Жарияланымдар

Sherkeshbay
Мая! Қарындасым! Мына азаматтардың пікірімен де танысып көріңіз.
«Еуроцентристік көзқарас бұрыннан қалыптасып қалған әдеттері бойынша түріктерді, моңғолдарды «жабайы», «бұзық», «мәдениетті қиратушы» деп жазудан жаңылған емес. Шыңғысхан тарихы да сол тұрғыдан жазылып, тарихи шындық мейлінше бұрмаланады. Шыңғысхан жайлы еуроцентристердің көзқарастарынан мәліметтер келтірейік: «Советская историческая энциклопедия» сияқты танымал еңбектерде былай деп жазылған: «Моңғолдардың жаулап алуы Азия және Шығыс Еуропа халқы үшін адам төзгісіз қиындықтар әкелді. Осы жаулап алулар салдарынан кейіннен құрылған Алтын Орда және басқа да мемлекеттерде Шыңғыс хан ұрпақтары көп уақытқа дейін өз биліктерін сақтай отырып, қоластындағы халықтарға мәдени және экономикалық тұрғыдан қысым көрсетіп отырды. Ал бұл жойқын шабуылдар көптеген халықтарға материалдық және рухани жақтан қалуыптасуын жүздеген жылдарға кешеуілдетті».

Осы келтірілген сілтемеде еуроцентристердің Шыңғысханға берген сипаттамасы әлікүнге дейін үстемдік етіп келеді. Осындай теріс пікір қазақ халқының төл тарихынан да орын алған: «Моңғол шапқыншылығы Қазақстан үшін де, жаулап алған басқа елдер үшін де зор апат болды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шығысхан жаппай террор мен зорлық-зомбылық, тұтас аудандарды ойрандау әдістерін қолданды. Сөйтіп, моңғолдар жаулап алумен қатар, адамдарды жаппай қырып-жойып, өндірістік күштерді қиратты, материалдық және мәдени құндылықтарды жойып жіберді». Бірақ олардың ішінде де Шыңғыс ханды ақиқат шындық негізінде таныған ғалымдар да болды. Дегенмен, олардың саны көп болмағандықтан, бұндай дұрыс пікірлер еуроценстристердің көлеңкесінде қалып қойды.

«Шындық қап түбінде жатпайды» деген халық мақал-мәтелдеріне сәйкес Шыңғыс ханның әлем халықтары тарихындағы үлесі тиісті шындықта жазылуы тиіс. Шыңғыс ханға әділ баға беруші ғалымдардың бірі – доктор Эренжен Хара-Даван. Оның «Чингизхан как полководец и его наследие» (Культурно – исторический очерк Монгольской империи ХII-ХIII веков. – Белград, 1929) атты еңбегін атауға болады. Бұл туынды ертеректе жарық көрсе де, кітап авторының моңғол ұлтынан әрі оның Шыңғысхан өмірі мен ол құрған империяның ұзақ дәуірлегені туралы жазған шындығы Кеңес өкіметіне ұнамады. Сондықтан ол көпшілік оқырманның қолына тиген жоқ. Кеңес өкіметі ыдыраған соң, ол өз төл атауымен орыс тілінде, 1992 жылы Алматыда 100 000 данамен басылып шығарылды. Эренжен Хара-Даван Шыңғыс ханды данышпан қолбасшы, кемеңгер елбасы, көреген саясаткер деп сипаттай келе, оның білгірлігін, халықтардың әдет-ғұрыпын, мәдениетін сақтағанын, сонымен бірге өзі құрған империяның басқару жүйелерін, әскери құрылымы мен саяси қарым-қатынастарын қалай ұйымдастырғанын дәйекті деректермен береді. Шыңғысханға әділ әрі дұрыс баға берген ғалымдар Эренжен Хара-Даванмен ғана шектелмейді. Олардың қатарында француз ғалымы Рене Груссе де бар. Оның «Империя степей: Аттила, Чингисхан, Тамерлан» деп аталатын еңбегі Ұлы даланың үш тарихи тұлғасына арналған. Бұл еңбектің Шыңғысхан империясы тарихына арналған. Орталық Азия этностарын қайта біріктіруде Шыңғысхан ұшан-теңіз қажырлы еңбек етіп, әлемге өз империясын паш етті. Ол үш ғасырдай өмір сүрді. Бұл империяның басым этностары түріктер болғаны да баршаға мәлім. Олардың сол империяны дүниеге әкелуде шешуші қызмет атқарғаны баршаға аян.

Шыңғыс хан әлемге өз атын қалдырды, қоластындағы этностарды инновациялық жағдайда біріктіріп, Ұлы империя құрды, түріктер мен моңғолдарды ұлы күшке айналдырды. Қағанның істеген ұлы істерін ысырып қойып, «қаніпезер жаулаушы» – деу, сірә, адасушылық. Шыңғысхан туралы әлі де талай еңбектер жазылып, әртүрлі талас пікірлер туындар».

