимі болып, орынын еш қиындықсыз ауыстыра да алады деген ойдамыз. Мысалы «күресе кетті» деген тіркес көбіне «белдесе кетті» деген тіркеспен жиі ауысым жасайды. Бұл құлаққа әбден сіңген атау. Ал оған қарсылардың «Белдесу» Қазақ күресінің бір әдісі дейтіндер үшін, оның орнына "Қоян-қолтық белдесу" деп атаудың еш сөкеттігі жоқ. Демек, қарсылықтың орны емес сияқты.Біз айттық, қалғанын өзіңіз таразыға салыңыз. Ең бастысы бұл ойды "Қазақ күресінің" басы-қасында жүргендер де қолдағысы келіп отырған сияқты. Енді жұрттың талқысы не дейді екен?!..


Стоп… Дәл осы жері енді миға сыймай отыр…







































































… Бүгін қуанышымда шек жоқ. Ала жаздай еңбек етіп, күн демей, түн демей еткен еңбегіміз бен төккен теріміз ақталған күн болды. Әкем ерекше мәз. Қыстақтағылардың да бетіне қан жүгіріп, кішкене балаларға дейін бұл қуаныштың мәнін ұққандай. Енді осы мәпелеп өсірген құлпынайымызды базарға шығарып сатсақ, біраз қарызымыздан құтылар едік. Қыстағымыздың да ажары кіріп қалар еді-ау. Әйтпесе жаңа ғана иесі келіп кетті. Әдеттегідей апшыны қуыру ғой. Базарға шығарамыз деп қойған құлпынайдың бәрін салып ап кетпекші. Сонда бізді немен күн көреді деп ойлайды екен?! Қарызын қалай жабамыз сосын?! Әйтеуір үйтіп-бүйтіп, уақытты создық-ау! Енді базарға шығу ғана қалды...
Айтпақшы түнде түс көрдім. Сол түсіме қарағанда аспаннан бір жақсылық келіп менің басыма орнайтындай. Білмеймін өтірік шынын, бірақ аспаннан салбырап түсетініне сенбесем де, өмірімде бір жаңалық болатынын түйсінгендеймін.
құламағандарын бір нәрсе езіп тастапты((

Әлгі Сәкен Жүнісов жазған «Ақан сері» романында Шашубай баланың жұртты асқа шақыратын жері бар еді ғой: «Уа, жарандар, жарандар, бәрің де маған қараңдар! Аттарыңа мініңдер, тауға қарай жүріңдер!» деп, атының мойнына оратылып, бауырына сыпырылып түсіп-мініп келе жатқаны ше?
Салдардың өмір сүру салты да дәл қазіргі шоубиз өкілдерінің өмірі секілді болған екен :) Айнала толған қыз-қырқын, той-думан, қалың нөкер және шашбауын көтерген халық. Ұқсастық бар ма?)
Кемпір сал демекші, ол туралы тағы бір аңызды еске түсіп отыр. Бірде той болып жатқан ауылда бай-бағыланның жас мырзалары Кемпір сал үйге кіргенде орын бермеуге келіседі. Кемпір кіріп келсе, бәрі шалжиып жатып алған, ешкім төрге шық демейді. Әдетте оның шылауына оралып, аттан көтеріп түсіретіндердің ісіне ызаланған ол, сыртқа шығып, қазан басындағы әйелдерге "Әй, маған самаурын әкеліңдер, ақшамен самаурын қайнатамын" деп айқай салады. Не болар деп қызықтап әкелген самаурынға қалтасынан бір бума ақшаны шығарып, тұтатып, тастап жібергенде, бәрі шу ете қалады. Әлгі үйде жатқандар «шынымен ақшамен тұтатып жатыр ма?» деп далаға тұра ұмтылады. Ал Кемпір сал болса, әлгілердің орынан асықпай жантая кеткен екен дейді.
Шоу бизнеске келудегі мақсат, әрине, жарқырау, танымал болу, өз өнерін паш ету секілді, бір ғана ниет болғанмен, әр өнерпаз түрлі стилмен келеді. Осы ғасырдың бас жағында қазақ шоу бизнесінде топпен ән айту сән болған секілді. "
Кейін фонограммадан жалыққан жұртқа керемет көңіл күй сыйлау үшін, көпшілігі бір кездегі даңқы шырқаған "
Сонымен қатар музыканттар да шоубизден аламыз деген үлестері мол екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Қазақ сахнасында жүргендердің арасынан оқ бойы озық тұрғаны 