Жарияланымдар

Naz_Erke
жетсе мен де барлығы сияқты қуанамын! мен де қазақтың қызымын, алайда өз өзімізді осылай табалайтындар үшін назымды айттым.
Naz_Erke
әй, еріккен, аузын көпірген, бірін-бірі көре алмайтын қазақтарым-ай!(((қазақ десе, өзіңе тиеді, әттең! осы кинодағы Таймастың қылығын (Сартай екеуі бірге өсіп, бірге жаудан кек алуға ант берген ол, соңында осы өзіміздің өзімізді-өзіміз көре алмай, аяқтан шалып отырар, ең бір қанға сіңіп қалған қасиетіміз — көре алмаушылықтан, жанында келе жатқан досына оқ атты!) көріп кеше ашынған ем, мұнда сыншы-сымақ «партиоттарымыз» жиналып, біраз нәрсені айтып салыпты ғой. өз қазағыңды осылай басынан таптап жүрсең, қайдағы даму?!!!қазақ тілінде көргің келсе, сені ешкім де зорлап орыс тілінде көр деп қинамаған шығар… билет аларыңда, сұрап-біл! тек қазақ тілінде ғана көрсетер болса, өзі де мұндай патриотты, тарихи кинолар аз түсірілетін, қазақ кинематографтардың киноларын қазақ көрмей жатқанда, орысы, басқасы несіне көрмек. өзіңді ғана ойлай беруді қою керек сияқты, еліңнің өсіп-өнгенін, басқа елге танылғанын, осы жер шарында ҚАЗАҚ ұлтының бары, оның өз тарихы, өз мәдениеті бар екендігін танытқың келсе, неге ол кино басқа тілдерге аударылмасқа???қайдағы жоқ Борат арқылы масқара болғанымыз да бар, осындай режиссер, продюсерлеріміздің еңбектері арқылы шын ҚАЗАҚ кім екенін неге көрсетпеске!
бір орында отырып алып, көтерілейік, «бармай-ақ қояйық, басқаны да барғызбайық» деген өтірік ұрандарыңызға сауатты, саналы адам пысқарғаны бар!