Таңдаулы

dark_nazgul
Қоқысты айтқызбай төге салған ұсақтаған деп ұғасыз ба?
Әлде бір рет тамақ пісірген еркектің ішкі азаматтық «стержені» босап кете ме?
konvict
Ең біріншісі «негізгі жол» деген белгі. «Главная дорога».
Үшіншісі ең төменгі жылдамдықты шектеу белгісі.
Төртінші ең жоғары жылдамдықты шектеу белгісі.
Өкінішке орай екіні білмейді екенмін. Бірақ, алда назар аударатын бір нәрсенің бар екенін білдіретін белгі.
asaubota
көршілік туралы бір анекдот есіме түсіп кетті:

баяғыда бір сүр бойдақ жігіт болыпты. бір күні манты жегісі келіп кетіпті. бірақ үйінде еттартқыш жоқ екен. төменгі қабатта өзі сияқты бойдақ қыз тұрады екен. содан сұрап алайын деп жәймен төменге түсіп келе жатыр дейді. келе жатып ойланып кетіпті: «мен қазір одан еттартқыш сұраймын, ол не үшін дейді, мен манты жасаймын деп айтамын, ол сосын бірге жасайық дейді, сосын бірге жасап соның үйінде отырып жейміз, сосын бірге отырып ТВ қараймыз, сосын аздап шарап ішеміз, сосын ол маған бүгін осында қал дейді, қаламын, жатамыз, кейін мен оған үйленемін, күнде миымды жейтін болады, ақшамды сыпырып алып алады...» осындай оймен келе жатып көрші қыздың есігін қағыпты. есікті ашып қалған ана қызға "өй кетші нақ өзіңнің еттартқышыңмен!!!" деген екен.