Белсенділік

  • 19 маусым 2019
  • assar ·
    пікір жазды - Döner kebab
    Тез және дәмді немесе " дәмді жылдам ас" Döner kebab. Түріктер «hızlı ve lezzetli Döner kebab » дейді екен.
  • 18 маусым 2019
  • assar ·
    жаңа блог бастады - Алибаба (alibaba.com) сайтынан қалай зат алуға болады ?
  • 17 ақпан 2019
  • assar ·
    жаңа пост жазды - Терри Лин қытай әншісі туралы не білеміз ?
  • 26 қаңтар 2019
  • assar ·
    пікір жазды - ЖАЛҒЫЗДЫҚтан құтылу үшін не істеу керек?
    40-тан асқан бойдақ еркек әлде де жүре беруі мүмкін бойдақ қалпында. Өйкені бойы үйренген сол өмірге. ал 40 тас асып ажырасқан еркектер көбіне тезірек екінші рет үйленуге асығады. Себебі отбасылық өмірде өмір сүріп үйреніп қалған. 25 жасқа дейін үйлену керек, одан кейін сынай бересің және таңдауда қиын.
  • assar ·
    пікір жазды - 20 жыл бұрын тұрған үйге оралғың келе ме?
    Мен ауылымда ең көп тұрған үйімде 13 жыл тұрыппын. Бала күнімізде болашағымды да сол үймен елететіп жүрдім. Келешек мынадай саламын есік алдына, мына жерін өзгертемін шатырын ауыстырамын тсс. Кейін көшіп кеттік ауылдан аудан орталығына. Қазір ол үйде туыс ағам тұрады. Кейде үйге барған кезде дым бұрын тұрған үйім емес басқа үйге келгендей боламын. Өйткені есік алды, үйдің іші, шатыры ауласы бәрі өзгеріске ұшыраған. Тек бір сарай бар еді, сол ғана орнында тұр көзге оттай басылады.
  • 7 мамыр 2018
  • assar ·
    жаңа пост жазды - Дунай жағалауындағы аяқ киімдер, Венгрия
  • 23 наурыз 2018
  • assar ·
    жаңа пост жазды - Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?
  • 27 ақпан 2018
  • assar ·
    пікір жазды - Телеарнадағы кино дубляжы: қалай, қанша, кім?
    Ютубта әлемдік кинолар өзбек тілінде шығып жатыр бірінен соң бірі. Алдағы уақытта орыс тіліне жетіп қалатын түрлері бар. Әдепкі уақытта сапаға қатты мән бермеу керек сиақты. Орыстарда баяғыда мұрнымен сөйлейтін бір еркекпен ақш киноларын аударатын Соны көреміз, кейде қайыссы сөйлегенін айыра алмай қалсақта көреміз. БАсқа таңдау жоқ. ҚАзақ тіліне де көп аударма кинолар керек. Ауыз жыбырына емес мағынасына түсінсек болды. түрік кинолары ауыз жыбыры келмесе де жақсы жеткізіп жатады қазақша аудармалары. Солай аударса да болды қазақ тілділерге. Сосын үлкен кісілер отау тв-дан ақылы каналынан жануарлар туралы арнаны көреді. Ол арна ағылшын және орыс тілінде. Соларды да қазақшаға аударса көрермен жақсы жинайды. Жануарлар, аспан әлемін көрсетіп отыратын қазақша каналдар болса эх шіркін. Сонда өзге ұлттар қазақ тілін үйренер еді. Дым ақпараты жоқ, аудармасы жоқ тіл кімге қызық.
  • assar ·
    жаңа пост жазды - Сарымсақтың пайдасы
  • 8 қаңтар 2018
  • assar ·
    жаңа пост жазды - 1896 жыл, Германияның Цюрих қаласында болған оқиға.
  • 30 желтоқсан 2017
  • assar ·
    пікір жазды - Өнертапқыштар ұшақ апатынан адам өмірін құтқару жолын тапты.
    Марсқа ұшамыз деп жатқанда бұл одан көп арзанға және оңайға түсетін шығар?
  • 28 желтоқсан 2017
  • 5 қазан 2017
  • assar ·
    пікір жазды - Некеден кейінгі адамның өмірі қалай өзгергені туралы 11 сурет
    Балапан арнасын көреміз ғой қазір. Сол жақын таныс болды)))
  • 4 қазан 2017
  • 10 тамыз 2017
  • assar ·
    пікір жазды - Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры
    Кезінде мектепте істеген едім. Негізі менің мектепте карера қуамын деген мақсатпен емес уақытша жұмыс істедім. Келешек фирмаға немесе жеке кәсіпке кету деген ойым болған. Бірақ мектепте жүргенде де барынша қолдан келгенше адал жұмыс істеуге тырыстым. Өзім әу бастан ішімдікке құмар емеспін және темекі шекпеймін. Бастықтарым көп болды. Директор, оның завучтары және завхоз. Мені қатты қыса бастаса жұмыстан шығара салыңдар мен оған көнбеймін деп есікті жауып шығып кете беремін. Бірақ директор менің ол қылықтарыма ренжіген жоқ. Қайта маған сырттай мұғалімдік оқу оқышы сен жақсы маман боалсың деп көп үгіттейтін. Кейін Мәдениет саласын басқаратын кісіде шақырып бізге келші саған бір клубты берейін деп шақырды. Мен ол кісіні танымаушы едім. Сыртымнан біреу мені сілтепті сол баланың қоқаң соқаңы жоқ жұмыс істей алады деп. Мен сонда ешбіріне жағыну үшін іс қимыл жасап көрмеппін. Тек тапсырма келсе орындаймын, артық жүріс жоқ. Ортамызда ашық жарқын жүріп қалжыңдасып көңілді жүруге тырыстым. Сол жағы бағаланған шығар. Қызмет өсірудің жолдары әр салада әр түрлі негізі.