Дайындағандар: Бегайым МҰХАММЕДЖАН, Гүлнар АХМЕТОВА, Арайлым ПОСТАНОВА, Жадыра НӘЖІБ, Нұрсая МИЗАМБЕКОВА, Алым ҮСЕЙҰЛЫ, Фариза МҰҚАН, Ләззат ҚАРМЫСОВА, Ажар ТҰРАРОВА, Салтанат СҮЙІНДІКОВА, Жазира РАХЫМЖАН, Нұргүл ӘЛҚУАТ
Sherkeshbay
Мая! Қарындасым! «Шыңғыс хан — моңғол. Қазақ емес! Қазақ емес! Жауыз! Надан! Залым! Зұлым!». Сіздің осындай тұжырым жасауыңызға не себеп болды. Бұл тұжырымыңызды қандай дереккөздерге (первоисточник) сүйеніп жасағаныңызды жазып жіберсеңіз. Шыңғысхан жайлы сол Шыңғыс ханның өз заманында жазылған қаншама кітап оқысам да мұндайды естімеппін. Жазып жіберіңіз, мен де біле жүрейін.
Sherkeshbay
Мая! Қарындасым! Әр елдің өздеріне тән ұлттық тілімен қойылатын есімдері болады. Адамдардың қай ұлттың өкілдері екенін есімдеріне қарап та айыруға болады. Мынау Мұхамбеткәрім ағаның кітабынан үзінді:
КІСІ ЕСІМІ – ҰЛТ БОЛМЫСЫ. Х11 ғасырда Мұңал даласында (қазіргі Монғолия) өмір сүрген Шыңғыс қағанның айналасындағы адамдардың да, ру-тайпа аттарының бәрі де тек қана қазаққа тән. Олар, Есекей, Алтан, Құшар, Сағабек, Темір, Тастемір, Шыңғыс, Өлең, Бөрте, Жібек, Марал, Жамұқа, Белгітай, Қасар, Нақу-Баян, Бауыршы, Тарғытай, Желме, Алтан, Мұқалы, Жеменей, Есен, Бөкен, Жанай батыр, Үгедей, Жолшы (Жошы), Төле, Дәрітай, Шағатай, Тайшар Қарасақал, Жебе т.б. Оның үстіне Қият, Жадыран, Жары, Адай, Байұлы, Маңғыт, Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Ұйғыр, Жабал т. б. ел, ру, тайпа атауларын қосыңыз. Сол кездегі жоғарыда көрсетілген ру-тайпалардың барлығы да қазіргі қазақ халқының құрамында.
Шыңғысханның айналасындағы адамдардың көпшілігінің аттарының қасына «Ад», «Дай», «Адай», «Жары» деген тегі (қазіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-Адай», «Туху-Адай», «Бөрі-Адай»(186 бет), «Нояқ-Адай», «Қаран-Дай», «Буда-Ад», «Дахал-Адай», «Арул-Ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-Адай» (200 бет), «Шырғы-Адай Батыр», «Жажир – Адайлық Жамұқа» (220 бет), «Жырғы Адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме Адай» (234 бет), «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше Адай»(240 бет), «Бары Адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже Дай», «Долы Адай» (259 бет), «Идік Адай», «Қынкия Адай» (260 бет), «Жары Адай-Еген» (265 бет), «Алшы Адай» (271 бет). (Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002 «Көшпенділер баспасы).
Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» 46 бет).
Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді. Сол сияқты «Ат», «Тай», яғни қазіргі Алтай тауы атауының шығу тегі де осы.
Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған» деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет) «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай–шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз».
Сонымен қатар, осы еңбектің 19 бетінде: «ХІІ ғасырдың ортасында моңғол (мұңал) рулары бөлек-бөлек тұрған. Әшейінде олар әр түрлі топтарға біріккен: тайпаға, немесе ұлыстарға, халыққа, «халық иелігіне» бөлінді. Ұлыс үлкендігі мен күшіне байланысты әртүрлі болды: ұлыс иелігінен бастап алғашқы мемлекеттік құрылысқа дейін: «Ежелгі моңғолдарда, — деп жазды Б.Я. Владимировцов,-көсемге, ханға, ноянға, тайшыға, батырға, т.б. бағынышты болуына қарағанда, рулардың, тайпалардың, әулеттің біріккен құрылымы «ұлыс», ұлыс-«халық», «халық-ел», «осындай бір ұлысқа біріккен халық», немесе «ұлыс иелігін құрушы», «мемлекет-иелігін құрушы халық», «мемлекет» — деп аталды деп жазды. Моңғолдарды, нағыз көшпенділерді, бұл түсінікте оның территориясы емес, халқы қызықтырады». Ұлыс басында мал шаруасымен айналысатын атақты ру басылары тұрды. Құрметті атау иесі – нояндардан: баходыр – батыр, имен – ақылды, мерген – құралайды көзге атқыш, білген – ақылды, бүке «бұқа» — күшті, тайшы – ханзада, т.б.
Мұндай ұлыс иесі, баходыр – батыр титулына ие болған, Темужиннің әкесі Есугей де болды» дейді.
«216. Мұңал шындығы бойынша, бізде нояндық шен – бекі қоятын дәстүр бар. Боданшардың үлкен ұлы Баарынның тұқымдары осындай шенге ие болған...» (Құпия шежіре. 154 бет.) Маңғыстаудағы Жетібай кенті (Қарақия ауданы) мен Шетпенің (Маңғыстау ауданының орталағы) арасындағы елді мекен күні бүгінде де сол дәуірдің тірі куәсіндей «Бекі», сол сияқты Каспий – Арал аймағы Жем өзені бойында Казбек деген жер, қазіргі Грузияның Аландар еліндегі (солтүстік Осетия) тау мен елді мекен «Казбек», яғни Қазақтың бегі деп аталады.
Сол Боданшар мұңалдың (сол заманғы жазбалардың бәрінде де Боданшардың тегі Мұңал деп жазылған) үлкен баласының ауылынан Барнаул (Барын ауыл) деген топономикалық атау қалды.
Түсініктеме: Барнаул қаласы (қазіргі таңда Ресей құрамында) Алтайдың солтүстік-шығысында орналасқан, 2014 жылғы санақ бойынша 819 000 адамды құрайды. Бүгінгі Барнаулдықтар (Ресейліктер) Барнаул деген сөздің қайдан шыққанын бірде-бірі түіндіріп бере алмайды. Себебі, бұл атау олардікі емес. Атасы, баласына ат қоярда, оның мағынасын тек сол Аталары ғана біледі.
Бұған дәлел ретінде «Асыл аңызға» жүгінейік:
«242. Шешесіне, ұлдарына және кіші бауырларына үлес бөліп бермек болған Шыңғысхан мынадай шешімге келді. Ол былай деді: «Мемлекет құруға бәрімізден де анамыз көп еңбек етті. Жошы менің үлкен мұрагерім, ал Отшығын – олардың әкесінің бауырларының ішіндегі ең кішісісің». Осыны ескере отырып ол үлес бөлген кезде, шешесі мен Отшығынға 10 000 үй берді. Шешесі ренжіп қалды, бірақ үндемеді. Жошыға 9000 үй бөлді, Шағатайға 8000, Үгедейге 5000, Толыға 5000, Хасарға 4000, Алшыдайға 2000 және Белгітайға 1500 үй».
«243. Шыңғысхан одан әрі былай деп жалғастырды: «Шешем мен Отшығынға 10 000 үй үлесіне бере отырып, мен оларға төрт ноян: Күші, Көкеші, Жүнсай мен Арғасунды қосып беремін. Жошыға үш адам қосамын: Құнанды, Мүнкеуірді және Кетені, Шағатайға – үшеуін: Қарашарды, Мөңкені және Үдең Адайды. Сонымен қатар Шыңғысхан: «Шағатай мінезі тұйық және қызба. Көке – Сос онымен күндіз-түні бірге жүріп, ақыл-кеңес беріп жүретін болсын». Үгедейге 2 ноянды қосып берді: «Үгегей мен Дегейді. Толыға Жедей мен Баланы, Алшы Адайға – Шаурханды».
Осы келтірілген деректерден шығатын қорытынды, Шыңғысхан өзінің балаларына, шешесіне, інілеріне иелік бөліп бергенде, шешесі мен Меңлік әкесінен туған кенже інісіне бір түмен үй бөлгенде, Өлең шешесі қомсынып ренжігесін, қалғандарына үлесті аз бөледі. Осыған қарап ақ, Шыңғысхан империясы билігінде Өлең ананың қара шаңырағын ұстап тұрған өзімен анасы бір, әкесі бөлек інісі Ел Темірдің де елеулі роль атқарғанын жоққа шығаруға болмайды. Ал, Шағатайға бөлінген Қарашар ноян осы Шыңғысхан құрған алып империяны құлатқан Әмір Темірдің (ақсақ Темірдің) бабасы болатын. Ол 1221 жылдың 22 қазан айында Иранның Нишапур қаласын алу кезінде қаза тапты. Ал, Әмір Темірдің өзі Шыңғысхан әулетінің күйеу баласы, туыстық жағынан Шыңғыс ханға тоғызыншы атадан барып қосылады, яғни Әмір Темір де, Шыңғыс ханда Боданшар Мұңалдың ұрпақтары. Боданшар Мұңал – Қабыш Батыр – Менін Тудың – Қашуын (Барлас руы тарады) – Барул Адай...Қарашар ноян… Әмір Темір.
Барын ауыл (Барнаул), Барлас руы, Барул Адай — бұл Ақсақ Темір шыққан рудың аты.
Бұл жайлы Өзбекстанның көрнекті жазушысы Березиков Е.Е. өзінің «Великий Тимур» атты роман-хроникасында былай деп жазады. «Әмір Темір, сен есіңде ұста, ешқашан ұмытпа. Сен Темір Тарағайдың баласысың, ал Тарағай — әмір Барғұлайдың баласы, Барғұлай — әмір Илынғыздың баласы, Илынғыз – Бахадурдың баласы, Бахадур – Анжал Ноянның баласы, Анжал ноян – Суйініштің баласы, Сүйініш – Ердамшы Барластың баласы, Ердамшы Барлас – Қарашар ноянның баласы. Ал Қарашар ноян болса Шыңғысханның тумаласы» (56 бет).
Осы тарихи жағдайларға аталарымыздың қандай баға бергендіктерін саралайтын болсақ, кез келген тарихтан сәл-пәл болса да хабары бар жандар мына жағдайды аңғарары сөзсіз: Шыңғыс хан жайлы қазақ шежіресі бірде-бір артық сөз айтпайды. Оны хан, қаған (әлем билеушісі), әулие деп әспеттейді. Ал, Ақсақ Темірге аталарымыз ондай құрмет көрсетпейді. Мына көрші өзбектер оны Әмір Темір, Сақыпқыран, Көреген деп құрметпен атаса, біздің аталарымыз оны жай ғана ауыл, үйдің аяғы ақсақ тентек баласы сияқты Ақсақ Темір деп атайды. Демек, адам баласы дүниеге келеді, өледі, өлгесін ұмыт болады. Тек екі адам ғана мәңгі өлмейді: біріншісі елін жақсылыққа жақындатқан адам, екіншісі елін сорлатқан адам.

