Атың шықпаса жер өрте дегенді ұстанатындарды көргенде… ай, ай, сөзім жоқ менің… Шамасы барымташыл қазақтың сойылын орынымен қолданса аюға да намаз үйрететінін естен шығармаған абзал болар. Шүкіршілік етейік, мастанып, марқайып, кеудемізді керіп, тәккәппарланбайық, ағайын! Бұл күйге жете алмаған, жете алмай жүрген жандардың бар екенін ескерейік, айналамызға қарап, шүкіршілік етейік.
Күн көрсетпейтіндей ешкімнен озбырлық көргенім жоқ, ол бір. Екінші, ондай-мұндай "қасқырсымақтардын" ауызына түсіп, алқымында қалатын жағдайда емес шығармын деп үміттенемін. Менің міндетім турасын айтып, мүмкін болғанша білгеніммен бөлісіп, білмегенімді үйрену. Қалғандарының өті жарылып, қағанағы қарыс айырылатын болса да айтарым осы… Түсінігі барлар түсінер, сөз ұқпайтындарға өкпем жоқ.
"Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың",- деп қапаланған Абай мен бабаларымыздың қиған жаны мен төккен тері, көрген азабы мен жұмсаған қажыр-қайраты текке кетпесе жарар еді…
Өз өмірің өзіңе. Қайда, қалай өскеніңде шаруам жоқ. Әділдік көрсем, пәтуалы сөз естісем, талпынған қанат көрсем, қуанған ата-ана мен бауы-достарды көрсем, иманды ортада иманды ұрпақ тәрбиелесем, Жәннатқа жақындарыммен кірсем болғаны. Не қалайсың, не айтасың, кіммен алысып, кімге айтасың, оны қадағалау менің міндетіме жатпайды
Ғайбат сөз айтпа, бауырым. Ақыретте берер жауабың бар ма, немесе қылған тәубең бар ма? Қарапайым адам болсаңшы, тілің мен жағыңа сүйенбей.
Мына сайттан оқұырсың керегіңдіhttp://muftyat.kz/
Рақмет. Мен ешкімнің біліміне шек келтірмеймін, ешкім ешкімнен артық емес. Тек әділдік болса, жастарға үлгі болса деймін. Кейбіреулердің Қыйсық сойылы жаңа қанат қағып келе жатқандарды қанап кетпесе деймін…
Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың",- деп қапаланған Абай мен бабаларымыздың қиған жаны мен төккен тері, көрген азабы мен жұмсаған қажыр-қайраты текке кетпесе жарар еді…
Мына сайттан оқұырсың керегіңдіhttp://muftyat.kz/