Жарияланымдар

ZulpyharovaZhumagul
Тілдің байлылығын ақындары мен жазушыларына қарап бай деу дұрыс емес, бұл пікіріңізге қосыламын. Бірақ тіл байлылығын оның беделіне, сол тілде сөйлейтін халықтың байлығына қарап бағалау — барып тұрған надандық. Мен ол тілдерді кедей демеймін. Бірақ сізге келесі жолы пікір айтқанда тілдің байлығы сол тілдің сөздік қорына, кең мағыналылығына, икемділігіне, астарлығына, оралымдылығы мен ырғақтылығына қарай сипатталатынын ескерткім келеді. Тілді қорлау арқылы ұлттық намысымызға тиетініңізді ескертемін. Тіл байлығы мен халық байлығы ұғымдарын дұрыс ажыратып сөйлеуіңізді сұранамын!