«Шыққан тегіңді ұмытпауды – ұрпағыңа,
Ішкен суыңды ұмытпауды – досыңа үйрет» Шыңғыс қаған.
Sherkeshbay
Шыңғыс қағанның ескерткіші жалғыз Моңғолия да екен.
Ұлы Атамыздың ескерткіші Лондонда да тұр.
— Шыңғысхан – Еуропа төрінде (19 Сәу 2012). Жуырда ресейлік Даши Намдаковтың жобасы бойынша қоладан құйылған аттылы Шыңғыс ханның бесметрлік мүсіні Лондон жұртына ұсынылды. Тасмүсін Гайд-парктың солтүстік-шығыс бөлігінен «қоныс тепті».
Шыңғыс қағанның ескерткіші буряттың суретшісі, ұста әрі зергері Лондондағы «Хэлсион» галереясында қойылған ретроспектив туындыларының құрметіне арналған. «Көшпенділер әлемі» атты көрме 5 мамыр мен 7 шілде аралығында жұртшылыққа кереге жаймақ.
Мұңал (Моңғол) қағанатын құрған қаһарлы қағанның қола мүсіні ішкі қуатын сыртқа тебуімен аса ерекше. Шыңғыс қаған әскери жарақпен атқа қонған күйі аспаннан түскендей әсер береді. Қысыңқы көзі жерге қараған күйі, алақандарын төменнен тіреген ауаға жайған бейнесі көз тартады.
«Бұл жұмыс арқылы мен тарихи тұлғаны бейнелеуден гөрі, аспаннан түскен күйі адамдарға ҚАЙЫРЫМ МЕН ДАНАЛЫҚ сепкен тұлғаны көрсетуге тырыстым. Шыңғыс ханның тірі кезіндегі бейнесі қалған жоқ, оның үстіне деректі айғақтар бір біріне қайшы келеді, сондықтан мүсін-тұлғаны сынықтан жинап-тергендеймін. Шамасы маған эпикалық кейіпкерді сомдау бостандық берген сықылды. Өзім сондай мақсат қойдым, сол себепті де мүсін сондай аспандық, әуелік сипатқа ие болды», – дейді автор. (http://www.minber.kz/2012/04).
Мына пікіріңізді түсінбедім.
Sherkeshbay
«Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Абайлар «Қазақ рулары Шыңғыс ханға өздері қосылды» деп жазған (Мұхтар Мағауин).
Сол сияқты «Маңғолдар өздері жаулап алған жерлерде басқару жүйесіне ешқандай өзгеріс енгізген жоқ, ел басқару, алым-салым жинау ісіне жергілікті феодал-шонжарлар мен саудагерлер көмектесті. Феодалдар белгілі бір аймақтардың жергілікті өкіл-әкімдері болды» (Қазақ совет энциклопедиясы, 8 том, 120 бет).
«Ақ Орданың билеушілері Шыңғысхан тұқымынан шыққан хандар болғанымен, қыпшақ бірлестігі кезінде қалыптасқан территория, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет және тіл тұтастығы Ақ Орда тұсында сақтала берді және дами түсті. Шыңғысхан жорығы кезінде кейбір этникалық топтардың бұған келіп қосылуы және жорық кезінде аздаған адамдардың бұл елден бөлініп басқа жаққа сіңіп кетуі бұл тұтастыққа елеулі ықпал жасай алған жоқ, қайта осы жорықта келіп Ақ Ордаға үстемдік еткен аз санды маңғолдар тез арада өзі билеген жергілікті халықтарға сіңіп «дәл қыпшақ болып кетті» (Әл Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы»). Сөйтіп бүткіл тарихшыларымыз бен ғалымдарымыз Шыңғысхан жорығынан соң екі жүз жыл (1227 – 1428) өмір сүрген Ақ Орда хандығы қазақтың даму тарихын үзіп тастаған жоқ, жалғастырды, оның халық болып қалыптасуына саяси негіз болды деп тұжырымдады. Өте дұрыс пікір. Бұл жерде сіңіспей, өзгеріс енгізердей жағдайдың болуы мүмкін де емес еді. Себебі, бұл елдердің бәрі күні кешегі Қазақ қағанатының құрамындағы бір тілде сөйлеген, бір діндегі, бір мәдениеттің елі еді. Дәлірек айтқанда Шыңғыс қағанның арғы аталары Мұңал хан, Оғызхан мен Қарахан билік құрған Қазақ мемлекеттігі болатын. Менің бұлай деп отырған себебім, егер біз Шыңғыс қаған құрған алып империяны Қазақ мемлекеттігі деп мойындайтын болсақ, оның аталарын да мойындауға тиіс болатынымыз өз-өзінен түсінікті болса керек.
«… Біздің тарихымыз отаршыл державалардың көзқарасы тұрғысынан жазылған тарих!.. Ресей мен батысқа Шыңғысханды неғұрлым жабайы етіп көрсетсе, соғұрлым жағасың. Өздері жасаған қанды қырғынды ұйымдастырушылар атақты батыр қолбасшы ретінде дәріптеледі. Мысалы, крест жорықтары, Ермактың Сібірді жаулауы немесе отаны үшін алысқан 12 миллион индеецтерді қынадай қырып, қызыл терілердің жерін тазалаған АҚШ отаршылдары осының айғағы емес пе?
Шыңғысхан жөніндегі бүгінгі қазақ баспасөзі бетіндегі пікір таласында да сол рухани құлдық таңбасының табы белгі беріп жатыр. Х111 ғасырдағы болып өткен қанды жорықтар мен сол заманның тарихи қажеттілігі тудырған саяси-әлеуметтік арпалыстар ерекшелігі немесе өткен-кеткен әлемдік тұлғалар мен ірі тарихи оқиғалармен салыстыра отырып бағамдауға өреміз жетпей келеді.
Не себепті Шыңғысхан империясы жаулап алған елдерінің не тіліне, не ділі мен дініне, не салт-сана, дәстүріне қол сұқпау саясатын жүргізді? Мұның астарында нендей сыр жатыр? Болмаса Шыңғысханнан бұрынғы қытай, араб, парсы, грек немесе одан кейінгі әлемдік отаршылдық заманындағы ағылшын, испан, португал, француз бен неміс, орыс, қытай отаршылдарының бәрі де алдымен жаулап алған елдердің тілі мен діліне, дініне, ұлттық дәстүріне қасқырша жауыға тиісіп, оларды жұтып жіберу саясатын жүргізіп келеді емес пе? Халықтар достығы деп ұрандаған Кеңес үкіметі де осы саясаттың астыртын жалғастырушысы болып шықты емес пе? Бұлардың бәрі де өздерін өркениетті, мәдениетті, ғылым мен білімге жетілген елдерміз деп көкірек керіп, өздерінен басқа ұлттарға нәсілшілдік саясатын бірде ашық, бірде бүркемелеп жүргізіп жатты.
Х11-Х111 ғасырда түрік халықтары үшін ренессанстық құбылыс болып енген Қараханидтер әулетін парсылық бағытын ұстанған Хорезмшах жаулап алды. Түрік халықтарын парсыландыру саясатын өмірге ендіре бастаған тұста, ол процессті Шыңғысхан жорығы кілт тоқтатып тастады. Тоқтатпаса не болар еді? Әрине, жақсылық болмас еді, түрік халықтарының сөздік қорында парсылық қабаттың қалыңдай жатуы жай құбылыс болмаса керек-ті. Оның астарында біздер әлі де ұғына бермейтін сырлар жатыр.
… Хорезмшахтың басқыншылық саясаты нәтижесінде бытырап кеткен түрік халықтары Шыңғысхан бастаған бір империя ішінде топтасып, батыс пен шығыстың тарихи тағдырын шешуде шешуші күшке айналуы, әлем халқына танылып мойындалуы да жай нәрсе емес-ті...» (М.Мырзахметұлы «Түркістан Тараз арасы...» Алматы – 2002 189-191беттер).

Бүкіл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері Мұңал империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады.
Сан ғасырлардан бері үшке бөлініп бастары бірікпей қырқысып жатқан қытайлардың басын қосып, бүгінгі Қытай деген алып мемлекеттің құрылуына негіз болды. Қытайлар Шыңғыс қаған (Мұңалдар) өздерін жаулап алған болса да, Атамыз жайлы бірде-бір жағымсыз пікір айтпайды. Ұлы данышпан, ұлы қолбасшы деп құрметпен қарайды.
Бүгінгі орыс жерін мекендеген ондаған княздықтардың басын қосып, бір тудың астына жинады. Бүгінгі Алып Ресей мемлекеті осылай дүниеге келді. Оларда өздерін Шыңғыс қаған құрған Алтын Орданың ізбасарымыз деп есептейді. Олардың да аталарымыз жайлы жазған том-том кітаптары, мыңдаған ғылыми зерттеу еңбектері, көптеген кинофильмдері бар. Әрқайсысы әртүрлі жазады. Қысқасы біреуі мақтайды, біреуі даттайды. Олардың мектеп оқулықтарында «Адамзаттың атасы» маймыл деп жазылған. Бұлар «Дарвин ілімі» деген жалған қағиданы басшылыққа алғандықтарының кесірінен Атаға қарап емес, «маймылға» қарап бой түзеп жүр. Олардың кейбіреулерінің Шыңғыс қаған жайлы жағымсыз пікір айтатындарының сыры осы.

Сол заманда тарыдай шашылып, бірімен-бірі қырқысып жатқан қазақ ру-тайпаларының басын қосып Әлемдік ұлы қағанатты, яғни ежелгі қазақ қағанаттығын қайтадан қалпына келтірді. Бүгінгі бүкіл дүние жүзі елдерінің негізін (түп қазығын) сақтап отырған бүгінгі Үш арыс Қазақ мемлекетінің негізін қалады. ХІХ ғасырда жасаған орыс оқымыстысы Н.Аристов «… Арғы тарихта таңбаланған аталы рулардың барлығы дерлік бүгінгі қазақ арасынан табылады” деп, жазыпты.

Европада бұрын-соңды болып көрмеген Осман империясы дүниеге келді.

Шыңғыс ханның жанкешті соғыстары түріктердің (қазақтардың) ат тұяғы тиген Тынық мұхиттан Атлант мұхитына дейінгі жерді түрік иелігіне қайтарып, түркі әлемінің беделін қалпына келтірудің жолы болды.

Атамыз тек қана екі жолды таңдаған. Ол «Әділеттілік» пен «Имандылық»! Шыңғыс қаған Атамыздың атын аңызға айналдырып, 800 жыл бойы ел аузынан түспей келе жатқанының сыры да, Атамызға бүкіл әлем елдерінің менікі деп таласып жатуының да сыры осы. Шыңғыс қаған тек қана қазақтың емес, бүкіл әлем елдерінің атасы.

