Астаналықтардың э-әкімдігі бар

Астанада өткен Блогшылар кездесуіне баруымның жол қаражатын өтеуге AGT компаниясы көмектесті. Негізі баспасөз мәслихатына шақырған.
Астана қаласының әкімдігі электронды әкімдік жобасын іске қосып, соған қатысты баспасөз мәслихатын өткізеді екен. Маған соған барып, қатысып келуді ұсынды. “ Билетті бір күн ертерек алсаңдар барайын” деп едім. Келісе кетті.
Сөйтіп дүйсенбіде астаналық блогшылармен кездесіп, бүгін баспасөз мәслихатына қатыстым. Жаңа пойызда отырып, мына бір видеоны әзірлеп едім.

пысы. Beeline USB модемін ала салғаным жақсы болды. Қарағандыға тоқтағанда youtube-қа демде жарялады.
пысысы: Өркеннен “ блатной жазбаларды” жазу бойынша арнайы дәріс аламын ғой деймін :)

Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/02/08/%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d1%8d-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96%d0%b3%d1%96-%d0%b1%d0%b0%d1%80/
Әрі қарай

Астана блогшылары. Алғашқы кездесу

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының “аттанына” салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз
. Жиналдық. Кеше “қағаз толғатып, кәзет туатын” күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. “Алматыдан Асхатарнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..” деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, “Шербеттің” ұзын үстелінің қос қапталын

шылғи блогшылар “басып алыпты”. Араларынан әзер дегенде адам сиярлық орын таптым Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесуОң-солыма мойын созып қоямын, алдымда “Қазақтелекомнан”, ақпараттық жүйелер дирекциясынан Ержан Нүсіпбеков деген ағамыз, төр басына қарай Парламент депутаттарының арасындағы жалғыз “штук” блогшымыз Мұрат Әбенов отыр екен. Одан бергісі, өзіміздің Бекжан Толыбай, Ерлан Оспан, Аршат Оразов, Айжаннұр туған сіңлісі Айсұлумен, Фазылбек Әбсаттарұлы (“Жас қазақ үні” газетінің бас редакторының орынбасары), Виктория (Қарақыз), ерлі-зайыптылар Нұрғиса Асылбек пен Кәмшат Тасболат, Рауан Сәбитұлы (“Сақшы” газетінің бас редакторы), Рахат Жақсыбайұлы (КZ жобасы), Әйгерім (Dabai.kz), әрине, өзіміздің Өрімтал болды. Бетіме бөрткен шығардай ұялатын жерім – мен танымайтын, танысқанмен қазір аты-жөнін ұмытып тұрған 5-6 қыз жігіт болды (кешіре гөріңіздер). Әрине, Дәруішөлгеннің “01-ші” демократы Амангелді Құрметұлы (“Тамшы”), “Алаш айнасындағы” Бүркіт Нұрасыл (“Ақиық”), Салтан Сәкендердің (“Жүрек сөзі”) қатыса алмағаны қабырға майыстырды. Қайтесіз енді… Мұрат Есжан (“Тұспал сөз”) Алматыда, Серік Мұратхан (“Көкжал”) Токиода, білесіздер. Жарайды, жиырма ауыз тәтті шай мен пиццадан ала отырып, қырық құлақ Асхаттың блогкэмп форматын түсіндіргеніне қарай түріліп, тыңдады. “Кімнен кейін кім сөйлейді”, “КИМЭП-тің әжетханасы қайда?”, “кофе-брейкте көк шалап беріле ме?” деген сұрақтар миымызда туып үлгермей жатып, жауабын беріп тастады. “Кім, кім?” Асхат! Очм, Ұлыстың ұлы күніне қарай болатын құрылтайымыз сайлаудың қарсаныңдағы перфоманс, я саяси-діни ұрандар айтылып, ұрыс-ушудан жарысатын жер емес екенін жеткізді. Бұл жай ғана блогшылардың бас қосып, презентациялары арқылы пікір алмасып, білгенімен бөлісетін жиыны. Артық ештене тілемеңіз де, күтпеңіз де…
Әрі қарай

Dabaileaks-5: Астана

Dabaileaks дегеннің не екенін Wikileaks жобасын естігендер білетін болар. Енді не себепті ол dabai болды десек, dabai.kz сайтының белсенді мүшелері мен қазақ блогшылары бірігіп Алматы қаласында 19-20 наурыз күндері BlogCamp: Блог құрылтай өткізбек ниетте. Осы шараның жұмыстарын үйлестіру барысы көпшілікке ашық болу мақсатында dabaileaks деген тақырыппен жазбалар жарияланып жатыр.

Осы аптада Астанаға жолым түсіп, (жол қаражатына жәрдемдескен AGT-Қазақстан компаниясына көп рахмет) ондағы блогшылармен кездестік. Үйіне қонақ қылып, осы жазбаны жазу үшін интернетімен бөліскен Ерлан Оспан ағамызға да алғыс айта кеткенім орынды болар.

Алматылық блогшылардың сенбілік кездесулері дәстүрлі болса, астаналық блогшылар алғаш рет бір-бірін жүзбе жүз көрген екен. Төмендегі видеодан кездесудің бір үзіндісін ғана көре аласыз.

Әрі қарай

Астаналық блогшылар, аттан!

“ Аттан” деп атқа қонатындай төтенше жағдай туып тұрған жоқ. Тек “ блогшылардың бабасы” дейтін Асхат Еркімбай бұйыртса, Астанада бір күн болады. Ол бір күні, ертең емес, арғы күннің ертеңі, общым7 ақпанда біздің қалада болады деседі “ Дабайликс” ақпарат агенттігі. Соған қарсы жиналсақ, бас қосып,Блогкэмптің форматын түсіндіріп берсе деп отырған ойымыз бар. Өзі де сол мақсатпен келемін деп кеше түсімде аян беріпті.
Әрі қарай

Жұмыртқадан кім жаралды?


