Жарияланымдар

SaZhaM
Иәәә, бүгін той… Тойдың соңы біздің жігіттердің батыстық дербидегі жеңісімен аяқталса, нұр үстіне нұр болар еді!
SaZhaM
Олееееее-оле-оле-олеее, АҚТӨБЕЕЕ — ЧЕМПИОООН!!!
Соңғы түзету:
SaZhaM
Еее, жарнама kerekinfoда да тамырын тереңге жайып бара жатыр десеңші…
SaZhaM
ken мырзаның жазғандарына толықтай қосыламын. Сонау 1997 жылдары алғашқы төлқұжат алатын кезде сыныбымызда ең бірінші болып орыстың жалғауынан өзім ғана арылып қоймай, сыныптастарымды да соған шақырып едім. Қыздар есімде жоқ, ал 13 ұлдың 12-сі келіскен болатын (біреуінің тегі Қарабалин еді). Орыс жалғауынан арылдық деп, несібемізден айырылған жоқпыз, шүкір.
...Ұлдарымның тегін әкемнің атымен (әрине, жалғаусыз) қойып, қыздарыма есімі мен түгеншеқызы деп жаздырып жатырмын.
Ресми жерлерде есімінің артына мырза, ханымды қосып айтса да болады, Мәке, Сәкеде де тұрған ештеңе жоқ. Ал Нығматуллиндікі аққұлақтарға деген жағымпаздық, басқа ұлт өкілдері алдында өзіміздің қазақ баласын жығып беріп отырған сатқындық (оңаша да айтуға болар еді ғой)!
Соңғы түзету:
SaZhaM
Сонда сен үшін «менімен» деген сөз бен «мені мен» деген сөз тіркестерінің мағынасы бір болғаны ғой… Алдымен роликтің авторы қате жіберген, сонан соң оны сен пысы қылып қайталап отырсың. «Маған және ата-анаңа шүкір ет» деп өзің жазғандай «Мені мен (немесе және) өзіңнің ата-анаңды құметте» деп жазылуы тиіс еді.
Сосын, не ғой, Құран Кәрім о бастан қазақша жазылмаған, ал қазақшаға сөздің парқына жете алмаған бір дүмше молда аударған болуы керек… Сондықтан көп сөз таластырмай-ақ қоялық, бауырым.
Соңғы түзету:
SaZhaM
Бәрін қойып, сол, ұрсысыыыып отырайық енді… Арыстың арланы бол, тарланы бол — бәрібір ролигің мен пысыңдағы «Менімен» деген жазу қате енді! Дегенмен, ролигіңді көріп бір риза болып қалдым!
SaZhaM
Не дейін? Артық кеткенімді мойындамасқа лаж жоқ… Шыны керек, адасып жүрген қазақ бауырларымызды көргенде жаным ашып, қаным қайнайды.
SaZhaM
Бірде біреу екіншісіне "өлең шығардым" деп, мақтанып жатыр екен. "Қандай өлең? Оқышы" — десе, әлгі «Көзімнің қарасы...» деп сайрай жөнеліпті. «Оу, мұны әлдеқашан Абай жазып кеткен ғой!» — «Ойбуу, солай ма?!» — дегендей, мен де аталмыш пікірдегідей өз ойымды білдіргелі отыр едім… Құрдасым алдымды орап кеткен екен! Алдекеее, дөп бастың ойымды!
SaZhaM
Пікірлеріңе қарап отырсам, малтасын езген анау Аһидің қасындағы шоқша сақалды сияқты біреу екенсің!
Жалпы, роликтің идеясы өте керемет! Ләғіп, дін деген осы екен деп, ата-анасынан, бауырларынан оқшауланып, жат халықтың дәстүрін дәріптеп қана қоймай, солардың сойылын соғып қуып жүргендер қаншама?!
Сосын, «Менімен» деген «Мені мен» деп бөлек жазылады…
SaZhaM
Сөзіңнің жаны бар. Тек француздарың аталмыш трионы квартет қылатыны анық.
SaZhaM
Мдааа, мына «жындылардың» ойынын жібермей қарау керек екен… мойындауға болады, шындығында…
SaZhaM
Бәрібр Ақтөбе жерінде ойқастап кеткен Өзіл бастаған немістер жеңеді!
SaZhaM
Не деген бұл… Бельгия?! Чемпиондыққа да ықтимал құрамалардың ішінде алғашқы үштікке іліккен, қызық екен…
SaZhaM
Ол түсінікті. Дегенмен, Италия мен Англияның орны еді негізі… Негізі рейтингтің де кейде қыртып кететіні жасырын емес.
SaZhaM
Қарап отырсам, ХХІ ғасыр бойына ынтымағы жарасқан дос боламыз деген көршілерімізге ешкім қолдау білдіргісі келмегені ме?