Екі жол алдым: «Әділдік» пен «Имандық»! (Шыңғыс қаған)".
Sherkeshbay
Шыңғыс қаған жауыз болғанда өзіне бағынған елдердің бәрін қазақша сөйлетіп, діндерін өзгертер еді. Алайда атамыз оның бірінде істеген жоқ. Өзіне бағынған елдерге салық жинайтын азғана адам қалдырып, сол елдің өзінен жақсы (әділ) басшы тағайындап отырған. Шыңғыс қағанның өзге жаулаушылардан басты айырмасы да осы.
Қазақтардың Шыңғыс хан бабамызды қуана қарсы алғаны төмендегі жағдайлардан анық көрінеді. Мысалы, қазақ тайпаларының бірі де бірегейі, қаңлы тайпасынан шыққан және Іле өңіріндегі Алмалықта туып-өскен әйгілі тарихшы Жамал Карши (1230-1315) өзінің «Мұлхақат ас-сурах» («Сөздікке қосымша») атты шығармасында: 12-ғасырдың басынан 13 ғасырдың аяғына дейін қаңлылар Жетісудағы ең мықты ұлыс болып, бұл өлкені Алмалықта отырып билеген. Қара қытайлар шабуылы кезінде қаңлылар қарлық елімен бірігіп, ол кездегі сәулетті астана Баласағұн қаласын жаудан қорғауға көмектесті» деп жазды. Маңғол шабуылы алдында қаңлылардың күшті ел болғанын кейін Рашид-ад-дин де айтты: «Олар Жетісудан Ертіске дейін үстемдік құрды» деп жазды. Жамал Каршидің айтуынша, маңғол әскерлері Жетісуға келгенде қаңлылар ешбір қарсылық көрсетпеген. Олардың ұлыс бегі Тұғырыл мен оның баласы Сұнақ тегін барлық әскерлерімен Шыңғыс ханға қосылады. Ол үшін Шыңғысхан өз туған немересін, яғни Жошының үлкен қызы Бикені Сұнақ тегінге қосады. Қаңлының бектеріне үлкен сый көрсетіп, оларды Шағатай ұлысында бірінші орынға отырғызады.
13-ғасырда Шыңғысхан әскері Самарқан қаласына кіргенде, осы қалада 40 мың қаңлы жауынгері болған. Ал Хорезм шахы Мұхаммед сұлтанның әскерлерінің ішінде 100 мың қаңлы болған. Олар Талас өзені бойында өз тайпаларымен көшіп жүрген.
1220-жылы Геноя елшісі Буксон сапар шегіп, Шыңғыс ханға бара жатқан жолында Мауараннахрда қаңлы ұлысын басып өткен. Ал Планокарпин Команиадан (қыпшақ елінен) өткен соң қаңлы (қаңғыт) еліне келген. 1253-жылы Руброкта осы қаңлы жерін басып өткен. Әмір Темірдің тұсында қаңлылар Сырдарияның оң жағында тұрса, 14-ғасырда Ақ Орда хандығының қарулы күштерінің оң қанаты болған. Ақ Орданың жалғасы болған қазақ хандығын құруда, нығайтуда, қазақтың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтауда, ежелгі заманнан бері Сырдария алабы мен Жетісу өңірін мекендеп, мол мәдениет мұраларын жасаған қаңлылар елеулі үлес қосты. Қаңлылар өте көп ел еді. Олардың бір бөлегі өзбек, қырғыз, қарақалпақ, тағы басқа халықтардың да құрамына қосылды. Кейбір топтары батысқа кетіп, басқа халықтарға сіңіп кетті. Ал қазақ құрамына қосылған қаңлылар ұзақ ғасырлар бойы өздерінің атамекенінде жасап, мәдениет дәстүрін үзбей келген маңызды бөлігі еді.
Түсініктеме: Атақ, даңқы бүкіл әлемді дүр сілкіндірген ежелгі Бес қаңлы мемлекетінің (империясының) шыққан тегі Манқыстауда, ол жер қазір Қаңға баба (ежелгі қамал, қорым және жер) деп аталады, ежелгі Қаңлылардың астанасы Қана қаласы. Ол жер ең алғашқы хандық құрылған жер. Қаңлы таңбасының – «1» (көсеу) болатыны осыдан.
Қытай деректерінің негізінде арнайы зерттеу еңбектерін жариялаған белгілі зерттеуші А.Ш.Қадырбаев төмендегідей мәліметтер келтірген: «Орос қаңлы тайпасынан. Оның арғы атасы Хашибайяо (Қайшы Байұлы М.Қ.) моңғолдар мемлекетінің дәуірлеу кезеңінде оларға өз еркімен бағынған. Ал атасы Хайду Мөңке ханның басшылығымен Тяоюйшаньға (Қытайдағы жер атауы) жорық кезінде қайтыс болған. Қаңлы Яньчжэнь (Алшын М.Қ.) Хұбылай ханның жорықтарында қасына еріп жүрген. Қаңлы Айбобайут (Айбай-Байұлы М.Қ.) Шыңғыс хан кезінде артынан ордасын ертіп келіп, моңғолдарға бағынған. Моңғол империясының қалыптасу кезінен бастап 50 жауынгерін басқарып моңғолдардың Қытайға жорығына қатысқан».
«Ал, оның баласы Есудар әкесінің орнына тағайындалса, Есудар қаңлының Цзяохуади, Хайсы, Хайди, Яньшоу, Баян, Вантцзэтемур, Қарахан атты жеті ұлы да Құбылай хан кезінде сарайда әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған» (Қадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. Алматы 1997. 53, 134 б.б.)
Бұл жерде өзі іздеп барып бағынған дегеннен көрі, өз еліне, өз тумаластарына өзі келіп қосылған десек, нағыз шындығы осы болар.
«Шыңғысхан Құласудың жағасымен жүрді. Су бойында отырған елге тап болды, одан: «Не елсіз?» деп сұрады. Сөйтсе олар: «Қоңыратпыз» деді. Ол уақытта қоңыратқа бас болып жүрген Түрік имал еді. Шыңғыс хан оған елші жіберіп, «Осы уақытқа дейін жамандаспаған құда – анда едік. Ел болсаң, одақтасым бол, жау болсаң, өзім келіп тұрмын» деді. Мұны естіген соң барлық қоңырат хан алдына келіп, оған бағынды. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» Алматы. 1992. 57 бет).
Енисейдегі қырғыздардың билеушісі Арыс Айнал Алдиярұлы бек, ақ сұңқар, ақ тұлпар, қара бұлғын ішік тарту етіп, Жошыны қарсы алып, соғыспай бағынды. Тұрпандағы ұйғұр идіқұты Барчұқта бар халқымен солай жасады. Шыңғысхан әскерлері Жетісуға келгенде өз еркімен қосылған Қарлық Арыстан ханға (Балқаш көлінің шығысындағы Қиялық қаласын билеген) Шыңғысхан өз қызы Алқа бикені атастырды. Шағатай хан Жұңғарияны мекендеген дулат тайпасының басшысы Ортөбеге (Әмір Болатшының атасы) өз еркімен келіп қосылғаны үшін «Маңғұлай сүбе» өңірін иелікке берді.
Sherkeshbay
Мая! Қарындасым! Сізге толық жауап беру үшін, тағы да Мұхамбеткәрім Ағаның кітабына жүгінуге тура келіп тұр. «ЖОЙҚЫН ЖОРЫҚТАРДЫҢ МҰРАТЫ. Шыңғысхан және оның ұрпақтары иелік еткен аймақ Ұлы Мұңал үстіртімен қоса Азия, Шығыс Еуропа мен Солтүстік Африканы қамтыған. Сол заманда Шыңғыс хан мен мұңалдардың атағы жер жарып, айбары әлемді тітіреткен. «Рим императорының өз ордасында отырып, мұңалдардың дабысынан қорқып, тізесі дірілдегені» тарихи деректерде жазылған.
Кейбір тарихшыларымыздың Шыңғысхан әлемді зорлықпен бағындырып, өркениет нысандарын тас-талқан етіп күйретті дегендеріне айтарымыз:
— Адамзат қоғамында сонау түпкірдегі Адам Ата мен Ауа Анадан бастап, баланың әкесіне, інісінің ағасына және бәрі бірігіп Атасына бағынуы – сол заманнан келе жатқан үрдіс. Кейінірек уақыт өте келе Аталардың (рулардың) аралары алшақтап біріне-бірі бағынбай дай-дай болып бөлінді, дай-дай болып керісті, ұрысты, шабысты, ақыр аяғында бірін-бірі қынадай қырды. Міне осылайша, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін әлемдік бағындырулардың барлығы да зорлықты қимылдар, соғыстар арқылы жүрді. Ал одан кейінгі бағындырулар, яғни өзіне тәуелді ету жұмсақ формада, дәлірек айтқанда, ақша мен саяси амал-тәсілдер арқылы да, ара-арасын да күш көрсету арқылы да жүріп жатыр.