  • 8 тамыз 2017
  • assar ·
    пікір жазды - АЛАКӨЛГЕ КЕЛУГЕ 5 СЕБЕП
    Түркия, Тайланд елдерінде қыс 1-2 ай ғана шығар. Сондықтан олар туризм дамытуға мол мүмкіндіктері бар. Бізде ұшақ қымбат. Киросинді ресейден аламызда сосын өзіміздің елдің ішінен бір қалаға бару өте қымбатқа түседі. Егер ұщақ билеті арзан болып туристтер ұшып қонып жүрсе олда жақсы болар еді. Өзімізде ұшып кете береміз өскеменді көруге ол кезде. Қазір Өскемен табиғатын тв-дан көріп қызығамызда бірақ барып келуге қиынсынамыз. Сақылдаған пойызда 2 күн қайту 2 күн. Біздің вагондарда қайбір жайлы дейсің.
    Оның орнына үйреншікті шымкент, алматы тараз жаққа машинамен шуылдап барып келе береміз. Ақша аз жұмсалады жақын жер болғасын.
  • 3 тамыз 2017
  • assar ·
    пікір жазды - Мен саған өкпелемеймін
    Маған минусы да плюсіде көрініп тұрған жоқ. Жекеме жібересің бе?
  • assar ·
    пікір жазды - АЛАКӨЛГЕ КЕЛУГЕ 5 СЕБЕП
    Өзге елге демалғанша неге өзіміздегі жақсы жерлерге демалмасқа деген әңгімелер көп. Әңгіме олай болмау керек. Кез келген адам өзге елді, өзге елдің қалаларын мәдениетін тарихи жерлерін көргісі келеді. Егер тек суға түсі үшін демалу керек болса онда алакөл, қапшағай сиақты жерлерге бару арзан және тиімді. Туризмді дамыту үшін өзіміз барып топырлап демала бергеннен ештеме шықпайды. 100 адам шетелге демалса бізге де 100 адам шетелден келу керек дегендай турист алмастыру саясаты керек. Ыстамбул, Анталия, Париж, АҚШ, Тайланд сиақты елдерді көру бәріне арман ғой. Біздіңде Астана, Алматы, Қапшағай, Шымкент, Өскемен қалаларын көруге өзгелер ынтық болу керек.
  • assar ·
    пікір жазды - «Бір елдің сөзін айтып жүрген қызыңызға Бір үйдің отын жағу қиын деп пе ең?!»
    Ғылым білім технология, электроника тсс бәрі еркексіз дамымайды. Технология әр күн сайын дамып бара жатыр. Демек еркектерсіз даму жоқ әйелдерсіз сезім жоқ. Қазіргі еркектер анау-мынау деген қырта береді. 18млн халықтан жақсы, жаман, нәзік еркек, еркек шора қыз, қызтеке, ұлтекеде шығады. Құрдастарымның ішінде 2-3 жақсы ішімдік ішетін жігіт бар. Бірақ менің құрдастарымның бәрі шетінен ішкіш немесе көбісі ішкіш деген емеспіз. Қыздардан да сондай қиын мінезді қыздар бар. Біздің кластың қыздары шетінен қиын адамдар деген емеспіз. Туыстардың ішінде де дәл осындай мәселе бар. Жаманынан жақсысы көп қай жағыма қарасамда. Тек кейбір адамдар теріс жағын көбірек көреді.
  • assar ·
    пікір жазды - Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі
    Мен қарызға 40 000 теңге керек болып бір досымнан сұрадым. ол астанада тұратын. Ертең салып жіберейін карточкаңа деген. Артынан ойланып қажет емес маған бүгін керек болып тұр дедім. Мен сосын каспий банкке бардымда 40 000 теңге алдымда ісімді бітіріп үйге қайттым. 1айға жетпей 40730 теңге етіп жаптым. Содан кейін қарызға ақша сұрап біреудің мазасын алмай каспийден аламда 1 айға жетпей үстіне 300-500-1000 теңге қосып қайтарамын. Ал біреуден алсаңда сол ақшаны алу үшін таксиге отырып соның үйіне барасың немесе ол карточкаға аударса сол ақша банк комиссиясына кетіп қалады.
Тағы әкел (4)