Асқар Базарбай: Бодибилдинг жарнамаға зәру емес
Гастаны блогшыларға таныстырудың қажеті жоқ шығар. «Нұр Астана» газетінің кезекті санында оны оқырмандарымызға таныстырудың сәті түсті. Сұхбат төменде.– Блогосфераға қалай келдің?
— Студенттік кезімде мұғалімдердің кеңесімен ағылшын тілінде күнделік жүргізетінмін. Кейде қазақша, кейде орысша жазып кетіп жүрдім. Сонау 2005-ші жылдары орыс блогосферасында күнделік жүргізе бастадым, онда өзімнің қалалық тіршілігімді, оқыған білгеніме көзқарастарымды жазып, жеке өмірімдегі өзгерістерімді баяндайтынмын. Бейтаныс адамдарға сыр ақтару оңай ғой. Оның үстіне орыс блогосферасы сол кездегі қазақ сайттарына қарағанда еркіндеу болатын. Қызықсыз, құнсыз сандырақ жазсаң, тезектен алып, қиға салып, тақияңды теріс кигізіп жіберетін (тап қазіргі Керекинфо сияқты). Ақыл сұрасаң барымен бөлісетін. Ал қазіргі қазақ блогосферасына әлдеқайда кешірек келдім. Бір кездері атышулы бейресми solai.de – сайты болатын. Оның мықты тұсы мейілінше либералды форумы болатын. Талай блогерлерге сынақ ортасы мен шынығу майданына арналған форум менің де содан кейінгі баяндау стиліме үлкен ықпалын тигізді.


Еліміздің ең үздік сомдалушыларының (бодибилдерлерінің) бірі Дәурен Жансеитов жайлы бұрыннан көбірек білгім келетін. Тек атлет ретінде ғана емес, жалпы тұлға ретінде де қандай екені маған қызық болатын. Өзімен танысып, әңгімелесіп, сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алудың сәті жуырда ғана түсті. Уәде еткенімдей, жеті бетке созылған сұхбатымыздың қысқартылған версиясын назарларыңа ұсынамын.