Енді сол орта ғасыр заманына оралсақ, Шыңғыс хан Мұңал үстіртіндегі басқа тайпаларды өзіне бағындырмаса, олар оны өзіне бағындырар еді, мүмкін жойып та жіберер еді. Егер Шыңғыс хан Алтын елін жоймаса, Алтын елі оны жұтып қояр еді. Егер Батыс Ляо (Қарақытай) патшалығын жоймаса, оның билеушісі найманның Күшік ханы мұңал билігіне қауіп төндірер еді. Міне, бір-біріне тығыз байланысты осындай себептермен Шыңғыс ханның, яғни қазақтардың ежелгі өзінен бөлініп бағынбай кеткен елдерді қайта бағындырып, бір-бірімен билікке, жерге таласып, қырқысып жатқан елдерге тыныштық орнату үшін жасаған жорығы жарты әлемді шарпыды. Шыңғыс ханның жорықтарын «өркениет нысандарын тас-талқан етіп күйретті» деп біржақты айыптай беруге болмайды. Біз «осы жорықтардың нәтижесі адамзатқа не берді немесе қандай маңызы болды?» деген сауалды да сараласақ, Шыңғыс ханның жорықтарының жалпы маңызын төмендегіше тұжырымдауымыз керек. Шыңғысхан кез-келген елді, бей-берекет қыра берген ештеңесі жоқ. Атамыздың да, сол кездегі бұрынғы қазақ мемлекеттігін құраған сан жүздеген ру-тайпалардың негізгі мақсаты бұрынғы қазақ мемлекеттігін қайта қалпына келтіріп, бұрынғыдай соғыссыз өмір сүруге болатындай, әділетті қоғам орнату болды. Оның үстіне Шыңғыс хан сартауыл еліне (парсылық Хорезм патшалығы) жорық жасаған кезде ежелден дәстүрі мен тілі бір қазақтың қара жұртын араб және иран мәдениеті түгелге жуық жаулап алған болатын. Сол үшінде Шыңғыс хан атамызды, сол замандағы Орталық Азияны мекендеген көптеген халықтар бірігіп, оны барлық хандардың ұлы ханы, яғни Шыңғысты Қаған етіп сайлады. Қайталап айтамын, ешкім тағайындаған жоқ, бүкіл халық болып, кәзіргіше айтқанда «демократиялық» жолмен сайланған. Себебі, бұл үрдіс билеушінің «хан» деп аталғанынан бері бірге келеді. «Хан сайлау» деген сөз тіркесі сонау ықылым заманнан, күні бүгінге дейін егіздің сыңары сияқты жұбы жазылған емес. Осылайша, ұлы билікке сайлау жолымен қол жеткізген ұлы бабамыз Шыңғыс қаған, бұрынғы қазақ мемлекеттігінің құрамында болып, Хорезм шахтың Шыңғысханның арғы атасы Қарахандар билігін құлатып, елін жаулап алуына байланысты ыдырап кеткен елдердің бәріне, ежелгі Қазақ қағанатының қалпына келгенін жариялап, бұрынғыдай бір қағанаттың туының астына бірігуге, немесе аралас-құралас, сауда жасасып, тату-тәтті өмір сүруге ұсыныс жасап елшілер жіберген. Бірін-бірі аяусыз қынадай қырған әлемнің көптеген елдері бұл хабарды қуана қарсы алып «ханды көруге» барды, яғни өз еріктерімен бір тудың астына бірікті. Шыңғыс қағанды мойындағысы келмей, бармағандары да болды. Мысалы, солардың ішіндегі бұрынғы қазақ жерін жаулап алып өз билігін орнатқан ең мықтысы жоғарыда айтқанымдай Қаразым (Хорезм) патшасы султан Мұхаммед болатын. Сұлтан Мұхаммедтің өзі және оның адамдары халықаралық үрдісті өрескел бұзып, Шыңғысхан жіберген 500 елші — саудагерлерді тергеусіз, сотсыз қырып тастап, керуеннің бар дүние-мүлкін тонап алды. Шыңғыс хан оған осы адамдарды жазықсыз қырған Отырар билеушісі Қайыр ханды өзіне беруді талап етіп елші жіберді. Мұхаммед шах оларды да қырып тастады. Шыңғыс хан жазықсыз өлген жандардың кегін алу үшін Хорезм шахқа қарсы соғысқа аттанды. Сұлтан Мұхаммедтің сол мезгілде жарты миллионға жуық әскері бола тұра, өзінен үш есеге жуық аз Шыңғыс хан әскеріне қарсы тұра алмады. Себебі, сұлтан Мұхаммедтің қарауындағы елдердің барлығы да бұрынғы қазақ мемлекетіне қараған және оның күшпен бағындырған елдері болатын. Бұл жайлы В.Г.Ян өзінің «Чингиз-хан» атты тарихи еңбегінде былай деп жазды: «Патшаға (Мұхаммед Ала Ад Дин) кеңсе бастығы келіп, хатты ұстатты. Онда қысқа ғана, Отырарға көмекке жіберілген 20 мың қыпшақ қолының, моңғолдарға өтіп кеткені баяндалған еді» (Нөкіс. 1975. 141 бет). Сұлтан Мұхаммедтің ашық майданға шығып, қарсылық көрсете алмай, іннен – інге тығылып қашуының басты себебі де осы еді. Ол өзінің зорлықпен, күшпен жаулап алған қазақтарға сене алмады. Шынында да, сұлтан Мұхаммедтің Шыңғыс ханға көрсеткен қарсылығы әкесінің айтқанын тыңдамаған «тентек баланың» әрекеті сияқты болып шықты.
Бұл жағдайды араб тарихшысы Ибн-Ал-Асир былайша суреттепті. «Самарқанд қаласы Шыңғысханға өз еріктерімен берілді. Олар айтты: «Біз түріктерміз, біздің Шыңғысханмен тегіміз бір. Ол бізді кешіруге тиісті».
Жоғарыда келтірілген деректерден шығатын қорытынды, жалпы Шыңғысхан, Жүсіп Баласағұн бабамыздың жырындағы «Қазақ қаған әлемнің бәрін алған» деп, айтылғандай бүкіл әлемге билігін жүргізген Қазақ қағанның билігін қайтадан қалпына келтіріп, бұрынғыдай бүкіл әлемге бейбітшілік орнатуды мақсат етіп қойған. Шыңғыс атамыз ол мақсатына жетті де. Ол 1227 жылы бүкіл Шығысты, Орта Азияны және Батыс елдерін Әзірбайжан, Грузия, Армения, Словакия, Чехия, Польша, Босния, Сербия, Болгария, Венгрия, Киев, Москваны, бүкіл әлемді түгелге жуық бағындырды. Жалғыз қалған Қытайдың бір бөлігін оның үшінші ұлы Үгедей мен немересі Құбылай жүзеге асырды.
Тарихшылардың Шыңғыс ханды қала мәдениетін жойып жіберді дегендері шындыққа келмейді. Ол қалаларды жоқ қылған жоқ. Соғыстың аты соғыс, ол бағынбаған қалалардың қорған қабырғалары мен күзет мұнараларын ғана қиратты. Ал халыққа тиген жоқ. Шындығында да, бұрынғыдай бір ел болып бірігіп, барлық көршілерімен тату-тәтті араласып отырған елге қамал-қорғанның, күзет мұнараларының қандай қажеттігі бар. Осы айтқанымның дәлелін атақты саяхатшы Марко Поло кезінде хатқа түсіріп жазып кеткен. «Белгілі бір аймақты жаулап алған ол елді жәбірлеген емес, меншік құқына тиген жоқ, тек олардың арасына өзінің бірнеше адамын ғана қалдырып, жаугершілік сапарын әрі жалғастырды. Бағынған ел өздерінің көршілерден қорғалып тұрғанын, бағыныштылығынан еш зиян көрмейтініне көзі жеткен соң, сондай – ақ, әміршінің билеуші ретінде шапағатты екенін көргеннен кейін оған жан-тәнімен беріліп, бұрынғы жаудан таза берілген қызметшіге айналды» деген. Бұл дерек Ә.Спанның «Шыңнан-Шыңғысқа» деген еңбегінен алынды.
Бұл жайлы Италияндық саяхатшы әрі көпес Франческо Пеголетти өзінің «сауда ісі» (1340 жылы жазылған) атты кітабында Тан (Донның төменгі ағысындағы Азақ деген қаланың итальянша аты) қаласынан қытайға дейінгі бағыт күндіз-түні толық қауіпсіз дейді. Ал сол Пеголоттидің есебі бойынша Таннан Қажы-Тарханға (Астраханға) дейінгі аралықты өгізбен 25 күнде, атпен 10-12 күнде жүріп өтуге болады екен (М.Г.Сафаргалиев «Распад Золотой Орды» Саранск. 1960. с 90).
Sherkeshbay
Мая! Қарындасым! Өткен шежіре-тарихқа қалам тартқан жандар, келтірген тұжырымдарының дереккөздерін (первоисточник) көрсетер болар.
Сізге де сол Қоңырбайға қойылған сұрақтарды қайталаймын. СІЗ ШЫҢҒЫС ХАН ҚАЗАҚ ДЕГЕНГЕ СЕНЕ АЛАСЫЗ БА? Азаматтық арыңызбен, шын ниетіңізбен жауап беруңізді өтінемін!
Sherkeshbay
Қоңырбай мырза! Оразаңыз да, Қадір түні тілеген тілегіңізді қабыл болғай. Елге жасап жатырған игі ісіңіз, еселеп жалғасын тапқай!
Sherkeshbay
Қоңырбай мырза! Сіздің көптеген еңбектеріңізбен танысып шықтым. Ішінде қазіргі жастарға тәлім алатындай жақсы әңгімелеріңіз, жақсы ойларыңыз, жақсы сөздеріңіз көп екен. Ақындығыңыз да бар екен. Қысқасы, Сіздің өз замандастарыңыздан көш ілгері тұрғандығыңыз мен үшін айқын болды. Білмеген адам «у»ішеді деген. Менің бұл ретте Сізге бала деуге аузым бармай отыр.
Сізден бір өтініш. Қазір Шыңғыс хан атамыз жайлы көп жазылып жатыр ғой. Оның біразымен осы жерден де танысқан боларсыз. СІЗ ШЫҢҒЫС ХАН ҚАЗАҚ ДЕГЕНГЕ СЕНЕ АЛАСЫЗ БА? Азаматтық арыңызбен, шын ниетіңізбен жауап беруңізді өтінемін!
Sherkeshbay
Сіздің тіліңіз қашан шығады?
Сіздің мына сөзіңізбен мына өлеңіңіздің арасы аспан мен жердей ғой. Құранды өзіңіз құр ән деп жүрген сияқтысыз.
Күні мен түні ауысқан
Өмірде болмай сауысқан
Ағайын, ғұмыр кешейік!
Хақ жолына атсалысқан.