Астанада жүріп, Азиаданың ашылу салтанатына бара алмадым. Билет алғанымен, басы ауырып, амалы қалмай, ақыры қалып қойған адамдай айттым-ау :-)Қайтемін, спортқа қызықпаймын. Бірақ, Азиаданың ашылуында журналистпін дегенге нетбуктан шүлен таратынын білгенде, шауып барар едім. Сүйіп тыңдайтын Лара Фабианның сахнаға шығарын білгенде, жетіп барар едім. Әзіл ғой, әңгіме сол теликтен телміріп көрген айшықты, алау-жалау көріністердің көңілімнен шыққанында болып тұр.
Бұл турасында Тотыдан бастап Айкоға дейін тәптіштеп жазды ғой…. қосарым – безендіру, жарық түсіру, арнайы әсер, декорация жағынан анау-мынау Олимпиаданның ашылуынан кем түскен жоқ. Режиссер Сеченов та бір жарым жыл бойы бізде тегін жүрмепті. Қазақтың тамырын қазбалап, әу бастағы тарихымызға үңілуге тырысты, әй… Оғыз батыр мен Қарлығаш, жібек қауырсындардан пайда болған Ұлы Жібек жолы, Тайқазан, киіз үй, Алтын адам (кәментшілер оны комикстегі “ Темір адаммен” шатастырып, қанды ішті), арба дөңгелегі, Бәйтерек (“ Аватардағы” әулие ағаштан аумай қалған), бәрін-бәрін қамтығандай болды. “Қазағым, Қазақстаным” үшін мақтаныш сезімі маздап, шыт майкамды айыруға шақ қалғанда, бір көрініс настройымды быт-шыт қылды. Әлгі жұмыртқаның аспаннан салбырап келе жатқан сәті ше?… Мм, сол тұс сценарий бойынша солай болды ма, әлде “ как всегда” кәментшілер қуып кетті ме, “ бұл жұмыртқа тәріздес дүниеден, жо-жоқ жұмыртқадан қазір Тәңір туады” деп сүйінші сұрай бастады. Тусын ал деп мен отырмын. Жұмыртқаның ішіндегі қуыршақты (бала ғой) сақалы беліне жеткен ақсақал қолына іліп алды.
Әрі қарай

Мола салудағы "мода"

Өлаа, не сұмдық мынау?
(Аққыз)
Біздің редакциядаЖанар Елдосқызы деген “жынды” журналист бар. Қорықпаңыз, жүйке дәрігерінде жеке кәртішкесі жоқ.“Ана тілінде” жүргенде,Шоқан Уәлихановтың сотыбыйын тауып алып, сұхбат алған (ретроспективалық), қызтекелердің ортасында болып, бет қызартатын мақала жазған. “Айқай”, “Шапалақ” секілді сериялы материалдардың аффторы жақында “өлілер аулына” барып, өріктей мақала жазып келді.



Әрі қарай

Хоккейге бардым


Өткен демалыс күндері (жұма, жексенбі) хоккейге бардым, астаналық «Барыстың» ойындарына. Бірінші ойында Татарстанның Нижнекамск қаласының Нефтехимигімен ал кеше татарлардың және жалпы КХЛдың мықты командаларының бірі «Акбарспен» ойнады. Екі ойын екі түрлі болды. Бірінші ойын қызықсыз және көрермендер қолдауы аз болғанымен, кешегі ойын атышулы «Акбарспен» болғасын ба өте қызықты болды. Нағыз шоу болды. Алғашқы ойынды 1-2 есебімен жеңілген «Барыс», «Акбарспен» 2-2 тең ойнады, 5 минуттық овертаймда да жеңімпаз анықталмағасын, ойын соңында буллит болды. Буллитте «Акбарс» жеңіп кетті.
Әрі қарай

Фильм: Астана - ғашықтар мекенi



Түпнұсқа атауы: Астана — ғашықтар мекенi
Шыққан жылы: 2008
Жанр: Мелодрама, Драма
Режиссер: Данияр Саламат, Кенжебек Шайқақов
Рөлдерде: Мәлік Әбдіраманов, Жалынбек Ақан, Аша Матай, т.б.

Суреттеме:
Олар екеу еді. Дос еді. Сыныптас-тын. Өмірдің қалтарыс-бұлтарысы мен тағдырдың сан тарау жолдарына түсіп, бағғытары бұлталақтап, бірде қиысып, бірде ажырағанғұмыр кешіп жатады.
Әдемі шаһар – Астананың бір-біріне кереғар қос түкпірінде екеуі екі әлемді басып жүргендейөтін…
Мектеп бітіргендеріне бес жыл толған той олардың тірлігін тіпті шиырлап жіберді.
Махаббат сезімі бірдей шарпыған екі достың достыққа деген адалдағы сынға түседі. Қазіргі уақыттағы әке мен бала тақырыбы ашық көрсетіледі.

Мемлекет: Қазақстан
Ұзақтығы: 01:20:21

Файл:
Формат: Avi
Сапасы: DVDRip
Видео: кодек: XviD, кадр өлшемі: 512 x 288, битрейт: 1200 кб/с
Аудио: тілі: қазақша, аударма: аудармасыз, кодек: AC3, битрейт: 128 кб/с

Жүктеп алу:
files.gameworld.kz
Әрі қарай