Исламнан қашып безбеңіз,
Алладан қашып не етпексіз?
Бабалар келген өмірден
Біздер де қайтып кетпекпіз.

Аятпен амал етсеңіз,
Бақытты ғұмыр кешесіз.
Алланың айтқан сөзі сол
Құранды құр ән демеңіз.

Жансанов Медет, жас драматург! Ұят, қайда?
Sherkeshbay
«Medium 8 минут бұрын ↑ 0 Уа, ағасы! Постты ашқанда ойнай жөнелетін аудио сіздің жыныңызға тимей ме?
Менің жыныма тиед».
Мен оны өз компьютерімнен сол күні-ақ алдырып тастағанмын. Сіз не сонда соны әлі тыңдап жүрсіз бе? Жағдайыңыз қиын екен.
Sherkeshbay
1962 жылы Моңғолиядағы Кендітау аймағындағы Гурван көлі жағасында үлкен мәрмәрдан ескерткіш орнатылған, онда Шыңғысханның төмендегі өсиеті жазылған:
«Құлаш денем құласа құласын, құраған елім,
қолымдағы байрағым құламасын».
— Қалай жасау керектігін білсең, бәрі де оңай.
— Әрбір істің жаны — оның бітірілуінде.
— Егер істі бастасаң — қорықпа,
Қорықсан — бастама.
— Шарап адамды білетін білімі мен өнерінен айырып, оның жолы мен ондағы істерінің алдындағы пердеге айналады.
— Қарапайым тұрғындар арасында бұзаудай момын, той-думанда асау тайдай сергек болыңдар. Ал, соғыста олжасына төнген аш қырандай ұрысқа атылыңдар.
— Ішетін адам арақ-шарапқа тойса, ешнәрсе көре алмайтын — соқырға, шақырғанда естімейтін — саңырауға, сөйлескенде жауап бере алмайтын — мылқауға айналады.
— Кім өз үйін тәртіпте ұстай алса, сол иелігін де тәртіпте ұстай алады; кім мұны өз деңгейінде орындай алатын болса, ол ұрысқа да он адам тізуге қабілетті, оған мыңдық немесе түменді де тапсыруға лайықты: ол, оларды ұрысқа дайындай алады.
— Жеңістің мүмкіндігі — тек шабуылда.
— Жасырыну өнері қорғанысқа құрылған
— Исламдағы ер мен әйелінің қарым-қатынасы көз бен қолдың қарым-қатынасы іспеттес. Қол ауырса көз жылайды… Көз жыласа алақан жасын суртеді.
— Тауда жоғалған нәрсені өзен түбінен іздемейді.
— Мен — Құдайдың қарғысымын. Егер сендер ажалға татырлық күнә жасамасаңдар, Құдай менің кейіпімдегі жазасын жібермейді.
— Менің еркіммен көтеріліп сар даламен белгісіз бағытқа шауып бара жатқан ат тұмсығы мен адамдардың жүздеріне, осы бейқам тірі ағынға қарап, мен — өзім бұл ағынның қай жеріндемін деп өзіме жиі сұрақ қоямын» (Шыңғысханның қанатты сөздері» blogtime.kz/avangard/shyngyshannyn-kanatty-sozderi.html).

Жақында «Шыңғысханның өзекті толғаған өсиеттері» деген айдармен атамыздың тағы бір өсиетін (шежірешісі Әлиасқар Байғұтұлының жазбасынан тапқан) бізге Шымкенттік Ілесбек Байжанов жеткізді:
– «Зақан» жазсаң, «зарап» ішпе!
«Құлқы тұғыр» ұстасаң,
Құлыңа шарап ішкізбе!
Ілім – Гауһар! Көздің қарашығындай,
Құзғын нәсілге бұйырмас!
Алты Алаш – алтын арна!
Тартсаң теңізге айналар таусылмас!
Діннің имандысын алдым!
Сұлудың «Үржандысын» алдым!
Баһадүрлерімнің қаһарымен қазан қайнаттым!
«Батысқа» «Сары Оғландай» билік жүргіздім!
«Түстік» түбімен бағынды!
«Шығысымда» ұлыйтын бөрі жоқ!
Өкпем бауыр болды, жүрегім ауыр болды.
Жүрген жолымды Көк Тәңірі өзі қолдады!
Мен туылмай жатып «Тұман» болды…
Туған соң «Сабулай Ұран» болды,
Төрт аяқты жылан болды»!
Азулы Айдаһардың азуын қағып,
«Аққа» басын игіздім,
Айбаты Арыстанның, басын жерге тигіздім!
Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!
Анасын жылатқанды мойынына құрым кигіздім,
Отқа жақтым, күлін қарғаның ұясына салдым!
Ұл – тарақты азаптағандарды
«Кербала шөліне» жыйғыздым,
Бір көгенге сыйғыздым!
Шөлден өтсе ғұмыры дедім,
Өлсе «Ғайыптың» әмірі дедім!
Екі жол алдым: «Әділдік» пен «Имандық»!
«Екі жар» алдым, бір рет туылдым!
Жеті рет өлімнен оралдым!
«Тексіз азғындар» дұшпаным!
Тектілерден Нәр алдым!
Қаһарлы келсе «У» алдым!
Жолағы «Күрең» ту алдым!
Білегі жуанның бергені жолда қалады,
Аузы дуалының бергені төбеге шығарады!» Қандай керемет! Атамыз тек қана екі жолды таңдаған. Ол «Әділеттілік» пен «Имандылық»! Шыңғыс қаған Атамыздың атын аңызға айналдырып, 800 жыл бойы ел аузынан түспей келе жатқанының сыры да, Атамызға бүкіл әлем елдерінің менікі деп таласып жатуының да сыры осы.

«Інілерім, ұлдарым, қалың қауымым, сіздер өз бастарыңызды ұмытып, ұлыс үшін әркез үлкен насихат қылып тұрыңыздар, білім-ғылымды игерген адам тапсаңыздар, өздеріңнен алыстатпаңыздар, оның сендерге шарапат-шапағаты көп болады. Менің азаппен жинаған елімді қорғап, қолдаңдар! Осы аманатты орындамасаңдар бәрі бөлінеді. Орнату – қиын, оны қорғау – одан да қиын. Ұлы шабытпен ойлана біліңдер!
Қамшының сабындай аз өмірімде адамзаттың мыңжылдық тыныштығын ойлап, қолыма қару алдым» (Шыңғыс қаған). («Шыңғысхан» жорналы, 1.2015 жыл. 1 бет).
Sherkeshbay
Ұлы қаған әлем пендесіне жоғарыда көрсетілгендерден де басқа көптеген өсиет қалдырған еді. Сондай деректерді Филология ғылымдарының докторы, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, турколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы 12 мамыр 2009 жылы интернетте жариялаған «Шыңғыс ханның мазары табылды» деген еңбегінен таптық:
— Қабылдаған шешімді өзінен бастап орындамаса,
Ол адам елбасшысы емес, бишара.
— Адам деген пендені бай, кедейлігімен, атақ-лауазымымен алалау пасықтың ісі.
— Адам туса бір дәуірлік,
Көк шықса бір мезгілдік.
— Жасаған көмегіңді көмейіңнен шығарма.
— Жайсыз қылығыңды кішкентай деп ойлама.
Жақсы да, жаман да болымсыздан басталады.
— Даңғойды тым асырма,
Даукесті мүлде тыңдама.
— Шыққан тегіңді ұмытпауды – ұрпағыңа,
Ішкен суыңды ұмытпауды – досыңа үйрет.
— Тау гүлі жаңбыр көрсе жанданады,
Тау тұлғалар сын естісе тазарады.
— Жасанды гүл жаңбыр суымен жоғалады,
Жағымпаз жандар сын естісе қуарады.
— Өзіңнің кемшілігіңді басқадан естіп білгенің жақсы,
Сезіміңнің кемшілігін өзің біліп жеңгенің жақсы.
— Бишікте отырып ұрлық қылсаң,
Өз басыңмен төлейсің.
Билікте отырып ұрлық қылсаң,
Ұрпағыңның тағдырымен төлейсің.
— Ағаш кесуге өткір балта керек,
Алтын таққа алып парасат керек.
— Мәйекті сөзін айтпаған білімді ғалымнан,
Түйсігін айтқан ақымақ артық.
— Әлемге бейбітшілік орнатып нұрыңды төк,
Әйелге сезіміңді беріп нәріңді төк».
Мұңалдар билігі өз заманында Қазақ отбасының бірде-бір мүшесінің қарнын аштырып, көштен қалдырмаудың барлық шараларын алған. Мысалы, Үгедей қағанның мынадай жарлықтары болған: «Жүз қой сайын бір тұсақ шығартып, елдің ішіндегі құралақан кедейлерге көмек етіп беріңдер», және «Жұртшылықтың жер суын бөліп берейік, таңдап қоныстандыратын шалғыншылар, әрбір мыңдықтан шығарылсын», «Сусыз жерден құдық қаздырып, су шығартып, қалың бұқара су мен шөпке кенелтілсін», «Ел арасына елші жүргізіп қатынайтын және әр түрлі істі ақылдасу үшін өртең жол салынып, лау жұмысы жолға қойылсын». Қағанның бұл жарлығы ұлы дала төсінде сан ғасырлар бойы мүлтіксіз орындалды.
Қорытындысы, Қазақ даласында Римдегі Спартак көтерілісі сияқты бірде-бір соғыс болған емес. Жетім мен жесірін қаңғытқан жоқ, түрме, зындан, қамал, қорған салмады. Адамгершілік қасиеттің ең биік шыңы ата-ана мен үлкенді сыйлау мүлтіксіз орындалды. Сол қаған жарлығымен салынған өртең жол кейіннен ұлы «Жібек жолы» аталып, жалғасы бүгінгі күнге жетті.

Сол сияқты Шыңғыс қаған: “Ханшаның үш жары болады. Алғашқы жары – адал заты, соңғы жары – алған ері. Барған еліне болаттай берілсе (тастай батып, судай сіңсе М.Қ), адалдықпен аты шығады. Адал атын сақтаса, алған жары қайда бармақ?” – деп өсиет етеді. («Құпия шежіре» 164 бет).
Шыңғысханның өз қызы Алалтынға арнаған осы өсиетін барлық қазақ қыздары мен аналары сегіз ғасырдан бері үлгі тұтып келе жатқан жоқ па?!
Осы жерде арнайы айрықша атап өтетін жағдай Шыңғыс хан жайлы бүкіл әлем елдерінің тарихшылары түгелге жуық қалам тербеп, жүздеген, мыңдаған кітаптар, сан миллиондаған ғылыми (тарихи) еңбектер жазып, ондаған кинофильмдер түсірді. Бір қызығы осы еңбектердің барлығы дерлік Шыңғыс қағанның өз аузымен еліне, ұрпағына арналып айтылған көптеген өсиеттері мен жасысы, яғни заңдар жинағының бар екендігін көрсетеді, бірақ олардың бірде-бірін де, оның өсиеттері мен заңдарының бірде-бір бабына толық түсініктеме берілмейді, тіпті ол жайлы ауызға алынбайды да. Бұл жерде «неліктен?» деген сұрақты өзімізге-өзіміз қойып, бұған жауап іздейтін болсақ, егер олар Шыңғыс ханның өсиеті мен оның шығарған заңдарының баптарын келтірер болса, олардың Шыңғыс ханды жабайы (варвар), жауыз, әлем мәдениетін талқандап, қиратушы деп жазып жүргендеріне ешкімде сенбес еді. Атамыздың өсиеттері мен заңдары тек қана қазақ халқының ауыз әдебиеті мен жазба деректерінде көптеп сақталған және олардың барлығы дерлік Шыңғыс ханды Алланың ерекше жаратқан, зайыры ұрпағынан-ұрпағына жалғасқан әулие деп мадақтайды.
Sherkeshbay
2. Егер әркім өз пиғылын арамдық ойдан тазартатын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді.
3. Момын халықтың арасында жүргенде қошақандай момын бол, ал шайқасқа шыққанда жемтік көрген аш бүркіттей шүйлік.
4. Сөзді айттың ба – ол жақсы ма, жаман ба, әзіл ме, шын ба, бәрібір – оны қайтарып ала алмайсың; сондықтан әр сөзіңді безбенге өлшегендей салмақтап айт.
5. Ер кісі бір мезгілде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса әрі аңға немесе жорыққа кеткенде әйелі ерінің от басын көңірсітіп, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тамағын беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды; ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне де тікелей байланысты. Керісінше әйелі парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздыға сөз, аяқтыға жол болады.
6. Арақ-шараптан ақыл да, пайда да, абырой да, қайырымды мінез-құлық та, адамгершілік те күтпе. Ішуді тастай тыюға жігерің жетпесе, шамаңды байқап, мөлшермен ішкін; мүлдем ішпейтін жан – нағыз қадірлі адам.
«Масаң адам әрі керең, әрі соқыр, онда ақыл парасат болмайды. Оның ой білігі, дарыны түкке де тұрмайды. Ол ұятқа қалудан басқа ештеңе тындырмақ емес. Ішкілікке салынған ел билеушінің қолынан ешбір ұлы нәрсе келмейді. Ішкілікке құныққан әскер басшысы өз сарбаздарының жауынгерлік сабын өз билігінде ұстай алмақ емес. Ал, масаң ноян өз атқан садақ оғының қайда, неге тигенін білмейді» — деген. (Рашид-ад-дин «Уақиғалар жылнамасы» 1-том).
Адам тағдырында, тіпті қоғам тағдырында да арақ-шарап белгілі орын алған. Арақ-шарапқа берілген жұрттар өзінің ұлттық қасиетінен айрылып, уақталып, құрып кеткендері тарихта белгілі. Әсіресе, бір елді жаулап алған үлкен жұрт үстемдігімен, қару-жарақты зорлығымен, мәдениет, сорақы тәлім-тәрбиесімен бірге арақ-шарабын да ала келген. Қару-жарақтың күшімен дегенін кейде істете алмаған шапқыншылар, бағынышты елін не діні арқылы, не арақ-шарабы, алдамшы ғұрып-дәстүрлері арқылы жеңген. Әсіресе, әлі мемлекет болып шынықпаған кішкентай елдерге арақ-шарап үлкен зиянын тигізген. Міне осы себепті де, орыстар қазақ елін рухани бағындыра алмағаннан кейін, олардың ақыл-ой, жан сезімдерін әлсірете түсу үшін көбірек ішулерін жақсы көрген, соған үгіттеген. Әлі солай жалғасып келеді. Сыра спирт ішімдігіне жатпайды деп өтірік айтып, жұрттың бәрін шатыстырып, әсіресе жастарымызды күнде сыра ішуге, маскүнемдікке ашықтан-ашық уағыздаулары сол саясаттың жалғасы. Осылайша, олар үш жүз жыл бойы осы саясатын үзбей жалғастырып келеді. Ресейдің біздегі бүкіл телеарналардан бірде-бір мас емес, дені сау фильмдерін көрсетпейтіні де сондықтан. Әрине, үш жүз жыл аз уақыт емес. Үш жүз жыл бойы орыстың осындай идеологиялық соғысына төтеп бере білген қазақтың да осал болмағанын кім-кімнің де мойындауына тура келері сөзсіз.
«Арақ шынысынан басқаның бәрін бүлдіреді» (Бауыржан Момышұлы).
Тарих тағлымы: Бір мүшесі ішкілікке, не нашақорлыққа салынған отбасының да, сол ішімдік пен нашақорлыққа жол беріп, онымен күреспейтін ұлттың да, мемлекеттің де өмір жасы ұзаққа бармайды.

Шыңғысхан атамыздың тағы мына бір өсиетін қазақта естімеген, білмейтін адам жоқ десе де болады: «Шыңғыс хан кейін өзінің бағындырған ел – жұртын өзінің төрт ұлына бөліп бергенде, төртеуін қатар отырғызып, мынадай ақыл береді. «Төртеуің өзара тату болыңдар, бір-біріңе жаулық ойламаңдар».
Қорамсасынан бір оқты шығарып, оны өзі сындырды, содан соң бірнешеуін алып, біріктіріп ұстап тұрып: «кім сындыра алады?» деп сұрады. Ешкім сындыра алмады. Сонда Шыңғыс хан айтты: «Міне, сендер де осы оқ сияқтысыңдар. Егер сендер орталарыңнан біреуіңді билеуші етіп сайлап, соның айтқанымен жүрсеңдер, ешкім де сендерді жеңе алмайды. Егер бірлік болмай, әрқайсың өз беттеріңше бір – біріңе жау болсаңдар, жаңағы жалғыз оқтай бәріңді де талқандайды». Бұл – тамаша ақыл, таптырмас кеңес болды». (Әбілғазы. «Түрік шежіресі», Алматы 1992 жыл, 66 бет). Бұл өсиет «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген мақал болып тұжырымдалған. Осы мақалды басшылыққа алу қазіргі қазаққа ауадан да қажет.
«Кім өз үйін дұрыс басқара алса, ол мемлекетті де дұрыс басқара алар, кім он адамға өз сөзін тыңдата алса, ол үлкен әскерге де басшылық ете алар. Кім де кім өзіндегі жаман қылықтарынан арылса, мемлекет қамын ойлай алар». Бұл да сонда (93 бет).

«Менің ұрпақтарым өздері жеңген мұңалдардан, бөтен жұрттардан алған қатындарынан туған балаларын өз тақтарына мұрагер етпеулері керек. Адам қасиеті ана сүтімен келеді. Мұндай мұрагер әке тағына отырғаннан кейін, ана еліне тартып кетуі мүмкін» деген (Құпия шежіре). Қазіргі жебірейлердің, жебірей қызынан туғандардың бәрін жебірей деп есептеп бауырына тартып жүргендері сондықтан болып табылады. Шыңғыс атамыздың бұл өсиеттері өз мәнін қазақ халқы үшін мәңгі жоймақ емес.
Sherkeshbay
Бостан босқа салғыласқанша оқырмандарды Мұхамбеткәрім ағаның кітабындағы Шыңғыс қағанның өсиеттерімен таныстыра отырайын:
ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ ӨСИЕТТЕРІ

Бүкіл оқырман қауым біледі Шыңғыс қағанның көптеген өсиеттері мен «Көк дәптері» атты заңдар жинағы болғанын. Шетелдік «тарих жазғыштар» Сол заң жинағының бірде-бір бабын ауыздарына алмайды. Неге? Себебі, ол заңның бір бабының өзі-ақ, Шыңғыс қаған жайлы жазылған барлық өтіріктерді (жабайы, жауыз, баскесер, жаулаушы, әділетсіз, дүниеқоңыз, паракор т.т.) жоққа шығарар еді.
Ақиқатында, Шыңғыс қаған бүкіл әлемге ежелгі әлемдік тәртіптің қайта орнағанын мойындатып, қазақтың ішіндегі мыңдаған рулардың біреуін (Мұңал) ұлт ретінде қалыптастырды. Еуразия сахарасында бытырап жүрген көшпенді түркі тектес ру-тайпаларды (найман, керей, қоңырат, жалайыр, байұлы тағы да басқалар) қазіргі Қазақстан өңіріне әкеліп, осында бұрыннан өмір сүріп жатқан үйсін, қаңлы, алшын және қыпшақ сияқты туысқан түрік тайпаларымен бастарын біріктіріп, мәңгі туыстастырып, ежелгі қазақ ұлтын, оның ежелгі мемлекеттігін қайта қалпына келтіріп, тарихи атамекенін, атажұртын отарлық езгіден, бодандықтан құтқарды. Сонымен қатар көптен бері парсыланып кеткен Орта Азия халықтарына қазақ тілін қайта енгізді. Еуропада орыстардың басын біріктіріп, оларға 240 жыл билік жүргізу арқылы орыс мемлекетінің қалыптасуына алғышарттар әзірледі. Ұлы қытайды қайтадан біртұтастандырып, Юань (бұл есім Ман атамыздың атынан алынған. М-ан, Ю-ань) патшалығын құрып, Қытай елінде 600 жыл бойы тұрақтылықты қамтамасыз етті. Шамамен, 1286 жылдары алғашқы қағаз ақшаны Шыңғыс ханның немересі Құбылайдың шығарғанын және бүгінде жұрттың бәріне таныс қытай ақшасының атауы Шыңғыстың Юань әулетімен байланысты екенін көбіміздің біле бермейтініміз де анық. Шыңғыс қаған Шығыс пен Батыс өркениетінің алмасуына да кең жол ашты. Жарты әлемді бір тудың астына біріктіріп, қатаң тәртіп орнатып, елдер мен тайпалар арасындағы қырғиқабақ соғыстардың бәріне сан ғасырлар бойына тыйым салды. ЮНЕСКО-ның Шыңғыс бабамызды бүкіл әлем бойынша соңғы екі мыңжылдықтағы ең ұлы қолбасшы деп тануының басты себебі де осы болып табылады. Себебі, Шыңғыс бабамыз сияқты, әлемді жаулаған Александр Македонский (б.д.д. 356-323 ж.ж), Ақсақ Темір (1336-1405ж.ж.) сияқты қолбасшылар болды. Бірақ олар құрған мемлеткеттердің бірде-біреуі қазақ қағанаты сияқты ұзақ өмір сүрген жоқ, Олардың құрған мемлекеттері өздерімен бірге кетті. Осы жағдайды І.Есенберлин «Алтын Орда» атты тарихи романында былайша суреттеген: «Түнімен ішкен шараптың зақымынан ба, әлде жорық үстіндегі ойдың зардабы тиді ме, әйтеуір бүкіл Азияны билеймін деген, бірақ артында Шыңғыс хандай ұлы мемлекет қалдыра алмаған, өзі өлген күнінің ертеңіне балалары тағына таласып быт-шыт болған және жыл өтпей жатып-ақ кешегі өзі жаулап алған елдері, жерлері Мауараннахрға бағынбай өз беттерімен кеткен, ұлы жиһангер Әмір-Темір, енді үш құлаш жерге еніп, мәңгі-бақи тынышталды» (507 бет). Ал, Шыңғыс атамыз қазақ еліне не берді дегенге келсек, әлемде ол заманда да, күні бүгінде де еш теңдесі жоқ ұлы мәдениетті бұрынғыдан да бетер дамытып, бүткіл қазақ санасына мәңгі өшпестей етіп сіңірді.
Тарих тағлымы: Бүкіл ғаламды алсаңда, қаншама байлық жисаңда бәрі өзіңмен бірге кетеді. Артыңда өнегелі ісің мен ілім, өлмейтін сөзің, сөзің мен ісіңді өлтірмейтін саналы ұрпақ қалдыру барлық қазақ азаматының ең абыройлы парызы болып табылады. Бұл парызға соңғы екі мыңжылдықта Шыңғыс ханнан артық адал болған адам жоқ.
Шыңғыс хан қатал да, әділетті болды. Оның қарамағындағы бірде – бір адам өмір бойы оған сатқындық жасаған емес. Демек, атамыздың бар ойы, арман-мақсаты, атқарған іс-әрекеттері әрқашанда ел мүддесімен толықтай қабысып жатқан. Әйтпесе, Адайдың ақиық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы:
...«Бұрын да өткен жандар бар
Дәрежелі хандар бар,
Олар да кеткен байтақтан
Бұқара жұрты жай тапқан,
Дүйімбаян, Шыңғысхан –
Нәсілі нұрдан жаралған,
Халқына әділ қараған
Ауыз тимей парадан,
Пақыр-міскін, бай мен бек,
Жарлы, жалсыз, аз бен көп
Бәрін де бірдей санаған» деп жырламаған болар еді («Аманат» Алматы. 1996 115 бет). Билеушіге деген сатқындық, оның іс-әрекеттерінің ел мүддесінен алшақтағанын айғақтайды. Оның мырзалығы да елден ерекше. Әр түрлі діндерге де өте шыдамдылық көрсетті. Мысалы, Тынық мұхиттан Дунайға дейінгі ұлан байтақ кеңістіктегі бірде – бір елде дін аралық қақтығыстар болған емес. Ресейде Мұңал билігі кезінде орыс шіркеуі салықтан босатылған, сол сияқты салықты Қытайда дао монастыры да төлеген жоқ. Қысқасы, жер бетінде күні бүгінге дейін бірде – бір адамның әр түрлі елдер мен ұлттарға дәл Шыңғысхан бабамыздай 800 жыл бойы ұмытылмастай ықпалы болған емес. Әсіресе, қазақ халқына. Сол дәуірдің тілі де, мәдениеті де, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы да, биліктің дінге деген көзқарасы да, дипломатиясы да тіпті бәрі-бәрі де бізде толықтай сақталған. Мысалы, біздің өз еркімізбен ядролық қарудан бас тартып, бейбітшілікке ұмтылуымыз, дін аралық қақтығыстарды болдырмау шараларын алуымыз, елбасымыздың резиденциясының Ақ Орда деп аталып, Ел орданың (астанананың) ежелгі қазақ мемлекетінің орталығы болған Ұлытауға жақын арқаға орналасуы, Атыраудан шығатын ең бір беделді үн парақтың «Алтын Орда» деп аталуы, Маңғыстаудан шыққан тағы бір сондай үн парақтың «Үш Қиян» деп аталып, Шыңғыс қағанның Қиян деген атасының аты қойылуы, «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының «Ұшқыр жебе» деп Адайдың екінші таңбасының атын иемденуі т.б. болып жалғасып кете береді.
Ел аузынан және әртүрлі шығыс жазбаларынан теріп алынған Шыңғысхан бабамыздың төмендегі өсиеттерін қаперлеріңізге ұсынамын:

«97. Арақ-шараптан ақыл да, пайда да, абырой да, қайрымды мінез-құлық та, адамгершілік те күт пе!
Мүлде ішпейтін адам – нағыз қадырлы адам (Шыңғыс хан)» (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына» Алматы-2000 80 бет).

«1. Егер ұлдары әкесінің жолын қумаса, інілері ағасының сөзін тыңдамаса, күйеуінің әйеліне сенімі болмаса, әйелі күйеуін жүре тыңдаса, енелер келіндерін ұнатпаса, келіндер енесін құрмет тұтпаса, ұлы адамдар қорғансыздарға пана болмаса, пақырлар даналар сөзін ұқпаса, басшылар қызметкерлерінің жүрегіне жол таба алмаса, айналасындағы адамдарды өз соңына ерте алмаса, игілікті басқа жандардан мол игеріп байығандар басқалардың да баюына көмектесіп, қол ұшын бермесе, басқа халықтың әдет-ғұрпы мен заңына, ақыл-парасаты мен адамгершілігіне менмендікпен қараса, мемлекет тәртібін мойындамаса – ондай елде ұрылар мен суайттар, қылмыскерлер мен басқа да бұзық жолға түскендер өз Отанының басына қара түнек орнатады, басқаша айтқанда, ол елдің байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді; жылқылары мен табындарының тыныштығы бұзылады, жорыққа мінген аттары зорығып өледі; сөйтіп, бүкіл халық түкке тұрмайтын дәрменсіз бейшараға айналады.
Sherkeshbay
Сатыбалды Інім! М.Ермұханов Інім! Сіздер бұл жерге Шыңғыс хан жайлы тарихи тың деректермен пікір алмасуға шығуларыңыз керек еді. Сіздерде мұның бірі жоқ. Бұдан кімге қандай пайда бар. Осымен доғарғандарыңыз жөн болар?
Sherkeshbay
Сатыбалды Інім! Қазақ та «Ата» мен «Аға» және Інім дегеннен асқан Ұлықтау сөз жоқ қой. Сіз айтқан сөзді айтып та, тіпті ойлап көрмеппін.
Sherkeshbay
«ostapbender 1 сағат бұрын ↑ 0 Sherkeshbay, да мне насрать на твой язык! И на твой Чингиз хан я плевал!» Табанды бір елдің мемлекеттік тілін бұлай деп сөккеніңіз адамгершілікке жата ма? Менің Сіз сөйлеп отырған тілге олай деп айтпас едім.
Sherkeshbay
«Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай данышпанның құр аты да,
Адамның жүрегіне жігер берер! (Мағжан Жұмабай).

«Шатастырып тарихтан адастырған,
Күнаһар қанша ғасыр аласұрған.
Шатпақтап шындығымды шырылдатып,
Алыпты «Зұлым» ол деп шатастырған.
Не пәлені жаппады Шыңғысханға
Халқы үшін жан пида соғысқанда
Әлемде теңдесі жоқ қолбасшы ерен
Жаһанға жақсылық деп тырысқанда.
Қоймайсың тарихымды кейде тұсап
Жата ма қап түбінде алмас пышақ
Ашылды алтын белі ақиқаттың
Егемендік еліме құшақ жайып.
Таны елім Шыңғыстың кім екенін,
Байтақ дала сағымды кең екенін
Азаттық қойып жатыр өз орнына,
Кімнің ез, кімнің кенен ер екенін.
Теңдесі жоқ тарихта адамзаттың,
Ел перзенті Шыңғысым ғаламатсың,
Қайтарылды ұлтына заңғар тұлға,
Биіктеп түра берер ғажап атың.
Болмаса Шыңғыс бабам, сайын далам,
Айдында, ай аманда қайырлағам.
Тігіп кетті қағанның үлы туын,
Бар әлем басын иіп мойындаған.
Тарихымды түлеткен алып бабам,
Қыранымсың мәңгілік қалықтаған.
Көтерілді көгіме Шыңғыс туы,» (Айтмұхамбет ЕСІМҒАЛИҰЛЫ, ҚР журналистер одағының мүшесі).

Ал, Шыңғыс қағанның өзі елінің амандығын ойлап, ұрпағына мынадай сөз қалдырыпты:
«Құлаш бойымнан тұтамы қалса да,
Сен аман бол, Төре елім!
Тұла бойымнан қайратым кетсе де,
Сен аман бол, Ұлысым!».

«Алтын денем қажыса, қажысын,
Алып төрім уыстан кетпесін!
Тұла бойым шалдықса, шалдықсын,
Тұтас ұлысым шашылып кетпесін».